Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

Талантты және дарынды балалар – ерекше қасиет иелері
[ Скачать с сервера (872.9 Kb) ] 2016-02-08, 9:09 AM
Бeгaйдapoвa Шынар Данияровна
Қостанай облысы
Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді коучинг жоспары

Сабақ тақырыбы: Талантты және дарынды балалар – ерекше қасиет иелері
Жалпы мақсат: Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын табу. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Өзінің тәжірбиесі туралы ойлану. Пән мұғалімдеріне оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік беру.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 50--57-б
Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табады. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.
Түйінді идеялар: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар: А-4 парақтары,стикер,интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Оқыту әдістері: Талантты және дарынды балаларды оқыту
Жаңа жұмыс әдістері мен құралдары.
ОүБ және оқуды бағалау
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Макет жасау, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық.50-57 беттер
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Амандасу
(2 мин) Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады Амандасады
Топқа бөлу
(2 мин) Топқа бөлу
Филология (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі)
Жаратылыстану (математика, физика, информатика, биология, география)
Өнер (музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, технология, сызу) Мұғалімдер пәндер жазылған үлестірме қағаздарды таңдап алып, өз бағыты бойынша 3 топқа (филология, жаратылыстану, өнер) бөлінеді

Сергіту сәті (жақсы психологиялық ахуал орнату)
4 (мин) «Бос ыдысты толтыру» тренингі
Мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, құм қоямын да ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын
Қорытынды:
Ең алдымен, үлкен тас – өміріміздің ең маңыздысы отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы, денсаулық;
Ұсақ тастар – жеке басымызға тілейтін армандар; үй, пәтер, машина
Құм- күнделікті өмірдегі ұсақ істер
Егер біз бос ыдысты бірінші құммен толтырсақ үлкен тастар үшін орын қалмайды.
Өмір де сол сияқты: егер біз бар күш-жігерімізді маңызы жоқ ұсақ істерге жұмсайтын болсақ, маңызыды, үлкен істер үшін күш те, уақыт та қалмайды. Сондықтан ең алдымен қажетті істерге көңіл бөліңіздер. Ал қалған уақытты жұмыс, үй, мерекелер және тағы басқа істере арнаңыз.
Өміріңіз осы ыдыс сияқты толы болсын. Толық ыдыс- өміріміз! Мәнді де сәнді өмір сүріңіздер!
Бүгінгі коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын. (қошеметтеу арқылы бағалау) Коучтың айтуы бойынша іс-әрекеттерді жасайды




Эпиграф
Ой шақыру
(2 мин) «Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш, қуат,қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»
Н.Ә.Назарбаев
- Елбасымыздың айтқан сөзімен келісесіз бе?
- Держава болу үшін дарынды жастардың қажеті қандай?
- Қазақстанда өмір сүріп жатқан қандай дарынды және талантты жастарды білесіздер? Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, пікір алысады


Бейнежазба көру
(20 мин) - Алдарыңызда отырған оқушылардың дарындылығы бірден байқалады ма?
Сұрақ:
- Бұл балалар жөнінде не білеміз?
Жамбыл Дүйсенов - ақын
Жансая Абдумалик - шахматист

Бейнежазбаларды көрсетеді Сұрақтарға жауап береді

Видеороликке қатысты ойларын ортаға салады
Топтастыру
(7 мин) 1-топ. Оқушының дарындылығын қалай анықтауға болады?
2-топ. Дарындылықты қалай жіктеуге болады?
3-топ. Дарынды оқушыларды таңдауда неге назар аудару керек Берілген сұрақтарға кластер жасайды. Өз ойларын қорғайды

Топпен жұмыс Тапсырма
1-топ. Дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді (+) белгілеуді сұрайды
2-топ. Анықтаманы оқып, түсінікке сәйкестендір.
(талант, дарындылық)
3-топ. Орта жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың формасын анықтаңыз.
• Мектепте бұл бағытта не істелді, не істелу керек?
• Мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар бағытында қандай шешілмей келе жатқан мәселелер бар? Тапсырмаларды орындап, жауаптарын тексереді


Педагогикалық жағдаяттар
(12 мин) Тапсырманы түсіндіреді.
Дарынды және талантты балалармен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер:
1. Сіздің оқушыңызда «Жұлдыз ауруы» басталса кедергіні қалай жоясыз.
2. Сіздің дарынды немесе талантты оқушыңыз мұғаліммен ерегесіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз.
3. Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1 орынға лайықты, бірақ бұл орын басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғалып қалмау үшін не істер едіңіз. Мұғалімдер ситуациядан шығуға тырысады.
Кері байланыс
(6 мин) Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі. Әрбір қалпаққа тапсырма беру.
Ақ қалпақ: Бүгінгі коучингте көрген қандай әдістерді көрдіңіз?
Қызыл қалпақ: Осы коучингте сізді не таң қалдырды?
Қара қалпақ: Коучингтің кемшіліктері
Жасыл қалпақ: Өз тәжірибеңізге қандай әдіс- тәсілдер ала алдыңыз?
Сары қалпақ: Бүгінгі сабақтардың ұтымды тұстары?
Көк қалпақ: Қатысқан коучингтің қорытындысы. Рефлексия жасайды
Категория: Любознательному учителю | Добавил: bolysasem
Просмотров: 2214 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 1:56 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru