Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған қосымша тапсырмалар Семей қаласының №7 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Рахимбаева Г.Е. Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған тапсырмалар» атты қосымша құралымда алдыға қойған мақсатым: Оқушылардың алған білімдерін жүиелеу, қазақша дүрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру. Тапсырмалар үлгерімі төмен оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынған. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында сөздіктер,суреттер,сөздік ойындар, сөз жұмбақтар қамтылған. Тапсырмалар негізінен суретпен жұмыс жасауға бағытталған. Оқушы суретті көріп қана қоймай, оның қазақ тілінде қалай аталатындығын, жазылатындығына оқушының көзін үирету, тілін жаттықтыру. Жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың жасы мен ақыл ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте – бірте күрделеніп, тереңдетіле құрылған.
|