Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

«Әскери жас қырандар»
[ Скачать с сервера (20.1 Kb) · Скриншот ] 2016-05-03, 12:29 PM
ШҚО Семей қаласы «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ
Тәрбиеші: Бейсембаева К.Ш.

Тақырыбы: «Әскери жас қырандар»
(7-14 жастағы балаларға арналған)

Өткізілу түрі : әскери – спорттық ойын.
Мақсаты :
Әскери – спорттық ойын арқылы өскелең ұрпақты ҚР Қарулы Күштері қатарына қызмет етуге ынталандыру. Оларға патриоттық тәрбие арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білімділік:
Отанға деген сүйіспеншілікке, батылдыққа тәрбиелеу үшін әскери қызмет жағдайы дағдыларына бейімделуіне мүмкіндік беру.
Тәрбиелік:
Ойын арқылы балаларға әскери өмірдің, жауапкершіліктің қандай болатындыіын түсіндіру. Ертеңгі еліміздің абыройы мен беделі, еркіндігі осы жас сарбаздардың мойнында екенін ұғындыру.
Дамытушылық :
Саналы тәртіпке тәрбиелеу, сонымен қатар батылдыққа, еркіндікке, зеректікке, достықпен жолдастық сезімін дамыту.ұлтық мақтаныш сезімін дамыту. Балалардың азаматтық патриоттық мәртебесін көтеру.
Міндеті :
• Ойын барысында сапқа тізілген ертеңгі сарбаздар алдымен әскери киім киіп, қолына қару ұстап,сол арқылы әскери тәрбиеден өту ер азаматтың негізгі міндеті екенін түсіндіру;
• Қазақстан Қарулы күштерінің отан сүйгіштік дәстүріне және әскери тарихты зерттеп білуге араластыру.


Ойынға керекті жабдықтар:
• гимнасткалық таяқшалар,
• 10 доп
• 2 себет
• 2 таратпа материалдар

Ойынға қатысушылар :
• Команда құрамы - 7 адам
• Біркелкі түсті әскери киімдер

Сабақтың барысы:
1. Әскери тәжірибелік оқыту
А. Қолмен көзбен жаттығу
Б. Себетке допты дәл лақтыру
В. Барлаушылар
Г. Топографтар
Д. Ант қабылдау
2. Әдеп ережесі
3. Би сайысы
2. Марапаттау
Кіріспе: Тәрбиеші сөзі
Құрметті тәрбиешілер,балалар ,ойынға қатысушылар бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бәсекелестікке қабілетті отыз елдің қатарына ену» туралы жолдауында айтылғандай, білімді де шыныққан шымыр денелі ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Сонымен қатар, бос уақытын тиімді қолдану, салауатты өмір салтын сақтап өмір сүру әрбір адамның міндеті. Өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты қазақстандық үшін парыз және абырой. Ал, енді ойынымызды бастайық, командаларды ортаға шақырамыз!
1 –ші команда.
Болатбекұлы Асылбек –топ жетекшісі
Жұмашев Дархан
Байбосынов Оразмухамед
Бақытов Айдын
Нурмухамбетов Алишер
Шарипов Бахтияр
Шарипов Мадияр
2-ші команда
Маматаев Әділет-топ жетекшісі
Базарбаев Мұхтар
Халелов Айдын
Дүйсенов Сұлтан
Изатов Тұнжол
Садыков Шынғыс
Турусов Диас
1. Тапсырма. Әскери тәжірибелік оқыту
А. Саппен адымдату және жаттығу жасату топ басшысы бұйрық береді оны орындату біркелкі, әдемі түрде.
Б. Қолмен және көзбен жаттығу жасату «Снайперлер» себетке допты дәлдеп лақтыру.
В. Барлаушылар. Қарсыласының жанынан байқатпай лезде өту керек. Қарсыластарына ұсталып қалмауы керек.
(көзі байланған қарсыласының жанынан кезекпен қатысушылар өту керек. Егер дыбысты естіп қалса , қарсыласы «тоқта» деп бұйрық береді)
Г. Топографтар «Топографтар» қозғалыс кестесін жасаумен айналысып, түсіндіреді. Топ басшылары тапсырманың дұрыстығын тексереді.
Д.Ант қабылдау
Қалған екі балаға «ант қабылдауға » 3 минут беріледі (Отанға
адалдыққа ант дайындау).
«Топографтар» қозғалыс кестесін жасаумен айналысып, түсіндіреді.
2 тапсырма. Этикет ережесі.
Тәрбиеші: Этикет хан ( король, шах, патша ) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған «Этикет» сөзі француз тілінен
аударғанда «рәсімді реттеуші, нұсқау қағаз, этикетке рәсім өткізу
тәртібі» деген мағынаға ие. ХVIII ғасырда этикет деп монахтар
сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған,бірақ өмір бұл терминнің одан көрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды : кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, ауденциялардың өту тәртібі және т.б. «Күн королі» Людовиг ХІV –нің сарай қабылдауына келген қонақтарға «этикет»деп аталатын әдеп ережесі жазылған карточкалар ұсынылған.«Этикет ережесі» дегеніміз осыдан шыққан. Этикет ережесін міндетті түрде білу керек.Әдеп ережесі мен нормаға сәйкестендіріп орындайтын әр топқа екі жағдаят беріледі.
1 топ
1. Балалар үйінде тәрбиешілер әңгімелесіп отыр. Олардың ішінен
Айдос өзінің тәрбиешісін көріп қалып, қасынан өтіп бара жатып,
сыпайы амандасады.
Қателік барма жоқ па?
2. Телефонмен кім бірінші әңгімесін аяқтау керек?
Телефон соққан адам ба, жоқ әлде жауап берген адам ба?
(әдетте телефон соққан адам бірінші қояды).
2 топ.
1. Арманға тез арада тәрбиешіге жолығу керек . бірақ тәрбиешінің
қолы бос емес ол ауысым тәрбиешімен сөйлесіп отыр еді. Кешірім
сұрап, Арман өз өтінішін айтты.
Қателік кетті ме, жоқ әлде орынды ма?
2. Егер де біреу түшкіріп жіберсе, бірдеме деу керек пе, егер айту
керек болса не деген жөн? (Сау болыңыз)
Бәрекелді! Сіздер әскери өмірде аянбай тер төгетін, нағыз сарбаз
атағына лайықсыздар және әдептілік сақтау ережесі де сіздердің
бойларыңыздан табыла білді.
3 тапсырма. Вальс биі
Ал, енді Вальс! Би сайысы (әр топтан бір –бірден жұп жарысады).
Әділ қазыларға сөз.
Топтарды марапаттау.
Қортынды:
Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты қазақстандық үшін парыз және абырой. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық балаларға алғысымды білдіремін! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Қош сау болыңыздар!
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: kenzhe26 | Теги: 7 мая, День Защитника Отечества
Просмотров: 1201 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru