Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры

Салт - дәстүр
Салт-дәстүрлер
Қазақ халқында балаға байланысты, бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлер өте көп.
Балаға байланысты жасалатын рәсімдердің көптігінен дүние жүзіндегі халықтардың ішінен қазақ халқы бірінші орында шығар. Қазақ өз қуанышын, қызығын міндетті түрде біреумен бөлісе білетін көпшіл де қонақжай халық. Балалы болған адам «үйім базарлы болды», «әр баланың өз ырзық-несібесі бар», - деп қуанған.
Осыған байланысты халқымызда көптеген мақал-мәтелдер бар, мысалы: «Балалы үй – базар, баласыз үй - мазар», «Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал», «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Бала ұяты - әкеге, қыз ұяты - шешеге» т.б..
Адам өміріне қатысты салттар: кіндік кесу, нәрестеге ат қою, шілдехана, бесікке салу, баланы қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндет тойы, тілашар тойы, мүшелтойлар, қыз ұзату, үйлену тойы.

Шілдехана, бесік той,
Тұсау кесер, сүндет той,
Құда түсу, сырға салу, беташар
Қазағымның салт-дәстүрлері бетке ұстар.

Сыйлай білсен ата-баба мұрасын
Қазақтарда табылады жыр асыл,
Сол асылға қосасың да бір асыл
Үлкендерден бата тілеп тұрасың.


Бесікке салу

бесікке салу-
нағашы –
көп балалы қадірлі ана –
сыйлық, сыйға беру –
аластау –
қамшы іледі – вешает уздечку
тұмар тағу – прикреплять тумар
көз тимесін – не сглазили
бүркіттің тұяғын байлайды – привязывает когти беркута
қырандай көреген – зоркий глаз
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, көп балалы қадірлі ана сыйға береді. Оның себебі сәби де көп балалы болсын деген тілек. Баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады.
Ең алдымен бесікті отпен аластайды. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Ана тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
Тойға келгендер шашу шашып, балаға батасын береді.


Тұсау кесу
тұсау кесу –
сәби –
сүрінбей жүрсін –
дәстүр –
ала жіп –
біреудің ала жібін аттамау –
тілек –
өткір қайшы –
сыйлық -

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын» деген тілек бар. Жіпті қадірлі, сыйлы, сүрінбей, жеңіл әрі жылдам жүретін адам кеседі. Бұл - бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім. Тұсау кесуші өткір қайшымен ала жіпті кесіп:
- Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін! – деп, жырлайды. Баланы екі жағынан екі адам екі қолынан ұстап, ақ мата үстімен тез жүгіртеді. Тұсау кескен адамға баланың әке-шешесі арнайы сыйлық береді.
Туынды және тұйық етістік
Сен ештеңені ойлама, сабағыңды оқы. Қырыққабатты тұзда. Балаңды тәрбиеле.
Мен осы аптада үйге баруым керек. Кітапханаға бару. Шахмат ойнау.


Беташар
1. Сөздікпен жұмыс
тарт-тянуть (прибери, останови)
сауысқан – сорока
сақ – осторожный
көрімдік – подарок при показе невесты
керілу – важничать
босаға – порог
қосақ – супруг (а)
тең – равный
береке – достаток
оралу – обвиваться
желек – легкая верхняя одежда
сүйінші – подарок за хорошую весть

2. Оқыңыз, жаттап алыңыз
Беташарды келіннің бетін ашу үшін айтады. Келіннің бетін домбырамен ашады.
Айт, келін-ау, айт, келін,
Аттың басын тарт, келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Келін келді, көріңіз,
Көрімдігін беріңіз,
Ала-құла демеңіз,
Атын айтып беріңіз...
...Келін, келін, келдің бе?
Керілмей сәлем бердің бе?
Құтты болсын босағаң,
Құт келін боп еліңе!
Құтты болсын қосағың,
Қосылыпсың теңіңе!
Құт-береке оралсын
Желегіңе, жеңіңе!

Қыз ұзату
Қыз ұзату – үлкен той-думан. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны – қызды құтты жеріне қондыруы, жылайтыны- қимастық көңілі. Қызды алуға құда бес немесе жеті адам келеді. Құдалар кешкілік уақытта келеді, мұнда ойын-сауық, құдалық рәсімдер өткізіледі. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «қоштасу» жырын, ал жастар «жар-жар» жырын айтады.
Категория: Казахские национальные игры | Добавил: gulyarashackirova (2016-02-11) E
Просмотров: 1419 | Комментарии: 4 | Теги: салт, дәстүр | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Казахские национальные игры [41]
Игры с карандашом в руках [13]
Подвижные игры [28]
Загадки, задачи-шутки, пословицы [11]
Игры для учительской вечеринки [15]
Игры на школьном вечере [22]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru