Үлгерімі жоғары оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар Семей қаласының №7 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Рахимбаева Г.Е. А Л Ғ Ы С Ө З. «Үлгерімі жоғары оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар» атты жинағымдағы алдыға қойған мақсатым: Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, көру, логикалық ойлау, тану қабілеттерін арттыруға негізделген.Мұнда берілген тапсырмалар қазақ тілінде үйренген сөздерді қайталауға, қатесіз жазуға және де оларды ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Тапсырмалар негізінен тілдің фонетика саласын меңгеруге бағытталған. Осы жинақтағы берілген түрлі – түсті суреттердің алатын орны ерекше, суреттерге қарап бала өзінің лексикалық сөз қорларына сүйене отырып өз ойын,көргенін тиянақтап жеткізе отыпрып,тілге деген қызығушылық сезімдері оянады, ауызекі тілде сөйлеу мәдениетін дамытады. баланың қиялын дамытады,тілін жетілдіруге, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашатыны сөзсіз. Берілген тапсырмалар оқушылардың эстетикалық талғамын ұштап, білімін жетілдіруге, толық мүмкіндік береді. Осы іріктелген қосымша тапсырмалармен, оқушылардың сабақта бос отырмай, жұмыс істеулеріне өте қолайлы.
|