Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Дневник

Главная » 2015 » Январь » 28 » Тьютерлік жұмыс
3:07 PM
Тьютерлік жұмыс
№5 МКҚК МДҰ тьюторлық жетекшілік бойынша жұмыс тәжірибесі.
Жаңа (тьюторлық) позицияның пайда болуы бір жағынан білім берудегі өзгерістермен, екінші жағынан әр субъекттың білім беру үрдісіне өзінің жеке білім беру бағытын басқару үрдісіне енгендей жағдайды қамтамасыз ететін білім берудің даралануынан туындайды.
Осыған байланысты әдістемелік қызмет жұмысында жаңа позиция туындайды — педагогтардың дамуына жетекшілік ететін тьюторлық позиция.
Тьютор сөзі ағылшын тілінен «tutor» аударғанда «үй оқытушысы, репетитор, тәлімгер, қамқоршы» дегенді білдірді.
Педагогтардың қызметіндегі жаңа нормалардың пайда болуы үшін тьютор оларға өз жетістігін түсіну, проблемаларын ұғу, мақсаттары мен әрекеттерін жүйелеу мақсатында қызметін талдауға, рефлексиялауға көмектеседі. Педагогтардың өзінің жеке кәсіптік білім беруін қалыптастыру үшін тьютор оларға жеке білім беру бағдарламаларын құруға көмектеседі, кәсіби байқаулар мен тәжірибелер ұйымдастырады, педагогтарға олардың кәсіби жайғасуын қамтамасыз етеді.
Тьютордың негізгі функциялары:
• Жобалау
• Ұйымдастырушылық-мотивациялық ақпараттық-консультациялық сараптамалық және рефлексивті.
Берілген ортадағы тьюторлық жетекшілікті ұйымдастыру келесі принциптерге сай болуы тиіс:
1.Интерактивті (нақты білім аймағындағы тьюторлармен және эксперттермен байланыс, басқа да қатысушылармен қарым-қатынас).
2.Білім беру формалары мен әдістерінің артықтылығы (білім беру үрдісін ұйымдастырудың сипаттамасы, белсенді әдістер, білімдік құбылыстар).
3.Бірегей оқу-әдістемелік материалдардың әр түрлілігі.
4.Оқытудың мазмұнын жоспарлау (жеке білім беру бағыттарын құру еркіндігі — оқу курстарыны жүйесінен модульдер, білімдік құбылыстар және т. б.).
5.Өзін өзі ұйымдастыру және өзін өзі оқыту.
6.Жоспарлау, байланыс, жетістіктерді көрсету, өзіндік рефлексия құралдарынан тұратын дамыған виртуалды инфраструктура.
7.«Ошаған» принципі, қандай да бір әрекет жасау жаңа мүмкіндіктер ашып, күрделірек жаңа әрекет жасауға итермелейді.
8.Құзыреттілікті дамыту принципі («Білу, Істей білу, Ие болу және Болу» принципі).
Оқу үрдісін қамтамасыз ететін ақпараттық-білімдік интернет-орта, үйреншікті құралдардан өзгеше
№5 МДҰ тьюторлық жұмысының мазмұнын 6 өзара байланысқан блокқа немесе модульге бөлуге болады:
1.Педагогтармен жұмыс.
2.Ұйымдастыру-педагогикалық шаралар.
3.Тәрбиеленушілермен жұмыс.
4.Ата-аналармен жұмыс.
5.Басқа білім беру, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас.
6.Оқу-тәрбие үрдісін қолдау мен жағдайын зерттеу.
— педагогтарды балалар дамуының диагностикасын жүргізуге дайындау (мониторинг)
— шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Жас мамандарға көмек көрсету жоспарын құру;
— педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпыландыру жұмыстары;
— педагогтармен жеке әңгімелесу;
— педагогикалық семинарларды дайындау және өткізу (семинар-практикум);
— педагогтарға АКТ құзыреттілігі және желілік қарым-қатынас мәселелрі бойынша консультациялар;
- түрлі материалдарды талқылау, оларды рәсімдеу және педагогтар ұжымына ұсыну;
- ашық сабақтар өткізу;
— өз білімін жетілдіру бойынша педагогтар есебі; «дөңгелек үстел»;
— барлық педагогтарды жылдық бағдарламаның орындалуы туралы есепке дайындау (соның ішінде «дөңгелек үстелдер», презентациялар, т.б.);
- біліктілігін арттыру бойынша педагогтарға көмек.
Оқу-тәрбие үрдісін зерттеу жағдайы:
— құжаттаманы рәсімдеудің сапасын тексеру;
— оқу жылының басында диагностиканы тиімді ұйымдастыру үшін әдістемелер, сұлбалар, графиктерді таңдау;
— педагогикалық тәжірибені зерттеу және жариялау жұмыстары;
— жылдық жоспарға сәйкес тақырыптық бақылауды дайындау және іске асыру
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтамасыз етудің «Балапан» бағдарламасы негізінде, сондай-ақ, Бөрлі АББ бұйрығына сәйкес ауылдық мектептер жанынан шағын орталықтар ашылды.№5 МДҰ келесі шағын орталықтар бекітілген: «Аққайын» - Березевка ауылы, Аксу «Балауса» және МДҰ «Өркен» Қызылтал ауылы. Үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы деңгейінде бала тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде ауылдық шағын орталықтар байланысы келесі түрде өтеді: кеңес берулер, семинарлар, шеберлік сыныптары, тәжірибе алмасу.№5 МДҰ жоғары санатты тәрбиешілері мен мамандары тәжірибе таратудың жүйелі жұмысын іске асыруда. Ауылдық жерде экология бойынша тәжірибелік жұмыстармен жоғары санатты тәрбиеші Резунова Г.В. бөліседі. Дене тәрбиесі нұсқаушысы С.Т.Имангалиеваның жүйелі сапарлары үлкен нәтижелер беруде. Дифектолог Каиргалиева Г.Г. және логопед Порушкова Т.Н. Логопунктте балалардың сөйлеуін дұрыстауда. Ағылшын тілі мұғалімі Есенгазиева М.К. Алғашқылардың бірі болып өз жұмысына « Hippo and friends» бағдарламасын енгізді және өз тәжірибесімен бөлісуден талмайды. Жан-тәнімізбен жұмыс істей отырып біз шағын орталықтардағы жұмыста үлкен нәтижелерге жетудеміз.
Аксу ауылында алты жыл жұмыс өтілі бар екінші санатты тәрбиеші Сыдикова Жулдыз Кадыргалиевна жұмыс істейді.
Кызылтал ауылында тәрбиеші Канатова Светлана Талаптановна 2 біліктілік санатына ие және ол бүгін біздің балабақша тәрбиеленушілерімен өз жұмысын көрсетеді.
Барлық педагогтар өз жұмысында проекторды қолданады және интеактивті тақтаны қолдануға дағдылануда - бұл педагогтардың заман ағымымен бірге жүретінінің дәлелі.
Березовка ауылында тәрбиеші Кушмангалиева Светлана Жарылгалиевна 2 біліктілік санатына ие, Майтахова Жанар Ерболатовна 2014 жылы Гуманитарную академияның мектепке дейінгі білім беру факультетін тәмәмдамақшы, Нуржанова Гульнара Сарсенгалиевна 2 санатты қорғауда.

