Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АР-ОЖДАН БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
[ Скачать с сервера (18.1 Kb) ] 2016-03-25, 5:22 PM
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АР-ОЖДАН БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық
университеті «Экономикалық теория және құқық»
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.,С.Б. Мукушев

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екені даусыз. Қай заманда да қоғамның негізгі қозғаушы күші-кейінгі ұрпақ. Бүгінгі жас тәуелсіз еліміздін іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман көшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселелердің бірі болып отыр.
Ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Бүгін жұртшылық арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни бірлестіктер саны өсуде. Біз мұндай конфессиялық сан алуандылығымен ерекшеленетін әлемдегі санаулы елдің біріміз. Бірақ бүгінгі таңда алыс-жақын мемлекеттердегі лаңкестік оқиғалар мен діни экстремизмнің көріністері, жастарымыздың өзге дінге өту көріністері мен экстремистік парақшалардың көптеп таратылуы жан-жақты назар аударуды қажет ететін мәселеге айналып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр», деп атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 22 бабында былай делінген: 1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Бұл баптан біз азаматтардың барлығына діни бостандық берілгендігін көреміз. Дін мемлекеттен бөлек және Ар – ождан бостандығының кепілі мемлекет екендігінің дәлелі. [1,4б]
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде, адамның құқықтары мен бостандықтарын өзінің басты құндылығы ретінде айқындаған, халықаралық қауымдастықтың тең әрі белсенді мүшесі ретінде орнығу үшін жалпы адамзаттық нормалар мен стандарттарға негізделіп, құқықтық, демократиялық қоғамға аяқ басқан Қазақстан қоғамы діни сенім бостандығын жариялады. Геосаяси жағдайының күрделілігіне байланысты Қазақстан қоғамына жан-жақтан түрлі діндер асқан жылдамдықпен ағылды. Діни ұйымдардың санымен бірге дінге сенушілердің де қатары қарқынды өсті. 2013 жылғы мәліметтер бойынша елімізде 40 дін қызмет атқарса, 2015 жылы олардың саны 46-ға жеткен. Әлемдік жіне дәстүрлі діндер күн сайын, сағат сайын өз сенушілерінің қатарын көбейту үшін жанталас бәсекеге түсуде. Діни ұйымдардың басым бөлігі (негізінен әлемдік діндер) адамдардың діни сенімдерін қанағаттандырып, түрлі тұрмыстық қиыншылықтардан шығуларына жәрдемдессе, кейбір діндердің адам санасын психологиялық тәуелді ету негізінде саяси немесе экономикалық мақсатта пайдаланып қалғысы келетін көлеңкелі пиғылдары да байқалып қалады. Адам жанын тазарту үшін дүниеден безуге шақыратын кейбір секталар сенушісінің меншік дүние-мүлкін ұйымның атына аудартқызып, ұйым мүшелеріне өмір сүруге қажетті деген жағдайларды ұйымдастырумен (өз пансионаттарына орналастыру, киім-кешек беріп, күнделікті тамақтандырумен) ғана шектеледі. Енді біреулері өз мүшелерінен отбасын басқа ұлт өкілімен ғана құруын талап етеді. Көріп отырғанымыздай, біраз секталар адамның меншігіне зияндылықтар келтірсе, тағы біразы "ұлт" "ұлттық ерекшелік", "ұлттық тәрбие" сияқты қоғамды ынтымақтастырушы құндылықтарды жоюды мақсат етеді. Бұл жердегі басты ерекшелік-қоғамға зиян келтіріп жатқан іс-әрекеттердің заң бұзушылық фактісі ретінде анықталу мүмкіндігінің жоқтығы. Себебі аталған процестер секталық ұйымға психологиялық тәуелділіктен сенушілердің өз еріктері негізінде жүріп жатыр. Қазақстанның дін саясатының заңнамалық негізіне келетін болсақ, ең алдымен ар-ождан бостандығы Ата заңымызда нақты көрсетілген. [ 2,3б]
Жасөспірімдердің діни қауіпсіздігің қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық актілер жүйеленіп, жинақталды. Копконфессиялық хал-ахуалы және олардың жат діни ағымдардан қорғалу мәселесі туралы объективті мағлұматтар жиналып, ұсыныстардың жасалуы ғылыми жұмысымыздың жаңалығы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - 1995ж. 47б.
2. Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы заңы 2002 ж.
3. Қазақстан Республикасының « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы » заңы (2005.08.07. № 67-ІІІ ҚР заңымен енгізілген өзгерістерімен).
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: indira_amirhanova
Просмотров: 1042 | Загрузок: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru