Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

Жас мамандар нені ескеруі керек?
[ Скачать с сервера (33.5 Kb) ] 2012-03-05, 10:22 AM
Жас мамандар нені ескеруі керек?

“...өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу әр адамға зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол болмақшы”

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп - білуге, адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға, өз таңдаған мамандықтарына ие болуға мүмкіндік береді.
Мамандық дегеніміз – қоғамға қажетті адамның рухани және физикалық күшін пайдаланып, оның жұмсаған еңбегінің орнына өмір сүруі мен даму мүмкіндіктеріне керекті нәрсені алу.
Кәсіп – арнайы мамандық дайындығы үрдісінде алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенімен қаруланған адамның еңбек қызметінің түрі. Кәсіп мамандықтарға бөлінеді. Қызмет –адамға жүктелген міндеттердің жиынтығы.
Әлемде мыңдаған мамандықтар бар. Мамандықтар әлемі құбылмалы. Адамдар өздері мамандықтарды ойлап табады, біріктіреді, бөледі және ескірген мамандықтарды жойып отырады. Мамандық таңдау шынымен қиын. Ол үшін өзің туралы азда болса білуің қажет, өз қызығушылығыңды және қабілеттілігіңді, сонымен қатар мамандықтар әлемін оның мүмкіндігімен сұранысын білуің керек.
Әр түрлі мамандықты игерудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ қандай да бір мамандық болмасын, оны өз дәрежесінде игеруі үшін әр адам өз ісіне беріліп, зор ықылас және қабілеттілікпен орындауда ғана рухани нәр алып, татымды нәтижеге ие болады.

Қандай да бір мамандықтың шебері болу кездейсоқ нәрсе емес, ол жеке адамның ішкі жан дүниесімен мамандыққа деген әуестігін, жан-тәнімен сүйсінуін қажет етеді.
Жас мамандар, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашуы қажет.
Жас маманның тиісті өзіне тән сыпайы мәдениетінсіз білікті маман болуы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес.
Жас маман алғашқы еңбек жолын бастағанда , әрине, қиындықтарға кездеседі. Сол қиындықтарға мойымай, еңбек жолында табыстарға жетуге тырысуы қажет. Жас маман білікті, білімді болуы үшін төмендегілерді ескеруі қажет:
Білікті маман болу үшін ең алдымен адам білімді болу керек. Бәрімізге мәлім болғандай Алла Тағала мұсылмандарға үйреткен алғашқы әмірі «оқы». Яғни, Алла әмірімен тыйымдарынан бұрын, алдымен оқуды бұйырады. Құран Кәрімнің алғашқы түскен бес аяты «оқы» деп басталады. «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей, сабырлық пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан жақсы маман болу үшін білімді болу қажет.
Білікті маман болу үшін адам еңбекқор болу қажет. Тырмысып істеген еңбектің әрқашан жемісі мол болады.
Білікті маман үшін ғана емес әрбір адам үшін әділетті болу ең басты міндет. «Тура биде, туған жоқ» демекші, әр уақытта әділеттіліктен таймау қажет.
Білімді, еңбекқор , әділетті маман үшін тағы бір ескеретін жәйт: ұжыммен тілтабысушылық. Ұжым ішінде өзіңнің жақсы қабілеттеріңді көрсете отырып, барлығымен бірдей тіл табыса алуың қажет. Ұжымға алғашқы келгенде өз мамандығыңа сәйкес, өзіңнен, өз образыңды жаса. Өзіңнің белгілі бір маман қызметін атқарып отырғаныңды ескере отырып, әрқашан, әр істі жауапкершілікпен атқаруға тырысу қажет. Білмегеніңді сұрауға ешқашан ұялмау керек.
Барлық жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, білікті де, білімді жауапкершілікті маман төмендегідей қабілеттерді де бойына сіңіруі қажет:
 Академиялық қабілет - маманның қабілетінің өз мамандығына сәйкестігі.
 Сөйлеу қабілеті - тілдің көмегімен өз ойын нақты және түсінікті етіп жеткізу.
 Ұйымдастырушылық қабілет - өзіне берілген барлық тапсырмаларды орындауда ұйымдастырушылық қабілетін негізгі ықпал ететін құралға айналдыру.
 Қолданбалы қабілет - өз мамандығыңа тікелей қатысы жоқ түрлі шаралармен айналысу. Жоғарыдағы айтылып кеткен барлық жәйттардан әр маман өз керегін алып, бойына сіңірсе нұр үстіне нұр болар еді.
Жас мамандардың бойынан қуат пен күшті, өзіне сенімді, нені қажет ететінін дәл білетін, жаңадан қорықпайтын, әр сағаты есептеулі, жинақы, сабырлы, байыптылықты көргім келеді. Олар міндетті түрде көшбасшы болуға лайықты.
Алғашқы еңбек жолдарыңызға сәттілік тілеймін!
Категория: Любознательному учителю | Добавил: GalinchikKZ
Просмотров: 5951 | Загрузок: 624 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru