Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау
2015-01-15, 8:28 AM
"Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау»

«Егер де балаларда ақыл- ойдың батылдығын,
маңызды интеллектуалдық жұмысқа деген қызығушылықты,
дербестікті тұлғалық бітіс ретінде тәрбиелегің келсе,
оларға шығармашылық қуанышын ұялатқың келсе,
олардың ой ұшқындары ойлау патшылығын құрсын десең,
оларға сондай жағдай жаса,
соның ішінде өздерін жаратушы ретінде сезінетіндей мүмкіндік бер.
Ш. А. Амонашвили

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіру педагогика ғылымының ертеден келе жатқан мәселелерінің бірі. Көбінесе қазіргі таңда каммуникативтік дағдылар, диалог, пікірталасты жүргізуде тәжірибе жинау, шығармашылық әрекетпен айналысу үлкен маңызға ие болып отыр. Бұған керісінше, оқуға деген қызығушықтың төмендеуі, интелектуалдық енжарлық байқалуда.
Сондықтан әрбір мұғалімнің басты міндеті өз пәніне деген қызығушылықты арттыру, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасайтын жолдар іздестіру болып табылады.
Менің ойымша, оқушыдан бір нәтиже күтпестен бұрын оның танымдық іс-әрекеті байқалатын жағдайларды туғызу керек. Ол үшін мен сабақта төмендегі шарттарды басшылыққа аламын:
1. Топтың ішінде ынтымақтастық және мейірімділікті сездіретін психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сабақты өзін-өзі тану пәнінің элементтерімен бастаймын. Мысалы: «Қуаныш шеңбері»- бүгінгі сабақтан мен нені күтемін? Бүгінгі сабақтан мен...........күтемін;
2. Әрбір оқушыға "табысқа жету жағдайын" туғызу. Яғни, сенің қолыңнан келеді, сен де басқа оқушылар сияқты жақсы баға ала аласың, - деген сияқты сендіру әдісін қолданамын;
3. Оқушыны белсенді әрекетке топтық, ұжымдық жұмыстарға қатыстыру арқылы итермелеу.
4.Жаңа материалды түіндіруде дәстүрлі емес, үнемі қолданылмайтын элементтерді қолдану. Мысалы: «Таң қалдыр», Өмірмен,қоғаммен байланыстыру, «Тартымды мақсат».
5. Мәселелік жағдайларды туғызып, қолдану.
Мысалы: «Бос микрофон» - ойыны. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін? деген тақырыпта ой толғау.
6. Өтіліп жатқан материалдың тәжірибелік - бағдарлық бағыты. Өтілген тақырып бойынша шығармашылық жұмысты презентациялау, карточкаларды қолдану, өтілген тақырып бойынша тест алу, кесте, сүлбілерді құрастыру, толтыруды көбінесе қолданамын.
Оқытушы үнемі өз жадында мыналарды ұстауы керек деген қорытындыға келдім:
- күнделіктіден - таң қаларлықты ойлап табу;
- күрделі матриалды тартымды, сезіммен айту;
- барлығын қысқа, нұсқа, маңыздысын үйрету.
Сондықтан менің міндетім - білім сапасын қумай, алдымен сабақта жағымды психологиялық ахуалды туғызып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау.
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: asel6607 | Теги: іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жа, Оқушылардың танымдық
Просмотров: 865 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2025-12-30, 7:37 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru