АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ № 14
Күні:17.11.2009 ж
Топ: ХМ и КП – 201
Пәні: Тамақ өндірісінің технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Аниондарың аналитикалық классификациясы
Сабақтың түрі: Лекция, тәжірибе жүргізу, есеп шығару.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: ТСО – диапроектор, компьютер, пробиркасы бар штатив, күміс нитраты, барий хлориді, сульфат, сульфит, сульфид, карбонат, хлорид, иодид, бромид аниондары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға аниондардың классификациясымен және оларды анықтау әдістерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа және химия пініне деген қызығушылығын арттыру.
Дамутышылық: Оқушыларға бірінші және екінші топ аниондарының химиялық анықтау әдістерімен таныстыру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Топты ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасаып, түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру:
Тақырыбы: Катиондардың классификациясы. Төртінші топ катиондары.
Сұрақтары:
1.Катиондардың классификациясы.
2.Бірінші топ катиондары
3.Екінші топ катиондары, топтық реагенті. (реакция теңдеуі)
4.Үшінші топ катиондары. (реакция теңдеуі)
5.Төртінші топ катиондары. (реакция теңдеуі)
6.Күміс топшасы. (реакция теңдеуі)
7.Мыс топшасы. (реакция теңдеуі)
Жаңа тақырыпты түісіндіру:
Аниондардың аналитикалық классификациясы.
Жоспары:
1. Аниондардың классификациясы
2. Бірінші топ аниондары
3. Екінші топ аниондары
1. Кесте №1 «Аниондардың классификациясы»
Топ Топтың сипаттамасы Аниондар
Бірінші топ Бейтарап немесе әлсіз сілтілі ортада барий хлориді ВаСl2 SO42-, SO3 2-, СO3 2-, РO4 3-, SiO3 2-
Екінші топ Күміс нитраты AgNO3 Сl-, Вг-, I-, S2-
Үшінші топ Топтық реагенті жоқ NO3-, NO2-, CH3COO-
2. Бірінші топ аниондары
Бірінші топ аниондарына: сульфат ионы - SO4 2-, сульфит ионы - SO32-, корбонат ионы - СO32-, фосфат ионы - РO43-, силикат ионы - SiO3 2- жатады.
Топтық реагенті: барий хлориді (ВаСl2)
SO4 2- ионын анықтау
ВаСl2 + Na2SO4 ® BaSO4 ¯ + 2NaС1
Ва2+ + 2Cl - + 2Na+ +SO4 2- ® BaSO4 ¯ + 2Na+ + 2Cl –
Ва2+ + SO4 2- ® BaSO4 ¯
СO3 2- ионын анықтау
ВаСl2 + Na2СO3 ® BaСO3 ¯ + 2NaС1
Ва2+ + 2Cl - + 2Na+ +СO3 2- ® BaСO3 ¯ + 2Na+ + 2Cl –
Ва2+ + СO32- ® BaСO3 ¯
РO4 3- ионын анықтау
3ВаСl2 + 2Na3РO4 ® Ba3 (РO4)2 ¯ + 6NaС1
3Ва2+ + 6Cl - + 6Na+ +2РO4 3- ® Ba3(РO4)2 ¯ + 6Na+ + 6Cl –
3Ва2+ + 2РO4 3- ® Ba3(РO4)2 ¯
SiO3 2- ионын анықтау
ВаСl2 + Na2 SiO3 ® BaSiO3 ¯ + 2NaС1
Ва2+ + 2Cl - + 2Na+ +SiO3 2- ® BaSiO3 ¯ + 2Na+ + 2Cl –
Ва2+ + SiO 32- ® BaSiO3 ¯
3. Екінші топ аниондары
Екінші топ аниондарына: хлорид ионы - Сl-, бромид ионы - Вг-, иодид ионы - I-, сульфид ионы - S2-
Топтық реагенті: Күміс нитраты (AgNO3)
Сl- ионын анықтау
AgNO3 + NaCl ® AgCl ¯ + NaNO3
Ag+ + NO3 - + Na+ + Cl- ® AgCl ¯ + Na+ + NO3-
Ag+ + Cl- ® AgCl ¯
Вг- ионын анықтау
AgNO3 + NaВг ® AgВг ¯ + NaNO3
Ag+ + NO3 - + Na+ + Вг- ® Ag Вг ¯ + Na+ + NO3-
Ag+ + Вг - ® Ag Вг ¯
I- ионын анықтау
AgNO3 + NaI ® AgI ¯ + NaNO3
Ag+ + NO3 - + Na+ + I - ® AgI ¯ + Na+ + NO3-
Ag+ + I - ® AgI ¯
S2- ионын анықтау
2AgNO3 + Na2 S ® Ag2S ¯ + 2NaNO3
2Ag+ + 2NO3 - + 2Na+ + S2- ® Ag2S ¯ + 2Na+ + 2NO3-
Ag+ + S2- ® Ag2S ¯
Бекіту:
1.Аниондардың классификациясы
2.Бірінші топ аниондары, топтық реагенті.
3.Екінші топ аниондары, топтық реагенті.
4.Үшінші топ аниондары.
Есеп. Массасы 5,4 г күмісті концентрлі азот қышқылында ерітті. Алынған ерітіндіге натрий бромиді ерітіндісінің артық мөлшері құйылды. Түзілген тұнбаның массасын тап.
Үй тапсырмасы:
1. «Аниондардың аналитикалық классификациясы» тақырыбы бойынша конспект оқып келу.
2. Есеп. Массасы 11,2 г темірді 6,4 г күкіртпен қыздырғанда, алынған өнімге тұз қышқылының артық мөлшері құйылды. Бөлінген газ мыс (II) сульфаты ерітіндісінен өткізілді. Түзілген тұнбаның массасын тап.
Негізгі әдебиет:
1. Шапиро С.А., Шапиро М.А. «Аналитическая химия,Москва, «Высшая школа», 1979 г.
2. Жванко Ю.Н., Панкратова Г.В., Момедова З.И. «Аналитическая химия и технологический контроль в общественном питании», Москва, «Высшая школа», 1980 г.
Қосымша әдебиет:
1. Крешков А.П., Ярославская А.А. « Курс аналитической химии», Москва, «Химия», 1975 г.
2. Воскресенский А.Г.,Солодкин И.С., «Практическое руководство по качественному полумакроанализу», Москва, «Просвещение», 1972 г.
3. Васильев В.П., «Сборник вопросов и задач по аналитической химии», Москва, 1976 г.
Оқытушы: Алтаева Асель Мырзагалиевна
|