Главная » Файлы » Наши презентации |
[ Скачать с сервера (1.28 Mb) ] | 2013-02-11, 11:28 AM |
Калиева Асемгуль Нурлыханкызы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "№18 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ 8 сынып Ашык сабақ жоспары Пәні: химия сабағы Сабақ тақырыбы: «Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі.» Сабақ мақсаты: Негіздердің құрамы, гидроксид, валенттік ұғымдары, физикалық қасиеттері, индикаторға әсері, негіздердің қышқылмен әрекеттесуі жайлы білімді одан әрі дамыту. Сабақ жоспары: 1. Пысықтау сұрақ Не білеміз? 2. Жаңа тақырыпты ашу. Не білгіміз келеді? 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Тәжірибе көрсету 5. Бекіту 6. Есеп шығару 7. Үйге тапсырма беру Пысықтау сұрақтары: Не білеміз? Бүгінгі сабақты бастамас бұрын Не білеміз ? Не білгім келеді ? Не үйрендік? –деген сұрақтарға жауап іздейміз. Біз «Су.Ерітінді.Негіздер» деген тарауды бастаған болатымбыз. Ендеше, Не білеміз? деген сұраққа жауап іздейік. 1. Адам денесінің неше пайызын су құрайды және тәулігіне неше литр су ішу керек? ( 60-70%, және 2 литр су ішу керек) 2. Жер қыртысының қанша бөлігін су алып жатыр? ( 70 % н/е ¾ бөлігін құрайды) 3. Судың құрамында қандай қоспалар бар ? ( еритін, ерімейтін) 4. Суды қоспалардан тазартудың бірнеше әдістері бар, соларды атайықшы? 1.хауызға тұндыру → сүзу→хлорлау 2.аргон-сынап лампаларын пайдаланады, олар ультракүлгін сәулелерін өткізедіжәне микроорганизмдерді өлтіреді 3.жасанды шайырлар-иониттер қолданады. 4.дистилденген су арқылы 5. Ерітінділер дегеніміз не? ( еріткішпен еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті жүйе) 6. Судың химиялық формуласы, с.а.м. неше? ( , Мr = 18 ) 7. Судың физикалық қасиетіне сипаттама бер? ( түссіз,иіссіз, дәмі жоқ, үш түрлі агрегаттық күйде болады қатты, сұйық , газ, 100 °С қайнайды, 0° С қатады) 8. Судың тығыздығы? ( ρ = 1 г/см- сұйық күйде, ρ = 0,92 г/см-қатты күйде) Жаңа тақырыпты ашу Не білгім келеді? Бүгін сендер сабақта Не білгім келеді? деген сұраққа бүгін үйренетін, яғни өтетін тақырыптарыңды ашатын боласыңдар. Ол үшін тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз. 1. Таза су электр тогын қалай өткізеді? (нашар) 2. Еріткіш пен еріген зат бөлгектерінен тұратын біртекті жүйе? ( ерітінді) 3. Судың агрегаттық күйінің бір түрі (газ) 4. Судың құрамында еритін қоспа болады және қандай қоспа болады?(ерімейтін) 5. Суды тазарту қондырғысында тұндыру үшін бірінші қайда құйады?(хауыз) 6. Дәріханаларда қандай тазартылған су сатылады? (дистилденген) 7. Судың химиялық формуласында қандай элемент кездеседі? (сутек н/е оттек) 8. Суды толық зарарсыздандыру үшін суға қандай элемент қосады? (хлор) 9. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сендер өткен сабақта судың химиялық қасиетін оқығанда негіздермен таныстыңдар. Негізді алу үшін не істейміз. Әрине 1. Металға +суды = негіз+сутек газы 2 Na + 2 → 2 NaOH + ↑ Ca + 2 + ↑ 2Al +6 + ↑ Негіздер дегеніміз – құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен қатар металл атомы кіретін күрделі заттар. Негіздер формуласын атағанда металл атауын , жақша ішіне валенттігін рим сандарымен көрсетіледі, одан соң гидроксид деген сөз қосылады. Негіздер суда ерігіштігіне байланысты суда еритін(сілті) және суда ерімейтін болып бөлінеді. Барлық сілтілер: ақ түсті қатты заттар, суда ерігенде сабын сияқты болып білінеді. Олар матаны, теріні, қағазды күйдіреді.Сондықтан да олар күйдіргіш сілтілер деп аталады. Күйдіргіш сілтілермен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Негіздер ↙ ↘ Суда еритін (сілтілер) суда ерімейтін Суда еріген сілтілер индикаторлардың түсін өзгертеді.Индикаторлардың көмекгімен ортаның қышқылдығымен сілтілігін ғана емес, бейтараптығын да анықтауға болады. Тәжірибе көрсету 1. Металл + су = сілті + сутек газы 2 Na + 2 → 2 NaOH + ↑ 2. Сілті мен қышқыл ерітінділерінің әсерінен индикаторлар түсінің өзгеруін көрсету. Бекіту: 1. Негіздер дегеніміз не? 2. Негіздердің химиялық формулаларымен атауларын сәйкестендір. 3. Үшіншісі артық 4. Мыны оксидтерге сәйкес гидроксид формулаларын жаз? 5. Реакция теңдеуін аяқта Есеп шығару. 1. Массасы 100 г массалық үлесі 11% ерітіндіге қанша тұз, қанша су құйдық. 2. 80г суға 25 г тұз қостық , массалық үлесін есепте 3. 500 г ерітіндінің массалық үлесі 20% ерітіндіге қанша су, қанша тұз салдық. Үйге тапсырма : § 42 есеп №3, 5,6 | |
Просмотров: 1613 | Загрузок: 527 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|