Главная » Файлы » Наш музыкальный зал |
2014-06-21, 11:17 AM | |
Сабақтың тақырыбы: Музыка – халықтың рухани қазынасы Мақсаты: «Музыка – халықтың рухани қазынасы» - тақырыбы аясында әңгіме құру. Міндеттері: 1) «Музыка – халықтың рухани қазынасы» - туралы түсінік беру, «Ақсақ құлан» күйін тыңдау 2) Оқушылардың халық музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін , өнерді құрметтеуге ,пәнге деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу; 3 ) Оқушылардың аңыз-күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау, тыңдау,қиялдау, жатқа айту, ойлау, өз жұмысын дұрыс бағалауын дамыту. Түрі: инновациялық сабақ Әдіс-тәсілдері: Рефлексия, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану. Көрнекілігі: Презентация, «Ақсақ құлан»аңыз-күйінің видеосы, күйтабақ, саз аспаптары, плакат, маркер, стикер, Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай интерактив тақтамен жұмыс жасап, музыкалық-теориялық білімі қалыптасады. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Ой ашар 3. Ой толғаныс 4. Ән айту. 5. Ой қозғау. 6. Үйге тапсыррма беру 7. Рефлексия I. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2. Сыныпты 1,2,3,санау бойынша3- топқа бөлу. 3)Психологиялық дайындық (Қуаныш шеңбері)(4 минут) II. Ой ашар 1.Үй тапсырмасын (интерактивті тақта) топпен жарыстыру арқылы сұрау. Домбыра аспабы құрылысы туралы қысқаша айту . (оқушылар аспаптарда ойнап көрсету)(5-минут) 2. ( Сабақ тақырыбын жаздырту ) Презентация бойынша «Музыка – халықтың рухани қазынасы» - тақырыбы аясында түсінік беру. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. 3.Сұрақ-жауап: А) Өткен сабақтарда қандай күйлер естеріңде қалды? Ә) Ол күйлерді тыңдаған кезде көз алдарына не елестеттіңдер?Қандай әсер алдыңдар? Бүгін біз «Ақсақ құлан» деп аталатын аңыз-күймен танысамыз. IІІ Ой толғаныс ( музыка тыңдау ) 1. «Ақсақ құлан» күйін видео арқылы көру, тыңдау.(1:13) Күй қандай аспапта ойналды? Бұл күйдің басты кейіпкерлері кімдер? Күйшіні ажалдан арашалап қалған не?(домбырамен орындалған күй) Осы арқылы күйдің құдіретін тыңдап көрдік. 2. ДЖИКСО әдісі бойынша 3-топқа тапсырма беру:кейіпкерлерін сипаттау 1-топ – Сюжетті суреттерді ретімен орналастыру; 2-топ - Венн диаграммасы (хан және күйші) 3-топ - Төрт жол өлең құрастыру (шығармашылық жұмыс) Күйдің құдіреті .....................................................шауып, (Кең далада құландар жүрді шауып, ) .....................................................атып, (Келді бала садақпен оны атып, ) .....................................................өлтіреді, (Жауызды ызаланған құлан өлтіреді) .....................................................жеткізеді.(Бұл хабарды домбырамен күйші жеткізеді) ( Топ мүшелері өздерінің жауаптары туралы пікірлерімен бөліседі). 20 минут) ІV.Ой қозғау. Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (Проблемалық сұрақ) “Әңгімедегі бақытсыз жан” V.Ән айту. Дауысқа арналған жаттығулар орындау(D-dur); Қазақтың халық әні «Елім-ай» қайталау. (5-минут) Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725 ) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. 1-топ - І шумақ, 2-топ – ІІ шумақ, 3-топ – ІІІ шумақ. Ой қорыту: Неліктен музыканы халықтың рухани қазынасы дейді? VI.Үй тапсырмасын беру: Оқулықтың 21-23 беттерін оқып, мазмұндау. VII. Рефлексия толтыру. -Нені үйрендік? -Неге үйрендік? -Қалай үйрендік? (3-минут) Бағалау (3-минут) | |
Просмотров: 1967 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|