Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры

Қазақстан мемлекеті. 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мемлекеті.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін еске түсіре отырып, кеңейту.
Сабақтың міндеті: Сөз таптары туралы алған білімдерін қайталау.
Тіл байлығын дамытып, сөздік қорын молайту.
Ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту және ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру.
Адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Туған еліне, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың әдісі: сөйлеу, аудару, ойын, ізденушілік, топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: ойын сабағы

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, география

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) сәлемдесу
2) оқушыларды кезекші арқылы тексеру, 3 топқа бөлу
3) сабақтың мақсаты мен міндеті.

Қазақ ақыны М. Мақатаевтың өлеңін тындайық.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

- Балалар, бұл өлең не туралы?
- Сен қай мемлекетте туып өстің?

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ойын «Шетел қонағы»

Қатысушылар: Англиядан келген қонақ, аудармашы, таныстырушы.
- Сәлеметсіз бе!...
Англиядан келген қонақ Қазақстан туралы сұрақтар қояды, аудармашы аударады,
таныстырушы сұрақтарға жауап береді.

2. Өткен грамматикалық тақырыпқа шолу.

«Есімдік» тақырыбына сөзжұмбақ шешу.
1) Есімдіктің мағыналық түрі.
2) Сілтеу есімдігі.
3) Біреу – есімдіктің қай мағыналық түріне жатады?
4) Болымсыздық есімдігі.
5) Бір ғана сөзден болатын есімдіктің мағыналық түрі.
6) Сұрау есімдігі.
7) Жалпылау есімдігі.

1 Е
2 С
3 І
4 М
5 Д
6 І
7 К



ІІІ. Жаңа тақырып.
1. «Кейс» технология бойынша мәтінмен жұмыс.
Бірінші топ – Баяндаушы.
Екінші топ – Қарсы айтушы.
Үшінші топ – Дәлелдеуші.

Қазақстан мемлекеті.

Бүгінгі Қазақстан – көп ұлтты, жері кең байтақ тәуелсіз мемлекет. Халқының саны 16 миллионнан асады. Қазір Қазақстанда 130 ұлттық өкілдері тұрады. Алғашқы адамдар Қазақстан жерін бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Елімізде 14 облыс бар. Республиканың оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Республиканың оңтүстік аудандарында әр түрлі өсімдіктер өседі. Солтүстікте күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады. Қазақстан пайдалы кендерге өте бай. Қазақстан бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысты. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті, білімді ел.

2. Грамматикалық тапсырма.
Сөздерге морфологиялық талдау жасату.

Бірінші топ – халқының, мәдениетті.
Екінші топ – елімізде, бүгінгі.
Үшініші топ – аудандарында, көп ұлтты.


ІҮ. Сайыс « Дұрыс па, бұрыс па?»

1) Бәйге - қазақтың ұлттық ойыны.
2) «Бешбармақ» - француздардың ұлттық тағамы.
3) Наурыз – түркі халықтарының мейрамы.
4) Хачапури – қазақтың ұлттық тағамы.
5) Семей жері Абай, Шәкәрімнің Отаны.
6) Илья Муромец – қазақтың батыры.
7) Қымызды сиыр сүтінен жасайды.
8) Сабақта біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз.
9) Әлібек Дінішев – Италия әншісі.
10) Масленица мейрамында орыстар баурсақ пісіреді.
11) Наурыз айында көктем басталады.
12) Шоқан Уәлиханов - өзбектің белгілі ғалымы.
13) Қазақстанның көршісі – Қырғызстан.
14) Орталық Қазақстанның орталығы – Қарағанды.
15) Шәкен Айманов – ғарышкер.


Ү. «Сыңарын тап».

1) Халқының саны 1) Республика
2) Елтаңба 2) Жоғары мәдениетті
3) Жолдау 3) 16 миллион
4) Басқару түрі 4) 2 миллион 700 мың шаршы шақырым
5) Қазақстан 5) Егеменді ел
6) Еліміз 6) Қос пырақ
7) Жер көлемі 7) «Қазақстан 2030»


ҮІ.Қорытынды. Бағалау. Үй жұмысын беру.

« Қазақстан Республикасының болашағы» - эссе жазу.
Категория: Казахские национальные игры | Добавил: Нурзия (2015-01-27) | Автор: Нурзия E
Просмотров: 1806 | Теги: Нурзия | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 2:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Казахские национальные игры [41]
Игры с карандашом в руках [13]
Подвижные игры [28]
Загадки, задачи-шутки, пословицы [11]
Игры для учительской вечеринки [15]
Игры на школьном вечере [22]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru