Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » УПРАВЛЕНИЕ |
2016-10-31, 9:12 AM | |
Ельчибекова Асель Дулатовна, тәлімгер, №25 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жауапты мінез- құлық» Мақсаты: Үйдің ауласында, сабақта немесе серуенде, қоғамдық орындардағы мінез – құлық ережелерін сақтауға үйрету Қамтылатын негізгі мәселе аймағы: • Сен серуенге шықтың … • Көше ережесі • Көлікте • Кинода, театрларда , мұражайларда І. Ұйымдастыру кезеңі: * Тақырыпты хабарлау. * Мұғалімнің кіріспе сөзі : Мектеп , аула, көше, театр – сенің мәдени мінез – құлықтан көрініс беретін айна тәрізді. Сенің адамдармен қарым – қатынасың, икемділігің , үлкендердің ескертуінсіз орындауың керек, ережелерді білуің шарт. Бүгін біз сендермен әр түрлі орындардағы қарапайым ережелерге тоқталамыз. ІІ Негізгі бөлім - Сен серуенге шықтың … 1-оқушы: Серуенге күн кестесінде бөлінген уақытта шық. Үйге қайда және қашан қыдыратыныңды айт. Дер кезінде оралуды ұмытпа. Тротуардың ортасында жолдасыңмен сөйлесіп , тұрып алма , ол жүргіншілерге кедергі жасайды. 2-оқушы: Тек тротуармен, оның оң жағын ала жүр. Бағдаршамға бағын. Машинаның алдынан жүріп өтпе , оны батылдыққа санама. Проблемалық сұрақ:Сен көше тәртібін бұзғанда , қандай қолайсыздықтар тууы мүмкін? Пікірлер шкаласын түзу: - Машиналардың соғысуы; - Кісі өлімі , жарақаттануы; - Машина жүргізушісі жазаланады; - Ата – анаң қапаланады … Мұғалім балалармен көше ережесі, бағдаршам көздері, көше қиылыстары жайлы ережелерді нақтылап, қорытынды ойға жетелейді. Қорытынды ой:Барлық бала көше тәртібін сақтауы, көше мәдениетін ұмытпауы тиіс! Кинода , театрда … 3-оқушы:Киноға , театрға кешікпеу үшін үйден дер кезінде шық. Егер театрға жиналсаң , мұнтаздай боп әдемі киін. Театрда әдетте шешініп отырады. Нөмір алған соң « рахмет » айт. Залда өз орныңа отыр. Көрініс кезінде тамақ жеме. 4-оқушы:Мұражайда, көрмелерде өзіңді байсалды, сабырлы ұста. Экспонаттарды зейін қоя қара, біреуінен екіншісіне жүгірме, оларды қолдарыңмен ұстама. Әсеріңді дауыстап айтып, өзгелерге бөгет жасама. Әдепті бала бейнесі. Мұғалім «Сен мәдениетті болу үшін нені естен шығармағаның жөн?» сұрағын бере отырып, «мәдениетті оқушы» бейнесін құрастыратынымызды хабарлайды. Оқушылардың жауаптары: - Көше тәртібін бұзбаймын; - Бағдаршамға бағынамын; - Тротуармен жүремін; - Жүргіншілерге кедергі жасамаймын; - Театрда, мұражайда айқайлап сөйлемеймін; - Мұражайда берекесіз жүгірмеймін; - Экспонатқа зер салып қараймын; - Экспонаттарды қолмен ұстамаймын. Оқушылардың ұсынған жауаптарын пайдалана отырып, тақтаға «әдепті, мәдениетті оқушы» бейнесін құрастырмалар арқылы жапсыру жұмысы жүргізіледі. Мұғалім: Әдепті, мәдениетті боламын десең, бүгінгі тәрбие сағатымызда айтылған ережелерді бұлжытпай орында! Мектеп, аула, көше, театр, мұражай – сенің қаншалықты тәрбиелі екендігіңді танытатын орта. Қарапайым ережелер сені мәдениетке жетелейді. ІІІ. Қорытынды | |
Просмотров: 2059 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|