Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Наши презентации

Қазақ тілі біліміне үлес қосқан ғалымдар. Қысқарған сөздер.
[ Скачать с сервера (319.5 Kb) · Скачать удаленно () ] 2012-12-06, 8:24 PM
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілі біліміне үлес қосқан ғалымдар.
Қысқарған сөздер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылардың қазақ тілін зерттеген ғалымдар туралы білімдерін қорытындылай отырып, құрмалас сөйлем туралы білімдерін, түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: грамматикалық сөздік қорын дамыту, өз бетінше орындауға үйрету, берілген тапсырмаларды жүйелі орындауды қадағалау.
Тәрбиелік: Қазақ тілін құрметтеп, сүюге, ғылым жолына түсуге талпыныс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың өту формалары: Жекелей, жалпы сынып бойынша.

Сабақтың әдістері: ынталандыру ( білімге ,жағдай тудыру, сендіру, талап қою), іздену, оқу танымдық әрекеттерді ұйымдастыру ( сөз өрнегі, өздігінен оқушыларды жұмыс істету)
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте «Құрмалас сөйлем» Қазақ тілін зерттеген ғалымдардың суреттері, еңбектері.
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу, балаларды түгендеу.
• Үй жұмысын тексеру, бағалау.

№ Ғалымның ата – жөні Өмір сүрген жылдары Шығармашылық еңбектері
1 Василии Васильевич Радлов
Белгілі түрколог, шығысты зерттеуші ғалым 1837 - 1918 Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері ( 11 томдық )
Түрік тілінің сөздігі ( 4 томдық )
Сібір, Алтай, Қырым,Түркістан халықтарының әдеби мұраларын жинаған.
2 Василий Владимирович
Бартольд
Академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі. Белгілі тарихшы. 1869 - 1930 Шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі. « Жетісу тарихының шежіресі » еңбегін жазған. Орталық Азия мен орта Азия тарихын зерттеген.
3 Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев
Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі түколог, филалогия ғылымының докторы, профессор 1910 - 1958 Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі. Жоғарғы оқу орындарында сабақ берді. Оқулықтар жазды. Олар «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың ролі», «Қазақ тілінің жасалуы», «Қазіргі қазақ тілінде диалектілер», «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы».
4 Ғұбайдолла Айдаров
Ғалым, филология ғылымының докторы 1921 ж туған 250-ден астам еңбегі бар. Олар түркі жазба ескерткіштеріне арналған. Жоғары оқу орында сабақ береді. Оқулықтар жазды. 10 монография мен оқулық көне түркі ескерткіштерінің тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

• Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат
Аникина Анна – В.В. Радлов туралы мағлұмат
Сапиев Мұрат – В.В. Бартольд туралы мағлұмат
Безянова Анастасия – Н.Т. Сауранбаев туралы мағлұмат
Мұхамбетов Ерлан - Ғ. Айдаров туралы мағлұмат

• Кестемен жұмыс
- Құрмалас сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз ?
- Құрмалас сөйлем құрамына қарай неше түрі бар ?

Құрмалас сөйлем
/ | \
салалас сабақтас аралас

• Мәтінмен жұмыс ( ой – қозғау, оқушылардың пікірін тыңдау )
Жер бетіне сары ала жапырақтарын төгіп, қоңыр күзде келіп жетті. Тамыздан кейін сыңғырлаған қоңырауын соғып, балаларды оқу-білімге шақырып, қыркүйек есікті қақты. Қыркүйек – бұл молшылықтың айы, береке бастауы. Бұл айда жаз бойы тыныштық құшағында тербеліп жатқан дала гүрілдеген мотор даусынан оянып, еңбек әуеніне бөленеді. Қыркүйекте дала төсін ән тербейді. Ол астық әні.
• Сөздікпен жұмыс (берілген сөздерден сөз тікестерін құрастыру)
Зерттеуші – исследователь
Негізін салушы – основоположник
Көрнекті өкілі – видный представитель
Мұра – наследие
Жетекшілік етті – руководил
Ғылыми – зерттеу – научное исследование
Саяси - әлеуметтік – социально – политическое
Зерттеуші ғалым, шығыстану ғылымы, түркі тілінің негізін салушы, Түркологияның көрнекті өкілі, үлкен мұра қалдырды, жұмысына жетекшілік етті, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді, саяси - әлеуметтік мәселелер.
• Сөйлемге синтаксистік талдау жасау
1884 Ресей Ғылым академиясына мүшелікке сайланды да, түркі тілдерінің аса көрнекті маманы, білімпазы атанды.
Бартольд – ірі ғалым, ол шығыс халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеген.
1932 жылдан бастап ол жоғарғы оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.
Ғалым Ғ. Айдаров 250 – ден астам еңбектерін жазып, оны түркі жазба ескерткіштеріне арнаған.

