Наша библиотека
Нәтижеге бағдарланған білім- тұлғаны қалыптастырудың қайнар көзі
| 2015-05-19, 7:29 PM |
Сембаева Гульнар Садыбековна, Семей қаласы, № 25 мектептегі жалпы білім беретін ұйымдардағы НЗМ-нің тәжірибесін тарату мақсатындағы эксперименталды жұмысы бойынша директордың орынбасары
Нәтижеге бағдарланған білім- тұлғаны қалыптастырудың қайнар көзі Әлемдік білім кеңістігінде жалпы білім берудің басымдылық мақсаты өзгемелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны дайындау болып отыр. Ал білімді, рухани санасы жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратын-мектеп, осы мектептің жүрегі-мұғалім. Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттыруға байланысты болып жатқан деңгейлік курстың маңызы зор. Біздің № 25 мектепте аталмыш дүние үлкен қарқынмен іске асыруда. Сондай-ақ аталмыш мектебіміз қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік Мектебімен тығыз байланыста. Соның ішінде СТО-ның қолдану тиімділігін көріп отырмыз. Бағдарламадағы жүзге тарта стратегиялардың ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың тиімді жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Негізгі ерекшеліктері-сабақ кезеңдерін басқаша құру екендігі.Осы бағдаламамен жұмыс істеу арқылы білім мазмұнын кешенді түрде игере отырып, білім мен тәрбиені жәәне дамытуды ұштастыруға болады. Яғни, қолданылатын тәжірибелер академик Лернердің көрсеткеніндей : «Білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылығы». Сабақтарда білім беріп, икем дағды қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық, шығармашылық іс-әрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіріп, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болады екен. Әр баланың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың мақсат, міндеттерін тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастайды. Нәтижесінде мұғалім өзінің іс-тәжірибесін саралау арқылы тәжірибе жинақтауға келеді. Мысалы: • мектеп көлемінде әр түрлі деңгейдегі семинар, конференциялардың өткізілуі, озық педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдану барысы • мектеп көлемінде іс-тәжірибесін тарату • өзінің іс-тәжірибесін жинақтау арқылы көпшілікке арналған әдістемелік нұсқаулар дайындалып, басылымдарға ұсыну дәрежесі артты.
|
Категория: УПРАВЛЕНИЕ | Добавил: Айко1962
|
Просмотров: 735 | Загрузок: 0
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]