Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ |
[ Скачать с сервера (163.1 Kb) ] | 2012-04-21, 8:55 PM |
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Бірсуат орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рақымжанова Анар Ермекқызы Тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған! Мақсаты: жасөспірімдерді бауырмалдыққа, үлкенді сыйлай білуге, адамзат үшін теңдесі жоқ, құрметті асыл да ардақты адам – ананы қадірлей білуге үйрету. Ғалымдардың айтуынша адам миы оқыған кезде 10%, естіген кезде 20%, көрген кезде 30%, ести және көре отырып 50%, өзіміз айта отырып 70%, өзіміз жасай отырып 90% дейін есте сақтай алады екен. Осы жағдайларды ескере отырып: 1) Оқушы шығармашылығын арттыру; 2) Оқушыларды әдемілікке, сұлулыққа баулу; 3) Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін, сағынышын сезіндіре білу; 4) Оқушыларды ұжымдыққа, достыққа тәрбиелеу; 5) Балаларды мейірмділікке, аналардың шексіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қажетті құрал-жабдықтар: Қанатты сөздер, қабырға газеті, балалардың алдын ала дайындаған открыткалары, аналар туралы үнтаспа, оқу бөлмесі мерекелік безендірілді. Сабақтың барысы: Халықаралық әйлдер күні 1910 жылы Данияда, Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Клара Цеткин қатысты.. Ол ақ шашты, қара көзді қария адам еді. Ол жыл сайын 8 наурыз күнін әйелдер күні деп атап өтуге ұсыныс айтты. Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан қабылдады.. Ресейде Халықаралық әйелдер күні бірінші рет 1913 жылы Петербургте өтті. Оқушыларды таныстыру: Ару қызы қазақтың, Ер жігітті елімнің, Мектебімнің жақсысы. Тұлғасы көкте самғаған. Келбетті де сымбатты Қатысқан талай іс-шараларға Аягөз міне ортада. Рысбек тұр сахнада. Атыңнан айналайын Арман деген, Білімді оқу озаты сыныптағы Сенің жақсы ісіңе баға берем. Талай қиын істерді құрықтады. Сыныбыңа бол қашанда ардақты, Нұрназдың алдында талай іс тұр, Ақ жолыңнан талма осындай салмақты. Болашақта жандыра үміт отты. Іс келгенде алдына Әзілді өзі ұнатқан , Жан салмайтын қызымыз. Ақ көңілді Қайратжан. Ақ мінезді, сымбатты да қөрікті Он саусағынан өнер тамған, Дарияның мінезі-ай. Тамылжытып ән салған. 7-сыныпта оқитын, Қайрат деген ұлымыз. Болашақта зор үміт бар, Діңгегі берік болсын тұғырыңның. Қызғалдақтай жайнаған асыр салып, Бұл Айгерім қыз оқуының озаты, Ешбір сайыстан қалмас қалып. Әрқашанда таусылмайтын тағаты. Ақылды қыз Бақыт бар армызда, Талай жарыс басынан өткен ару Мөлдіріген көздері оттай жанып. Қиын істің шешуін тез табады. 1-жүргізуші: Армысың, ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы, Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би, Сендер үшін мереке шашулары. 2-жүргізуші: Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. 1-жүргізуші: Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел – аналардың дәстүрлі мерекесі – 8-наурыз да ару ауылымызға келіп жетті. Өздеріңізді анадай шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз! 2-жүргізуші: «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ – мемлекетіміздің құт берекесі. Әйел – ана, отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ – балаларды тәрбиелеуші. Мұғалім: Ананың өмірдегі рөлі. Ана – бала үшін өмірдегі ең қымбатты жан. Қандай ана болмасын балаға деген мейірімі, махаббаты, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп асырайды. Әр ана баласының дені сау, жақсы азамат болса екен деп арман етеді. Ананың мейірімділігі сонша, жанұяда қанша бала болса да, солардың бас-басына өзінің жақсы қасиеттерін үйрете отырып, тәрбиелейді. Осы балалардың ішінде біреуі ауырып қалса, сол баласы жазылғанша ана жаны қоса ауырады. Балалары ержетіп кетсе де ана үшін ол әлі сәби күнгісіндей көрініп отырыды. Көп күн келмесе, алыста жүрсе, хабарласпаса не болды екен деп есі - дерті сол баласында болады. Менің өз жүрегім, оқушыларыма айтарым, аналарыңның ақ сүтін ақтап, өмір бойы сыйлап өтіңдер дегім келеді. Арулар неткен сымбатты, Ғажайып нұрға бөленген. Көктемге қыздар үн қатты, Мың бұралған бименен. Би: 8а сынып қыздар