Главная » Файлы » Наш музыкальный зал |
[ Скачать с сервера (14.4 Kb) ] | 2012-02-01, 9:26 AM |
№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру кешені Байтолыкова Б.С. Сазды іс-шараның аты: «Әуенді тап!» Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау (және балалардың түрлі әуендерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қолданылған көрнекіліктер: Сазды ойынға арналған оқушылар ұпайын анықтайтын әр топқа арналған,топ аты көрсетілген ноталық стант үлгісі, түрлі түсті ноталар, сазды аспаптар (фортепиано,домбра), техникалық құралдар (музыкалық орталық, микрофон, түрлі түсті жарықтар) тағы басқалар Ұйымдастыру кезеңі: Қауым сыныпқа саз әуенімен енгізіледі, үш топқа арналған орындар даярланған, фанфар сазы қойылып жүргізуші көрінеді. Сазды ойын барысы: -Қош келдіңіздер құрметті қауым, аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар, ән сүйер ойыншылар! «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем әнмен тәтті күй. Жүрекке түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй!»,-деп Ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін өте сүйетін шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі бұл музыкалық ойынымызға үш топ қатынасады; - «Домбыра» тобы - «Қобыз» тобы -«Сыбызғы» тобы -Бұл топтардың өз эмблема,топтық ұрандары және ұпайлық нота жинау жүйесі бар. Ендеше топтарға сөз кезегін берейік. «Домбыра» тобы : «Ойынға келді топ «Домбыра», Әнге құмар жандар дара. Қолпашта бізді уа, халайық! Ойнап біздер қуантайық». «Қобыз» тобы: «Қобыз» тобы тамаша, Салады әнді жаңаша. Ойынымен таңқалдырар, Ойыншылар жараса» «Сыбызғы» тобы: «Сыбызғы» тобы ерекше Тапқырлығы өзгеше. Байқаңдар топтар біздерден, Әуеншілер біздер ерекше». -Мінекей құрметті ән сүйер қауым біздің топтар өздерін таныстырып өтті,ал енді бүгінгі біздің ойынымызды сараптайтын,түрлі әуендерді бізге сыйлайтын, ойыншы-әуеншілеріміздің ұпай-нотасын тағайындайтын біздің қонағымыз «М у з ы к а а р у ы н» зор қошеметпен қарсы алайық.. (Саз әуенімен сиқырлы таяқшасымен жылтыршалар сеуіп саз аруы сыныпқа енеді.) «Армысыздар қонақтар, Армысыздар жас достар. Әуенге құмар шеберлер, Армысыздар әуеншілер. Келді міне «Саз аруы» Сыйлап сізге саз-думанды Түрлі түсті ноталарым, Қызық қылсын саз ойынды» -Қошемет құрметті саз сүйер қауым! Саз ару өз орнына жайғасса, мен музыкалық ойынның шартын түсіндіріп өтейін; - Ойын аяулы әуенқұмар ойыншылар төрт бөлімді сайыстан тұрады: 1. «Балғын шақ әуендері» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар бала-бақша, мектеп қабырғасында үйренген, естіген қазақша, орысша тағы басқа тілдегі әуен-әндерді тауып, ұпай-ноталарға иеленеді. 2. «Тыңда! Радио!»деп аталады, мұнда әуеншілер радиоқабылдағыш арналарынан естіген қазақша, орысша, тағы басқа тілдегі әуен-әндерді табады. 3. «Жұлдыздар дауысы» деп аталады мұнда да біздің қызба ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген қазақ және әлем әншілерінің дауысын ажыратып, әнші немесе топ аттарын тауып айтып беруі қажет. 4. «Күй- шежіре» деп аталады, мұнда әр үш топқа арнайы уақыт беріліп, жеке -жеке тыңдаған күйдің түрлерін ойыншылар тобымен ақылдасып, қандай күйдің түрі екенін айтулары қажет. - Ал енді ойынымызды бастайық, біздің саз аруы даярлап әкелген әр сайыс әуендерін табайық. (Әуендерді аспапта ойнап немесе минустық үлгіде үнтаспа, дискілерден беруге болады.) Бірінші «Балғын шақ әуендері» сайысын бастаймыз. Сайысқа арналған әндер тобы: 1. «Отан» әні 2. «Балақан» әні 3. «Біз өмірдің гүліміз!» әні 4. «Ана» әні 5. «Улыбка» әні 6. «Бала тілегі» әні 7. «Қуыршағым» әні 8. «Голубой вагон» әні 9. «Әрқашан күн сөнбесін» әні 10. «Чунга-чанга» әні 11. «Ұстазым» әні 12. «Буратино» әні 13. «Туған жер» әні 14. «Все отлично» әні 15. «Анашым» әні 16. «Облака» әні 17. «Мұғалім ол біздің!» әні 18. «Настоящий друг» әні 19. «Жас дәуірдің түлегіміз!» әні 20. «Ортеке» әні 21. «Так уж получилось» әні 22. «Біздің ән» әні 23. «Мектеп полькасы» әні 24. «Песня Крокодила Гены» әні 25. «Айгөлек» әні -Мінекей осымен бірінші этап әндерінің шеруі аяқталды, саз аруы сыйлаған ноталар-ұпайына көз салуларыңызға болады. Ал енді екінші сайысымыз «Тыңда!