Главная » Файлы » Наш музыкальный зал |
2017-01-24, 5:49 AM | |
Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны «Жезкент балалар музыка мектебі» Бородулиха ББ.ШҚО Лекция – концерт "Шертпе күйшілік мектебі" Дайындаған Какибаева Г.Ә. п. Жезкент 2016 ж. Шертпе күйшілік мектебі. Шертпе күй аты айтылып тұрғандай шертіліп ойналатын күй, мұндағы сөздің түбірі шерту етістігі,музыкалықсөздікке кейіннен енген атау. Кейбір зерттеулердегі шер сөзінен шыққан, іштегі шерді қозғайтын куй деген анықтаманың көңілге қонуы қиын, төкпе болсын , шертпе болсын, қазақта шер қозғамайтын күй бар ма ? Қысқасы, шертпе – тарту техникасы көбінесе бір ішекті саумалай шерту әдісіне құралған күйлер. Мінезіне келсек – жалпы ұлттық күйшілік дәстүрге ортақ қареккеттің барлық белгілері бар, біржақты жуас деу жаңсақ ұғым, себебі – шертпе мектебінен шыққан екпіні төкпеге барабар күйлер толып жатыр. Сондықтан шертпе күйінің табиғатын танудың амалы аймақтық мектептерін анықтау. Қазақтың тамаша күйшілік мектептерін орнықтырып кеткен ұлы күйшілердің шығармашылығын барлағанда – әуені мен тартысына қарап , қай өлкенің тумасы екенін анықтауға әбден болады, өйткені, ғасырлар бойы қалыптпсқан белгілі бір сарындар тобы сол топырақтың ғана меншікті мақымына айналып кеткен, күй қай аймақта , қай уақытта туса да, қазақтың құлағы оны жазбай танитыны содан. Әрбір аймақтың тілінде, киімінде , қолөнері мен тұтынатын заттарын да сол жерді мекендеген елдің қауымдық ерекшелігіне тән айырмашылықтар болптынын этнографтар да жоққа шығармайды, алайда, бұл факторлардың ұлт мұрасының тұтасына нұқсаны жоқ , керісінше, мәдениетіміздің байлығы мен байтақтығы болып саналады. Қазақ тарихын түркі заманнан бастап зерттеген орыс ғұламасы - Л.Н. Гумилев шығыс өркениетінің Алтай жерінен бастау алғанын жазады, қазіргі кезенге дейін жетіп отырган алтайлық әндер мен күйлерді тындағанда олардың көне түркілік сазға құрылғанын анғару оңай. Музыкалық ғалым танушы П. Шегебаев бұл мектептуралы мынандай пікір айтады Шығыс аймақта дамыған аспаптық үлгі қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Мұны тарихи тағдыры бір түркі – манғол халықтарынан қалған мәдениет деп тануға әбден болады. Аспаптық шығармаларының обертонға бай, тенбірлік бояуларының қою , қоңыр болатыны соның әсерінен.Шертпе өнерінің белді өкілі- Байжігіттің күйлерінен тек Шығыс өлке емес, қазақтың барлық күй мектептеріне ортақ қайырымдарды кездестіруге болады. Қазіргі шертпе күй мектептерінің қалыптасуының басы – қасиетті Алтай жерінен бастау алады деген тұжырым. Қазақтың шертпе күйлерінің аймақтық ұяларын былайша тарқатуға болады: 1. Шығыс Қазақстандық(Алтай – Тарбағатай) күйшілік мектеп. 2. Арқа күйшілік мектебі 3. Жетісу күйшілік мектебі 4. Қаратау күйшілік мектебі. Жеке тұлғалардың орындаушылық мектептері 1. Байжігіт мектебі 2. Тәттімбет мектебі 3. Қожеке мектебі 4. Сүгір мектебі Шығыс Қазақстандық шертпе күй мектебіне Байжігіт күйші жатады.Байжігіт шамамен 1705 жылы туған.Руы – Абақ Керей ішінде Жастабан. Жастабан бір жағы Тарбағатайдың сыртын , бір жағы шығыстың бауырын жайлаған. Ол кезде Байжігіт Бердаулетұлы Жәнібек батырды сағалаған деседі.Күйшінің өмірі негізінен қазіргі Шұбартау ауданының шегіндегі Бақанас Балқібек, Көксала өзендерінің бойнда өткен. Шығыс Қазақстан күйшілік , домбырашылық дәтүрінің, жалпы қазақ күй өнерінің шертпе күй саласының дамуына көркейуіне мұрындық болған күйші. Ел аңызы Абылайхан заманында өмір сүрген Байжігіт 300 күй шығарған дейді. Заманында Күй иесі Байжігіт , Күй атасы – Бәжең, күй перісі атанған. Байжігіт өзіне дейінгі күйшілік, домбырашылық өнердің озық қасиеттерін бойына сіңіре отырып, оны жаңа белеске котерген бірегей тұлға. Артынан мол мұра қалдырган өнер иесі Байжігіттің тәлім алған ұстаздарының бірі - Сарынияз төре деген күйші адам екен. Байжігіт 13-14 жас шамасында киіз үйдің сыртында отырып, іштегі отырған сол кезде елге атақты Сарынияз күй тартысқа түседі. Өзімен күй тартысқа түсіп отырған күйшінің орындаушылығына риза болып сыртқа шықса, жап- жас бала екендігін көріп қайран қалады.Осыдан бастап Сарынияз Байжігітті шәкірт қылып домбырашылық өнердің барлық құпия сырына қанықтырыпты. 1.Кәзір тындайтындарыңыз Байжігіттің күйі «Ерке атан» орындайтын ЖММ оқытушысы Гульнур Кабыкеновна. 2.Ендігі тындайтындарыныз қазіргі уақытта Тарбагатай күйшілік мектебін жалғастырып келе жатқан Қасен Абуғазының күйі «Жалғыз аққу» Орындайтын мектебіміздің 4 сынып оқушысы Өміртай Қуандық. 3.Осы кездегі Шығыс Қазақстан шертпе күйінің бірі Кенжебай Алдекеновтың «Анама» күйін орындайтын 4 сынып оқушысы Төртбай Дильназ. Арқа күйшілік мектебінің негізін қалаушы Тәттінбет Қазанғапұлы. 1815 жылы Қарағанды обылысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туган. Бул жер қазіргі Абай атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжар деп аталатын қыстау. Қызылжар қыстауын Мөшеке деп те атайды.Мөшеке Тәттімбеттің үлкен атасы.Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп , 1860 жылы дүние салған.Тәттімбет Қазанғапұлының 40- тан аса күйі бар Сарыөзен, Қосбасар Былқылдақ Сылқылдақ Азамат Бозайғыр т.б қазақ мәдениетінің үлкен бір бөлігі.Тәттімбет күйлерін осы заманға жеткізіп , насихаттаушы кәсіби – домбырашылар Ә.Хасенов, М. Хамзин, У.Бекенов. Казір тындайтындарыныз Тәттімбеттің күйі «Табалдырық Қосбасар» орындайтын 2 сынып оқушысы Серикова Дильназ. 3.Жетісу күйшілік мектебін насихаттаушы Қожеке Назарұлы.Ол Жетісу жерінің ең шұрайлы жері Карқаралыда дүниеге келген . 4.Қаратау күшілік мектебіне Сүгір Алиұлы жатады.Сүгір Алиұлы 1882 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы Созақ ауданында дүниеге келген. Ықыластың шәкірті. Жастайынан ел арасында домбырашы Сүгір атанды. Сүгірдің Телқоңыр, Майдақоңыр, Шалқыма, Қаратау шерітпесі, Аққу Бесжорға, т.б күйлері бар. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар теріс бұрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған . Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйіне ұқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра унін қобыз уніне жақындатып , Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Оның күйлерін насихаттаушылар Ж. Қаламбаев, Т.Момбеков. 1. Ендігі тыңдайтындарыныз Бейсенова Ботагөздің орындауында Сүгірдің «Шалқыма» күйі. 2. Бейсенова Тоғжанның орындауында Сүгірдің «Қаратау шерітпесі»күйі. 3. Маханова Жамилянын орындауында Сүгірдің « Аңшының зары » күйі Жәнеде қазіргі заман шертпе күйлерін тынданыздар Дәулетпек Алішердің орындауында Қадір Досымжановтың «Шәкірт Абай» күйі. Осымен концертіміз аяқталды келесі кездескенше. Қолданған әдебиеттер: 1.А.Тоқтаған, Г. Ұлтарахова, М. Әбуғазы. Сүгір «Қаратау шертпесі» Алматы 2006. 2.А. Тоқтаған, М .Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005. 3.А. Сейдімбек «Қазақ күй өнері» Астана «Күлтегін» 2002. | |
Просмотров: 1213 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|