тобы. Аягөз: Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған. Әлемде сен болмасаң осылайша, Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман? Рысбек: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым, Тәтті ұйқынды бөліп, талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің Кең құшағын-аясындай гүл бақтың. Арман: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әрқашан біз ардақтап, Әжеге бас иеміз! Дария: Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін, Махаббаттың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай жадырай бір күлгенің, Қандай жақсы ортамызда жүргенің. 1-жүргізуші: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген даналық сөз дәл айтылған. Анаға қандай жарасымды, қандай қамқорлық жасасақ та қарызымыздың ширегіне де тұрмайды. Сондықтан да абзал аналарымызға тарту етіп, балалық жүрегімізден жарып шыққан өлең жолдарын арнаймыз. Ән: «Анашым». Нұрназ: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп, Туған елінің сүйсіне мақтасын деп. Пәк сезіммен тілеймін адамдардың, Анасының ақ сүтін ақтасын деп. Қайрат: Мінеки, жер көгеріп көктем келді, Шығарып сан боранды, өкпек желді. Жаңа көктем әкелсін мол жақсылық, Өткен өтті, салауат өткелге енді. 2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққұдай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде. Би: «Той шашу». Қайрат: Ана сүтінен барлық адам нәр алған, Ол азығың өзіңмен бірге жаралған. Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол, Күш-қуат боп өн бойыңа таралған. Бақыт: Өмірде ана – бақыт, ана-пана, Өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана. Арман: Сенен өскен балалар, Бақыттылар, даналар Құттықтаймыз мейраммен Құрметті апа, аналар! Кластер құру. «Ана» деген сөзге сезімдерін білдіру. Аягөз: Ана – дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана - дейді жас сәби де жарқылдап. Ана - деген бәйтерегі өмірдің, Ана - деген алтын қазық алтын бақ. Рысбек: Адам бар ма ана сүтін татпаған Алуан – алуан ауыр сынды аттаған Адалдықты ар – намысты сақтаған Мен анамның сонысына мақтанам! Дария: Туғаннан құлыным деп, аймалаған Өзіңнен қымбат адам қайда маған Дүние аналармен көрікті ғой, Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған. 1-жүргізуші: Тыныштық баршамыздың ұранымыз, Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз. Арманның асқарына қанат қаққан, Бақытты бейбіт елдің ұланымыз. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» (3-тілде) Нұрназ: Ана - деген адамзаттың данасы, Ана - деген сәбилердің панасы. Ана - деген жарық жұлдыз шырағың, Ана - деген қайнар ыстық бұлағың Ана - деген өмірдегі қамқорың, Ана - деген сүйенерің, жан құрбым. Қайрат: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар, Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар. Көрініс: 2-жүргізуші: Ол-ана, азаматқа қанық үні, Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні. Ол деген-алыбы ғой алыптардың, Ананың тілі емес пе халық тілі. 1-жүргізуші: Мұрат, мүдде, мақсатың, Жақсы күн мен жақсы түн. Нағыз бақыт ананың, Ақтау дер ем ақ сүтін. Ақтау дер ем, ақтау дер ем Аналардың ақ сүтін! Ән: «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» Мұғалімнің сөзі: Анам менің жасыл бағым жайнаған, Сол бағыңда асыр салып ойнағам. Пәк жүректпен жыр жазады перзентің, Бар бақытты жалғыз маған сыйлаған - деп қазір балалар сіздерге арнап шағын қолтаңбаларын жазады. Синквейн стратегиясы бойынша орындайды. Тапсырма орындалған соң, оқушыларға оқыту. Жұмбақтар шешу: Табаққа түспес, Қазанға піспес, Оны ішпей адам өспес. (Ана сүті). Бір дән бар дастарқанға салынбаған, Дәмінен татпай ешкім жоқ жалындаған. Бір ағашқа бітіпті екі бұтақ, Қанша жан ықтаса да, алынбаған. (Ана төсі). Хормен: Мереке құтты болсын! Ата-анаға, қонақтарға сыйлық беру. Концертіміз аяқталып жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. 8-наурыз тойы құтты болсын! Дендеріңіз сау, мықты болсын! Аман-есен болайық , Баршаңызға тілек осы, халайық! | |
Просмотров: 3946 | Загрузок: 202 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|