Радио!» қандай әуендерді сыйлайды екен, қабыл алайық. Шеберлікпен тауып, тіпті орындап та жіберейік! (Әуендер минустық үлгіде үнтаспа, дискілерден беріледі) 1. «Қазақстан Республикасының әнұраны» 2. «Ана туралы жыр» әні 3. «Қазақ елі» әні 4. «Детство» әні 5. «Балапаным» әні 6. «Маленькая страна» әні 7. «Ағажан» әні 8. «Үшқоңыр» әні 9. «Жан гүлім» әні 10. «Гимн SuperStar kz» 11. «Той» әні 12. «Жаңа жыл» әні 13. «Наурыз-думан» әні 14. «Звезда» әні 15. «Қыздар-ай» әні 16. «Осенний блюз» әні 17. «Аңсағаным» әні 18. «Ханшайым» әні 19. «В лесу родилась елочка» әні 20. «Қарлығаш» әні 21. «Аяулым» әні 22. «Мам-Мария» әні 23. «Жандосым» әні 24. «Маралдым» әні 25. «Синий-иний» әні -Қанекей біздің ойыншыларымызға зор қошемет, өйткені екінші сайыс аяқталып біз үшінші сайысқа көшеміз. Енді біздің сайыскерлеріміз әлем жұлдыздарын білеме екен, қанекей соны анықтайық. Сонымен « Жұлдыздар дауысы » сайысы басталды. 1. Батырхан Шүкеев «Отан-Ана» әні 2. Роза Рымбаева «Әлия» әні 3. Дервиши «Тойнамэ» әні 4. Алтынай Жорабаева «Саржайлауым» әні 5. Игорь Николаев «Поздравляю» әні 6. Қарақат Әбділдина «Асыл әже» әні 7. Бритни Спирс «Love is» әні 8. Бәйтерек тобы «Сен» әні 9. Бақыт Шадаева «Астана» әні 10. Жанар Айжанова «Достарым» әні 11. Андрей Губин «Облака» 12. АБК тобы «Тамшылар» әні 13. Ingrid «Meihav» 2y3 14. Орда тобы «Кеш мені» әні 15. Мадина Садуақасова «Сарбаздарым» әні 16. Гр.Блестящие «Ча-ча-ча» әні 17. Муз АРТ тобы «Шынарым» әні 18. Ақбота Керімбекова «Аппақ гүлдер» әні 19. Катя Лель «Осень» әні 20. Фарида Жолдасова «Бала кезім» әні 21. Юрий Шатунов «Детство» әні 22. Alisee «La Is La Bonita» әні 23. Мақпал Жүнісова «Бәрінен де сен сұлу» әні 24. Марат Омаров «Анашым» әні 25. Graig David «Balking Away» әні -Үлкен рахмет құрметті ойыншылар сендер әлем жұлдыздарын дауысынан танитындықтарыңды көрсеттіңдер енді сендерді соңғы сайыс «Күй-шежіре» күтіп тұр, мұнда саз аруы күйдің үш түрін әр топқа жеке ұсынады. Ойналған күйді күйшінің ойнау техникасы, тыңдау арқылы «төкпе», «төре», «шертпе» түрлерін ұйымдаса, ақылдаса ажыратуларың қажет . Өздерің байқағандай әр топтың атауы күйді ойнайтын негізгі қазақтың үш аспабымен берілген, ендеше қабыл алайық. Бірінші күй «Домбыра» тобына ұсынылады; 1. Құрманғазы «Сарыарқа» күйі Екінші күй «Қобыз» тобына ұсынылады; 2 Дәулеткерей «Қосалқа» күйі Үшінші күй «Сыбызғы» тобына ұсынылады ; 3. Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» күйі -Қошемет құрметті қауым өйткені «Әуенді тап!» музыкалық ойыны осыменен аяқталды. Біздің қонағымыз саз аруы енді әр топтың жинаған ноталық-ұпай санын санап жеңімпаз топты анықтайды. Сонымен құрметті ойыншылар көрермендер сазды ойынымыз тәмамдалды. Түрлі саз туындысын сыйлаған саз аруына зор алғысымызды білдіреміз, қошеметпен шығарып саламыз. «Ақылың болса ән тыңда..» деген халық нақылы айтқандай әнге деген құмарлықтарыңыз ешқашан өшпесін құрметті қауым. Келесі сазды кеште кездескенше сау саләматта болыңыздар! (Әр топқа 1, 2, 3 премиялы жеңіс грамоталары сыйлықтар табыс етіледі, кішігірім сазды фейерверк болады) | |
Просмотров: 8537 | Загрузок: 416 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|