№5 МКҚК МДҰ әдіскері: Талипова Г.Ж
Просмотров: 3276 | Добавил: жандарбековна | Рейтинг: 1.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-10-04, 1:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Все лучшее в душе осталось... [22]
Воспоминания о людях, которые встречались на моих журналистках дорогах.
Кабачок "13 табуреток" [25]
Поговорим "за жизнь"!
Любимые стихи [80]
Уважаемые коллеги! Давайте обмениваться здесь своими любимыми стихотворениями. Таким образом, мы составим общий альбом самых любимых стихотворений.
Из дальних странствий возвратясь [7]
Побывали в путешествии? расскажите всем!
Салон красоты [1]
Искусство стать красивым
Хочу поделиться... [53]
Дневник учителя [12]
В этой рубрике, дорогие коллеги, вы можете писать на все темы, которые вас волнуют, поделиться наболевшим.
Дневник Людмилы [31]
Дневник администратора сайта журналиста Людмилы Мананниковой.
Альманах "Синяя птица" [36]
Творчество педагогов и их воспитанников
Салют, пионерия! [4]
Вспомним наше пионерское детство. Альтернатива пионерии сегодня, на ваш взгляд.
Куда пойти учиться? [7]
Представляем вузы, колледжи, профессиональные школы, частные школы Казахстана.
Представляем членов редколлегии нашего журнала [9]
Разговор в учительской [40]
Этика профессии
Клуб любителей пословиц [101]
Школьные истории [4]
Вы работаете или учитесь в школе, и у вас есть интересная школьная история? Эта рубрика для вас. У вас есть интересное школьное воспоминание из детства? Это тоже для вас!
Не равнодушным к чужим проблемам [3]
Автор блога - Татьяна Цафт

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru