Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры |
«Денешынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану» Қазіргі кезде біздің Республикамыз тәуелсізді болғандықтан ежелгі мәдениеттің қайта өрленуі жүріп жатыр, сонымен қатар өздерінің құрамына кіретін бай пласттер, өнер мен әдебиеттегі ұлттық дәстүрлер дамып келеді, қайсыларына халық ойындары да кіреді. Бұлар, ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Қазіргі кезде ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабақтарына еңгізу кең кең көлемді иемденіп жатыр. Мектептерде қолданылатын ұлттық ойындар: тоғызқұмалақ, қыз қуу, ақсерек-көксерек, асық ату, аңшылар мен қояндар, ақ сүйек және т.б.. Мектептегі денетәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды еңгізген кезде балалардың жасерекшеліктеріне назар аударылады. Бастауыш буындағы яғни 1-4 сыныптар аралығындағы оқушыларға ақсерек-көксерек, ұшты-ұшты, асық ату, аңшылар мен қояндар, әйгөлек сияқты ойын түрлері қолданыста. Орта буындағы 5-7 сыныптар аралығында қызыл ту, көтермек,тұр сақинам тұр, түйілген орамал. арқан тарту, жауынгерлі әтештер сияқы ойындар қолданысқа еңгізілді. Жоғарғы буында яғни 8-11 сынып оқушыларының аралығында қыз қуу, ақ сүйек, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, монданақ ойындары ойналады. Ұлттық ойындарды денетәрбиесі сабақтарына еңгізу үлкен септігін тигізеді жас балалардың он екі мүшесін қозғалысқа келтіріп жүйріктікі, шапшандықты, зерделікті нығайтады. Мысалға келтірсек тоғызқұмалақ ойыны адамның ой санасын жаттықтырады және математикалық тез есептеуге үлкен септігін тигізеді. Ал қыз қуу, ақ сүйек, көтермек сияқты ойындар балалардың дене мүшелерін қозғалысқа келтіріп шынықтырады. Асық ату ойындары оқушылардың мергендігін арттырады. Бүгінгі кезде қазақтың ұлттық ойындарынын ішінен тоғызқұмалақ және қазақша күрес дүние жүзілік аумаққа шықты, Осы ұлттық ойындардың түрлерінен халықаралық деңгейдегі чемпионаттар өтуде. Бұлардың деңгейге асықату ойындарыда жетіп келе жатыр. Ұлттық ойындардың өзіндік ерекшеліктері бар, мысалға айта кетсек «Асық ату» ойынын ойнар алдында жеңіске жету үшін, «Асығым алшасынан түссін», ал қазақша күресте «Жамбасқа түсірсем» деген жеңісті ырымды сөздері бар.т.б. Егер ұлттық ойындарды денетәрбиесінің құралы ретінде кеңнен қолданысқа енсе, онда қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардын денелік және рухани тәрбиесіне үлкен мән мағына беріп оларды өзіміздің мәдени мұрамызбен жете таныстырып салт дәстүрлерімізді өзгеріссіз болашаққа жеткізер едік. «Асық ату» ұлттық ойынымыздың өзі 30 шақты түрге бөлінеді, көбіне сабақтан тыс ойналатын және қалалық жарыстарда ойналатын түрлерінің бірі «Омпы», «Тасқала» бұл жерде айта кетсем тек «Асық ату» ұлттық ойыны қазақ мектептерінің арасында ғана өткізіледі. Неге басқа да көп ұлттық ойындарымыз бар солардан неге өтпесе деген ойым бар. Осы аптада қала спорт бөлімінің ұйымдастырылуымен ұлттық спорт түрлерінен «Тоғызқұмалақ», «Қазақша күрес», «Асық ату» жарысы болып өтті, бұл жерде «Тоғызқұмалақ» ойнына барлық қала мектептері қатысқаны көрінбеді. «қазақша күресте» де дәл солай барлық мектеп ұйымдастырылмаған, «Асық ату» жарысына тек қазақ үш мектебі қатысты. Осы жарыстарға оқушыларымыз ұйымшылдықпен қатысып түрлі жүлделі орындарға ие болды. Міне, осыдан – ақ көруге болады. Осы жерде айта кетсем денешынықтыру пән мұғалімдері ұйымдастырып қаладан үлкен бір ұлттық ойындарымыздың үйірмесін ашса. Қалада қазір тоғызқұмалақ, қазақша күрес үйірмелері бар. Оның ішінде тек қазақша күрес, тоғызқұмалақтан басқа түрлі ұлттық ойындарымыздың үйірмесі ашылса. Оқушылар шын ниетпен осы ұлттық үйірмелерге қатысар еді. Ұлттық ойындарымыздың өзі 100 астам түрі бар. Тақтадан көріп кетіге болады ұлттық спорт ойындарының үзіндісін. Ойын адамға сәйкес, тарихи жасалынған қоғамдық туындама және өзара іс-әрекет түрі. Ойын демалыстың, өзара танудың, денелік және жалпы әлеуметтік тәрбиенің, спорттың құралы бола алады. Ойын, мәдени элементі сияқты бүкіл мәдени қоғамымен дамиды, сонымен қатар адамдардың демалыстағы, рухани және денелік күштерінің дамуындағы әрбір сұраныстарына сәйкес келеді. Ойын іс-әрекеті мәдени элементі ғана болып келмейді, сонымен қатар мақсатты бағытталған, мақсатты қойылымдармен мотивацияланған іс-әрекеттердің әр түрлілігімен міңезделген және де тәрбиелеудің сауапты құралы болып келеді. Ойындар адамның мәдени мұрасы болып табылады. Бұлардың әр түрлілігі көп. Бұлар, адамның материалдық және рухани қоғамның бүкіл аймақтарын көрсетеді. Ойын әрекетінде екі ең маңызды фактор объективті сәйкес келеді: бір жағынан, тәжірибелік әрекетке қосылу, денелік даму, өзара іс-әрекеттеуге ыңталандыру, екінші жағынан, бұл іс-әрекеттен өнегелік және эстетикалық қанағаттандыруды алады, бұларды қоршаған ортаның білімділіктерін тереңдетеді. Бұның бәрі аяқ шеніңде жеке басты тәрбиелеуге әсер етеді. Сонымен қатар, ойын – комплексті тәрбиелеудің бір құралы: бұл (ұжымдық іс-әрекеттіліктегі өзгермелі жағдайлардағы қиын іс-әрекеттердің және іс-әрекеттердің негіздерін меңгеру арқылы) әр жақты дене дайындығына, ағзаның функцияларын жетілдіруіне, ойнаушылардың міңез - құлықтарына бағытталған. Көп ойындардың негізгі ерекше белгісі болып келетін бұлардың сезіну міңезі. Ойнаушылардың алдарына әрқашан мақсат қойылады – бұл ойынның әрбір аяқтайтын тапсырмасын жасау, яғни нәтижеге жету, қайта бұған жетуге анықталған шектеулі әдістері болса да, бірақ бұндайларды, қайсысы тұрақты әр түрлі ауысатын жағдайларға байланысты өздік мүмкіншіліктеріне бейнелі жаңа шешілімдер табуға, ойнаушылардың өзіне жол таңдауға рұқсат береді. Ұлттық ойын - өте эмоционалды әрекеттілік, сондықтан, бұл жастармен және балалармен тәрбие жұмысында үлкен бағалы болып келеді. Балалар мен жасөспірімдерде көп әр-түрлілік ұлттық ойындар арасында ырықты ойындар кең тараған. Ырықты ойындардың міңездік ерекшелігі боп, ойын мазмұнында әрекеттердің көрнекті рөлі болып табылады. Ұлттық ойындар, мазмұны бойынша көрнекті және қолайлы. Бұлар, ойлаудың қарқынды жұмысын атқарады, айнала-білімін кеңейтуге, айналадүние туралы ойлауларды нақтылауға, бүкіл психикалық үрдістерді жетілдіруге, балалық ағзаны жоғары деңгейге дамуына ауысуына әсер етеді. Ұлттық ойыны, балалардың ой дамуының тапсырмаларын жүзеге асыру әсер ететін, халық ақылдығының бөлшегі ретінде шығарылады. Е.Сағындықовтың эксперименталды көрсеткіштерінің көрсетуі бойынша, қазақтың ұлттық ойыны логикалық ойлаудың тереңдетуіне әсер етеді және ойдың іздеу міңезін жоғарлатады. Халықтық ұлттық ойындарында, қимыл әрекеттерінің әр түрлілігі, шұғылданушылардың қалыпты денелік дамуына және денсаулықты нығайтуға әсер етеді. Қазіргі дене шынықтыру және спорт жұмысына ерекше бағалы халықтық ырықты ойындарды кіргізу, ғасырлық салт-дәстүрлерің қолдануын және халықтық ырықты ойындарының бүкіл байлығының ғылыми хаттауы және терең оқылуы қажет. Бұл мұраны, қазіргі адамдардың өміріне дұрыс қолдануы өсіп келе жатқан ұрпақтың денелік және рухани тәрбиеленуіне әсер етеді, ал қорытындысында – ұлттық мәдениеттердің жақындауымен өзара бай болуы. Қазақ халқының мәдени қалыптасуына, оның салт-дәстүрлеріне, тұрмыстын және өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына өз әсерін тигізетін. Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді. Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасуды қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өнегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін. Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін. Қазіргі уақытта қазақтардың арасында діни ойды, ырымдылықты ойындары әлі бар. Мысалы: “Мырш-мырш” (лақап атауы), “Ханды-қарабасты” (Періште хан), “Жұмақ-тозақ” және т.б. Бірақ шыңында, бұлардың діни бағыттылығы туралы атауымен ғана айтуға болады, ал бұл ойындардың нақты мазмұның жалпыланған түрінде кесірлік пен жақсылықтын арасындағы ғасырлық күресін міңездеуге болады. Ежелгі заманнан бізге жеткен көптеген ойындардың өздік мазмұны өзгермей сақталды, бірақ тарихи мазмұнының үрдісінде өзінің атауын өзгерткен: “Қарагие” – “Найза лақтыру”, “Аң аулау” – “Құспен аулау”(іскерлік құстармен аулау), “Қақпа тас” – “Бес тас”, “Садақ ату” – “Жамбы ату”(садақпен ату) және т.б. Әрбір халықтың өз ойындары мен салт-дәстүрлері бар, қайсылары оның ұлттық мәнің ашып, тек қана оның ұлттық қылықтары мен ерекшеліктерін сипатайды. «Қазақ ойындарына арналған құралдар» Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б.1 мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. 1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр. 2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота. 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай? 4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике. 5. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 1. Бородихин В.А. Биосоциальная реабилитация учащихся и студентов средствами физического воспитания и спорта. – Павлодар, 2001. – 210 б. 2. Горанько М. Организация и методика проведения урока по физическому воспитанию. – Алматы, 1994. – 121 б. 3. Төтенаев А.Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы, 1995. – 83 б. 4. Салт–дәстүрлер мен әдет–ғұрып. – Алматы: РИК, 1996. – 40 б. 5. Козыбаева М.К., Левшин А.И. Описание казахско–киргизских орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996. – 153 б. 6. Спорттық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 260 б. 7. Наурыз: жаңарған сал–дәстүрлер мен әдет–ғұрыптар. –Алматы: РИК, 1996. – 40 б. | |
Просмотров: 4586 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|