• Фонетикалық талдау: түркі, ғалым, сабақ, еңбек.
Түрік 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.
Т – дауыссыз, қатаң
Ү – дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік
Р – дауыссыз, үнді
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
К – дауыссыз, қатаң

Ғалым – 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.
Ғ – дауыссыз, ұяң
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
Л – дауыссыз, үнді
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
М – дауыссыз, үнді

Сабақ - 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.
С – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
Б – дауыссыз, ұяң
А - дауысты, жуан, ашық, езулік
Қ – дауыссыз қатаң

Еңбек - 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.
Е – дауысты, жіңішке,ашық, езулік
Ң – дауыссыз, үнді
Б - дауыссыз, ұяң
Е - дауысты, жіңішке,ашық, езулік
К - дауыссыз, қатаң

Тест сұрақтарына жауап беру
1. Сызбаны толықтырындар
Құрмалас сөйлем
/ | \
? ? ?

2. Н. Сауранбаев нешінші жастан бастап жоғарғы оқу орындарында сабақ берген ?
А) 1938 Ә) 1932 Б) 1928

3. « Қазақ тілінің жасалуы туралы » дейтін еңбектің авторы кім ?
А) В.В. Бартольд Ә) Ғ. Айдаров Б) Н. Сауранбаев

4. Сөйлемді дұрыс құраңдар
1 2 3 4
Бар, еңбегі 250 – ден астам Ғ. Айдаровтың

5. В.В. Радлов нешінші жылы туған ?
А) 1837 Ә) 1840 Б) 1910

6. Он бір томдық « Түркі тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері » еңбегінің авторы.
А) В.В. Бартольд Ә) Н. Сауранбаев Б) В.В. Радлов

7. В.В. Бартольд қай жердің тарихын зерттеген ?
А) Алтай Ә) Орталық Азия мен Орта Азия Б) Қырым

8. Н. Т. Сауранбаев кім ?
А) Шығысты зерттеуші ғалым
Ә) Әйгілі тарихшы академик
Б) Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор

9. 250 – ден астам ғылыми – зерттеу еңбек жазған ғалым ?
А) Ғ. Айдаров Ә) Н.Т. Сауранбаев Б) В.В. Радлов

10. Мақал – мәтелдің жалғасын тап
Ғылым - …, білім - …,

• Қорыту сәті ( мұғалімнің сөзі )
Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, ажарлауға, әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді. Осы жолда ол өзінің ойын, күшін, қуатын сары етеді де, өмірді өз тағынан құлатпайды. Дүниеде нені арман етсең де, іздемей қолыңа түспейді. Керегіңді іздеу жолында жалықпа да тарықпа. Сондықтан да балалар келешекте азамат, азаматша болып, өмірдегі қоғамда өз орныңды табуға талпын. Жетістіктерге жет, жас ұрпақ.
• Бағалау
• Үйге тапсырма: « Қазақ тілін зерттеген ғалымдар » ой толғау жазу.


Батыс Қазакстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный 1 ОЖББМ
Қазак тілі мен әдебиеті орыс мектебінде мұғалімі
Муканова Гулсайра Нурмахамбетовна
Категория: Наши презентации | Добавил: Kairat
Просмотров: 5383 | Загрузок: 1004 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 12:45 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru