Главная » Файлы » Наши презентации |
2015-12-07, 2:39 PM | |
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі : Кисекова Гульнар Наймановна Қазақ тілі 9- сынып Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер Сабақтың ұраны : Үй жұмысын қайталау С 1.Қыркүйек айында қандай мерекелер бар? 2.Сендер ана тілдерінен басқа қандай тіл білесіндер? 3.Тілді жақсы білу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? 4.”Тілге құрмет- елге құрмет” тақырыбы бойынша кімнің қанатты атаулы сөзін жатқа білесіңдер? Жаңа сөздермен танысу Көркем тіл - әдеби тіл – художестенный язык Үлгі - нұсқа - образец Оқиға – жағдай- болған іс – обстоятельство Бейнеленеді – суреттеледі – көрсетіледі – изображается Көзқарас - өзіндік ой пікір – взгляд Ежелгі дәуір - өткен кезең – древняя эпоха Шеберлік – іскерлік – білгірлік – мастерство Дамыған – жетілген – развивалось Атақты – белгілі – әйгілі – знаменитый Жырау – жыршы – ақын адам - певец Айыптап – кінәләп – обвинить Қорғап – болысып – жақтап – көмектесіп - защищать Ерлік – батылдық – батырлық – героизм Ерекше – арнайы – особенно Қадірлейтін – қастерлейтін – сыйлайтын - уважаемый Мәтінді мәнерлер оқу ,аудару Шешендік өнер Шешендік сөздер- көркем тілмен айтылған тапқыр ойдың, нақыл сөздердің жиынтығы. Онда халықтың басынан кешкен оқиғалары, ақыл- ойы, арман- тілегі бейнеленеді, дүниеге көзқарасы көрінеді. Шешендік сөз ежелгі дәуірде жеке адамдардың сөйлеу шеберлігі арқасында дамыған. Атақты шешендер Демосфен, Цицерон сияқты қазақтың да белгілі жыраулары , ақындары мен шешендері болған. Олар халық алдында сөз сөйлеп, үлкен мәселерді шешкен. Даулы жағдайларға араласып, айыптап немесе қорғап сөз сөйлеген. Олар халықты ерлікке, елдікке, бірлікке шақырып, түйінді, маңызды да мағыналы қорытындылар жасаған. Қазақ халқының ерекше қадірлейтін шешендері Жиренше, Майқы би, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Досбол және т.б. болған Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру 1. Шешендік сөздер деген не ? 2.Онда не бейнеленген? 3. Шешендік сөз қалай дамыған? 4.Шешендер халықты неге шақырған? 5.Қазақ халқының қадірлі шешендері кімдер ? Тапсырма Мәтін бойынша жоспар құрастыру Тест 1.Шешендік сөздерге не жатады? а) эпостар ә) мазмұндамалар б) нақыл сөздер жиынтығы 2. Шешендік сөздерде не көрінеді ? а) өткен өмірі ә) ақыл- ойы, оқиғалары,дүниеге көзқарасы б) келер шағы 3. Шешендік адам деген кім? а) сөзге жүйрік, ділмар, тапқыр адам ә) ән жазатын адам б) шығарма жазатын адам 4. Демосфен , Цицерон деген адамдар кім ? а) ғалымдар ә) ағартушылар б) жыраулар, ақындар, шешендер 5.Қазақ халқының атақты, қадірлі шешендері кім болған? а) Жиренше, Майқы би,Асан қайғы,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би ә)Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин б) Роза Бағланова, Күләш Байсеиітова, Шәмші Қалдаяқов Кілті 1. б 2. ә 3. а 4. б 5. а Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс6- тапсырма. 51 бет. Өлеңді 3 минутта есте сақтап , жатқа айту Туған тілім - бабам тілі — өз тілім ! Туған тілім — анам тілі — өз тілім ! Туған тілім — далам тілі — өз тілім, Туған тілім — адам тілі — өз тілім ! Оқулықпен жұмыс7- тапсырма. 51 бетте. «Шешендік өнер» мәтіндегі қара түспен боялған сөйлем сабақтастың қай түріне жатады? Сөйлемге синтаксистік талдау жасау Олар халықты ерлікке, елдікке, бірлікке шақырып, түйінді, маңызды да мағыналы қорытындылар жасаған. Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау - 49 бет. 4- тапсырма - 50 бет Рефлексия | |
Просмотров: 1149 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|