Главная » Файлы » Любознательному учителю |
2013-02-07, 11:34 AM | |
Тапқырлар сайысы Тақырып: Менің Отаным – Қазақстан. Мақсаты: Қазақстан Республика туралы оқушылардың білімдерін кеңейту; Міндеттері: 1. Қазақ тілі сабағында алған білімдерін дұрыс пайдалану; 2. Оқушылардың сөздік қорын байыту; 3. Туған жерін, елін, тілін, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақ тілі Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Жүргізуші: Край родной– как письмо, Что оставили предки, И, вникая в новые строчки следов, То листаешь страницы минувших годов, То грядущих свершений наносишь потемки. Алатау, Алтай, Аркалық, Атырау – Словно крылья, шумяшие слева и справа. Қазахстан обращается к новой судьбе, Чтоб рассветы рассветом встречать величаво. Сад, поля окликает взволнованной песней, Шахты тянутся к глуби, Дома к поднебесью. Это гимн, это твердая поступь труда, Подающего самые добрые вести. Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қазылар алқасы! Бүгінгі сайыстың тақырыбын қандай деп ойлайсыңдар? Дұрыс, сайыстың тақырыбы «Менің отаным – Қазақстан» Бірінші тур «Байға» Шарты – кім бірінші қолын көтереді, сол жауап береді. 1. Қазақстан қайда орналасқан? (Еуразия орталығында) 2. Қазақстан қандай мемлекет? (егеменді, тәуелсіз мемлекет) 3. Қазақстанның өз рәміздері бар ма? (елтаңба, әнұран, ту) 4. ҚР астанасы қай қала? (Астана) 5. ҚР перзиденті кім? (Н.Назарбаев) 6. Мемлекеттік тіл қандай? (қазақ тілі) 7. Қазақ жерін қандай көпір дейді? (Шығыс пен Батысты жалғастыратын алтын көпір) 8. Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады? (130 дан астам) 9. Қазақстанның ұлтық валютасы не? (теңге) 10. Ол қашан енгізілді? (15 қараша, 1993 жылы) Екінші тур «Асық» ойыны Шарты: асықтардағы нөмірі бойынша сұрақтарға жауап беру. 1. Сөйлем нені білдіреді? (тиянақты ойды білдіреді) 2. Сөйлем мұшелері неше топқа бөлінеді? (тұрлаулы, тұрлаусыз) 3. Тұрлаулы мүшелерді ата. (баяндауыш, бастауыш) 4. Жай сөйлем дегеніміз не? (бір ғана ойыды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылған сөйлем) 5. Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (кім? Не?) 6. Баяндауыштың орны қайда? (сөйлемнің сонында) 7. Тұрлаусыз мүшелерді ата (пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш) 8. Жай сөйлем айтылуы мақсатына қарай қалай бөлінеді? (лепті, сұраулы, хабарлы, бұйрықты) 9. Қазақ тілінде неше септік бар? (7) 10. Жалғаулардың түрлерін ата (көптік, жіктік, тәуелдік, септік) Үшінші тур «Жұлдызды сәт» ойыны Шарты: Екі топ мүшелері бірнеше тақырыптан бір тақырыпты таңдап алып, бір-біріне сұрақтар береді, бірден жауап береді. Дайындыққы 3 минут. Тақырыптар: «ҚР рәміздері», «Қазақстан қалалары», «Тіл туралы», «Мектебім», «Отбасым» Төртінші тур «Полиглот» Берілген парақтағы сөйлемдерді екі тілде толықтыру. Екі тілде дұрыс жауап 10 ұпай, бір тілде – 2 ұпай. ..... алтын қазына. ..... кладовая золота. (Кітап, книга) .... үлкен мектеп. .... большая школа. (өмір, жизнь) Кісінің көркі ... емес. Человека украшает не ... , а знание. (киім, одежда) .... алды – қызыл тіл. Начало .... – красноречие. (өнер, искусство) Бесінші тур «Жорға» Шарты: әр топтан бір оқушы шығып 10 сұраққа жауап береді. Топ мүшелері көмек көрсетеді. 1. Біздің мемлекет қалай аталады? (Қазақстан) 2. Астанамыз қай қала? (Астана) 3. Барыс септіктің жалғауы? (ға, ге, қа, ке, на, не, а,е) 4. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қандай?) 5. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42) 6. Аудар: ъ знак. (айыру белгісі) 7. Сынып жетекшің кім? 8. Қазақ тілі мұғалімі кім? 9. «Кім?» қандай есімдік? (сұрау) 10. Шығыс септіктің сұрақтары? (кімнен, неден) 1. ҚР президенті кім? 2. Тәуелсіз күні қашан болады? 3. Көмектес септіктің сұрақтары? (кімнен, неден) 4. Зат есімнің сұрақтары? (кім, не) 5. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (6) 6. Орыс тілі мұғалімі кім? 7. Мектеп директоры кім? 8. Аудар: ь знак. (жіңішке белгісі) 9. Дыбыстар қалай бөлінеді? (дауысты, дауыссыз) 10. Тохтар Әубәкіров кім? (ғарышкер) Сазды үзіліс. Қорытынды бөлім. әділқазылар ойын қорытындысын айтады. Жүргізуші кешті қорытындылап, сыйлықтарды таратады. | |
Просмотров: 1719 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|