Балатану баспалдақтары
Қазақ халқы-өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын, шаңырағымда шырақ жансын, ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген, баланың азамат болуы жолында күш-қайратын аямаған. « Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты-шешеге» деп ұл-қыздарының өнегелі де ұятты,тәрбиелі де текті болуына ерекше назар аударып, әрбір ата –ана бұл жауапкершілікті өздерінің абыройлы міндеті,ұрпақ алдындағы қасиетті борышы санаған. Қашаннан қазақ ұрпақты Тәңірден, Алладан, Жаратушыдан жалынып, тілеп, қалап-сұрап алатын.Балалы болу үшін,мойнына бұршақ салып тілеуден бастап,күндіз-түні иманынындай үйіріп,қадам сайын жалбарынумен қатар, сәл кешіге бастаса болды,баз кешіп, әулиелі орын мекендерге,жатып-түнеп,сыйыну мен табынудан жалыққан емес.Қазақтың осы бір ақжарқын, асыл,риясыз пиғылына Жаратушы да нұрын төгіп, шапағатына бөлеп,алдына отыздан, артына оннан ұрпақ сыйлаған ғой!Ормандай отыз ұлды,еліктің лағын дай ерке жиырма қызды мәпелеп өсірген қазақ мол-ақ еді.К
...
Читать дальше »