Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

Жануарлар әлеміне саяхат
[ Скачать с сервера (30.5 Kb) ] 2012-05-31, 9:29 AM
Рудный қаласының № 13 орта мектебі
Мадьярова Айнұр Төлендіқызы
Мектеп алды даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары
Тақырыбы : Жануарлар әлеміне саяхат.
Мақсаты :1)Оқушылардың хайуанаттар туралы алған білімдерін бекіту.
2)Саяхат жасау арқылы тілдік қорын ,сөйлеу мәнерін дамыту.
3)Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдістер: сұрақ-жауап,саяхат ойын,топтық,сахналық көрініс,шығармашылық.

Көрнекілер:ертегі,суреттер,муляж,сурет көрмесі,маскалар,хайуанаттар бағы,
жұмбақ.

Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен амандасу.
Шаттық шеңбері: Күн, мен сені сүйемін!
Басымды иемін.
Жылу бер,бақыт бер!
Қуаныш пеншабыт бер!
-Балалар, сендер бір-біріңе не тілейсіңдер?(балалардың тілегі)
Сабақ барысы:
-Бүгін сабағымызды бекіту үшін саяхат жасаймыз.
1.Дыбыстар елі.
2.Жұмбақтар елі
3.Хайуанаттар бағы.
4.Ертегілер елі.
5.Суреттер көрмесі.
6.Ойын елі.
1.Дыбыстар елі.
Дыбыстық жаттығу жасау.
Ю-ю-ю –маймақ аю.
Ыс-ыс-ыс –жолақ жолбарыс.
Тан-тан-тан –аң патшасы арыстан.
Ыр-ыр-ыр –сұр қасқыр.
Кі-кі-кі –қу түлкі.

2.Жұмбақтар елі.

Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)

Мұрны насос, кран да,
Кім таң қалмас бұл аңға. (піл)

Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу. (түлкі)

Айбат шегер алсытан,
Аң патшасы - ... (арыстан)

Қыста тоңы аппақ,
Жүрексіз ол қорқақ. (қоян)

Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден. (кірпі)


Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық .

Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.

3.Хайуанаттар бағы.
Қолдан жасалған хайуанаттар бағының макеті.Балаларға жануарларды көрсету.Олар «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.
Мынау-аю.Аю үлкен.

4.Ертегілер елі.
Балалардың бірнеше сабақ бойы дайындаған « Ормандағы үйшік » ертегісіне кезек беру.
-Балалар, сахналық көріністі тамашалайық!

5.Суреттер көрмесі.
Ал балалар,енді өздерің салған суреттеріңді көрейік.Суреттегі бейнелерді атау.Мүмкіндігінше сипаттама бергізу.

6.Ойын елі.
Оқушыларды шеңберге тұрғызып « Қоян» ойынын ойнату.
-Аңдардың ішіндегі ең қорқақ, сужүрек қай аң? Кім табады? Сол қоян болады.

Бекіту:
Аңдарға көрсетілетін қамқорлық туралы айту.
Қол ұстасып тұрайық,
Біз шеңберді құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Категория: Любознательному учителю | Добавил: aigulya | Теги: конспект. урока
Просмотров: 6230 | Загрузок: 721 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-12-28, 10:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru