Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры |
Тақырыбы: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Мақсаты: Аталған тақырыбы бойынша оқушылардың сөйлеу, жазу, есту қабілеттерін дамыту. Міндеті: 1. Жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді оқып, әңгімелеу, тапсырмаларды орындату. 2. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру. 3. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, пәнге қызығушылығын арттыру. Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, түгендеу. - Қазір қай жыл мезгілі? - Қазір қай? - Аптаның қай күні? ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап ал. Мақал-мәтелдер 1. Ер есімі – ел есінде. 2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. 9 мамыр қандай күн? 2. Қандай Кеңес Одағының Батырларын білесің? 3. Сенің қалаңда қандай Кеңес Одағының Батырларына көше аттары берілген? ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздік тәуелсіз – независимый (-ая, -ое) еркін – свободно, свободный (-ая, -ое) еркіндік – волность бостандық – свобода 1-тапсырма. Мәтінді оқы, әңгімеле. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болды. Бұл күн – Қазақстан Республикасының туған күні. Тәуелсіздік еркіндік, бостандық әкелді. 2-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз. 3-тапсырма. Отан, туған жер туралы мақал–мәтелдерді жаттап ал, дәптеріне көшіріп жаз. 1. Отан отбасынан басталады. 2. Отан оттан да ыстық. 3. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 4-тапсырма. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз. БҰҰ мүшесі Мемлекеттік тілі Туы Жері ҚАЗАҚСТАН Әнұраны Шет елдермен дипломатиялық қарым -қатынаста Елтаңбасы Конституциясы IV. Бағалау. V. Бекіту: VІ. Үй тапсырма: 1. Мерекелерді қайталау. 5- тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. 1. «Атамекен» сөзінің синонимі 2. «Независимый» сөзінің аудармасы 3. «Свобода» сөзінің аудармасы 4. «Фронт» сөзінің аудармасы 5. «Свободно» сөзінің аудармасы 6. «Совет» сөзінің синонимі 7. «Президент» сөзінің синонимі 8. «Гимн» сөзінің аудармасы О Т А Н Т Ә У Е Л С І З Б О С Т А Н Д Ы Қ М А Й Д А Н Е Р К І Н К Е Ң Е С Е Л Б А С Ы Ә Н Ұ Р А Н | |
Просмотров: 2827 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|