Главная » Файлы » Наш музыкальный зал |
2012-12-05, 4:25 PM | |
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» Үрлемелі, тілшікті аспаптар. Сабақтың мақсаты мен міндеттері: 1.Білімділік: әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түрлілігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру; 2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ән айту, аспаптарда ойнау қабілеттерін арттыру; 3. Тәрбиелік: халық аспаптарын ұлтымыздың мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: интерактивті тақта, қазақтың ұлттық аспаптары. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2.Дауыска жаттығулар жасау. 3. Ән орындау: «Қасиетті домбыра». ІІ. Жаңа сабақ жоспары: 1. «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» 2. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев шығармашылығы. 3. Үрлемелі,тілшікті аспаптар. Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Белгілі композитор академик А.Қ.Жұбанов: «Халық аспастарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр » деген еді. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата –бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б.Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 –ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды. Б.Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөлді: Бүгінгі сабағымызда үрмелі,тілшікті аспаптарға тоқталамыз. Үрлемелі аспаптар: сыбызғы,сазсырнай,мүйіз сырнай,үскірік, тастауық,ұран. Тілшікті аспап: шаң қобыз. Сыбызғы. Сыбызғы- қурайдан, ағаш, мыстан, кейде жезден жасалатын көне үрлемелі музыкалық аспап.Шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады.Үш жағынан сәндік үшін, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып , шеберлікпен өңделеді. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып- жабылады. Сыбызғыны қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс болып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтайтын болған. Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері- саз сырнай, үскірік және тастауық. Бұл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қыйлы болып келеді.Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Мұндай аспаптардың бәрі де ысқырып ойналатын флейтаның тобына жатады. Саз сырнай жасау үшін- қоймалжың балшықты арнайы жасалған қалыптың сыртынан қаптап қатқан соң екіге бөліп алып ,ол бөліктерді қайта біріктіреді де кепкеннен соң ойықтар ояды. Ойықтардың саусақпен басуға ыңғайлы болуы үшін аспаптың оңтайлы ұсталатын болуы да ескеріледі. Үрлеуге арналған ойық екі еріннің аралығынан оң жақтан келетіндей етіп және орта тұстан сәл солға қарай қыйыстап ойылады. Мүйіз сырнай – мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады. Саздан жасалған тағы бір музыкалық аспап - үскірік. Үскіріктің үнін құстың дауысына немесе басқа да түрлі дыбыстарға ұқсас шығарған және халық әндерін орындаған. Үскірік жасау үшін- арнайы саздан үшбұршты етіп екі жапырақша істеп , оларды кептірмей арасынан қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бұрыштың оң жағынан үрлейтін ойық теседі. Екінші бұрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді. Тастауық аспабын да саздан жасаған. Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше, тауыққа немесе балапанға ұқсайды. Бұл аспаптардың бір-біріне ұқсастығы дыбысталу және ойнау тәсілдерінде. Окарина тектес аспаптарда музыканттар көкек, тауқұдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың дауысына салып ойнаған. Тастауықтың өзгеше тембрі, ашық та жағымды үні бар. Ұран- үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Оны жауынгерлер көп пайдаланған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш – үштен тесігі бар . Тілшелі шаңқобыз. Шаңқобыз- Бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады.Шаңқобыз тек металдан ғана жасалмаған, жұқа ағаш тақтайшадан жасалған, ішінде жіңішке тілшесі бар шаңқобыздар да болған. Шаңқобыздың құрылысы күрделі емес. Оның көлемін әртүрлі етіп жасаған. Ол екі жақ ұшы сүйірленген, ортасында жіңішке тілі бар лираға ұқсайды. Тілшенің ұшы тік бұрыштала иілген, ол тілшені шалып тербеліске келтіруге арналған. Тілшенің екінші ұшы жиекке бекітілген. Тілшенің тербелуіне ештеңе бөгет жасамауға тиіс. Ойнау кезінде ауыздың екі ұрты резонатор қызыметін атқарып, дыбысты күшейтеді. Аспапты ойнағанда сол қолдың бас бармағы, сұқ саусақ пен ортаңғы саусағы аспапты ұстап тұрады. Қалған екі саусақ жартылай бүгіледі де ортаңғы саусаққа тақалады. Алақан жартылай жұмылып қуыс жасайды, ол қуысқа аспаптың дыбысы шоғырланады да соның нәтижесінде дыбыс кұшейеді.Дыбыстың күші ойнау кезінде ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Арадағы қуыс неғүрлым тарлау болса, тілшеге бағытталған ауа толқыны соғұрлым көбірек шоғырланады, демек , дыбыс соғұрлым күшті шығады.Аспаптың тамылжыған үні көбінесе тілшенің еркін тербелуіне және оған бағытталған ауаның шоғырлану дәрежесіне байланысты. Ол сонымен қатар ауыз қуысындағы резонаторлық кеңістікке де тәуелді. Егер мұндай кеңістік тым шағын болса, аспаптың дауысы анық шыққанымен күшті болмайды. Бүгінде бұл аспаптар тек қана мұражайда сақтаулы ғана емес, музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. ІІІ. Музыка тыңдау: 1.Сармалай «Нар идірген». 2. Бабалар сазы «Көроғлы». 3. Қарақат Әбділдина «Бүлдірген». ІҮ. Жаңа сабақты бекіту: Ой толғау: Ұлттың аспаптардың астында жасырынған әнді тап? Әр аспаптың астанда әріп сұрақтарымен жасырылған дұрыс жауабын тапса бүгінгі үйренетін әннің аты шығады. 1.Октава дегеніміз не? 2. “Ақсақ құлан” кімнің күйі? 3. Қашаған ақынның Қолымдағы қу ағаш өлеңін жатқа айтып бер. 4.Қорқыт ата қобыз аспабын қалай жасады? Қобызым әнін орындау. 5. Асанқайғының күйлерін ата? 6. Мына әуен қай аспапта орындалды?Ұрмалы аспаптарды ата. 7. Қарақат Әбділдина қандай аспаптың сүйемелдеуімен ән орындап отыр.Шертпелі аспаптарды ата. Жаңа ән үйрену: Т. Қоңыратбаева «Біздің оркестр». 1) Әнді тыңдау. 2) Фраза бойынша үйрету. 3) Қолымыздағы аспаптарды әнге қосып орындату. 7. Біздің оркестр.Сыныптан оркестр құру: Дәулеткерей «Қос алқа». Қорытынды: Семантикалык картамен жұмыс. ҮІІ. Бағалау. Ұлы жазушы М.Әуезов «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп сабағымызды Е. Хасанғалиевтың Атамеке әнімен аяқтаймыз. ҮІІІ. Үйге: 1) Т.Қоңыратбаева «Біздің оркестр» әнін жаттау 2) Үрлемелі,тілшікті аспаптардың суретін салу. 3) Ұлттық аспаптар туралы аңыздар жинау. | |
Просмотров: 8225 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|