Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Дневник

Главная » 2015 » Февраль » 19 » Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
6:42 PM
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды.
Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор.
Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.

Атап айтқанда:
-педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балалардыайналаментаныстырудыңбағдарламасын, олардыңата-аналарынанасихаттау;
-әртүрліжастағыбалалартоптарындағыоқу-тәрбиелікжұмыстар;
Қоршағанортаныаялауғадегенадамныңсаналыкөзқарасынқалыптастыруоның бала кезіненертебасталуытиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді.
Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. [3]
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз.
Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,ойыншықтарды,түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады.
Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.
Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады.
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта,табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. [1]
Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.
Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор:
" Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын" " Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.
Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.
" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші,барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/
2. Көбеева Н «Бала жәнетабиғат» \\ Үйелменжәнебалабақша. – 1993. № 5.
3. Құлшанова СТабиғаттықорғау. \\ Отбасыжәнебалабақша. – 1993. № 6.
4. КерімбаеваРТабиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасыжәнебалабақша. – 1997. № 1 – 3.
5. Жұмабекова Ф.И Көркемдіктәрбиеніұйымдастыруерекшеліктері. \\ Бақшадағыкөркемдіктәрбие.,
Категория: Хочу поделиться... | Просмотров: 2414 | Добавил: amirovagulzhazira | Теги: Амирова Гүлжазира Тлеуберлықызы | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-10-10, 2:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Все лучшее в душе осталось... [22]
Воспоминания о людях, которые встречались на моих журналистках дорогах.
Кабачок "13 табуреток" [25]
Поговорим "за жизнь"!
Любимые стихи [80]
Уважаемые коллеги! Давайте обмениваться здесь своими любимыми стихотворениями. Таким образом, мы составим общий альбом самых любимых стихотворений.
Из дальних странствий возвратясь [7]
Побывали в путешествии? расскажите всем!
Салон красоты [1]
Искусство стать красивым
Хочу поделиться... [53]
Дневник учителя [12]
В этой рубрике, дорогие коллеги, вы можете писать на все темы, которые вас волнуют, поделиться наболевшим.
Дневник Людмилы [31]
Дневник администратора сайта журналиста Людмилы Мананниковой.
Альманах "Синяя птица" [36]
Творчество педагогов и их воспитанников
Салют, пионерия! [4]
Вспомним наше пионерское детство. Альтернатива пионерии сегодня, на ваш взгляд.
Куда пойти учиться? [7]
Представляем вузы, колледжи, профессиональные школы, частные школы Казахстана.
Представляем членов редколлегии нашего журнала [9]
Разговор в учительской [40]
Этика профессии
Клуб любителей пословиц [101]
Школьные истории [4]
Вы работаете или учитесь в школе, и у вас есть интересная школьная история? Эта рубрика для вас. У вас есть интересное школьное воспоминание из детства? Это тоже для вас!
Не равнодушным к чужим проблемам [3]
Автор блога - Татьяна Цафт

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru