Главная »
2010 » Ноябрь » 30 » Ел басының саясатын бір ауыздан қолдаймыз
2:41 AM Ел басының саясатын бір ауыздан қолдаймыз |
Ел басының саясатын бір ауыздан қолдаймыз ЕҚЫҰ-ға кіретін мемлекет басшыларының қатысуымен болғалы отырған саммит, еліміздің ғұмырындағы ең маңызды оқиға болмақ. Күтіліп отырған шара Отан сүйгіштікті және көсеміміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының беделінің өскендігін мақтанышпен қарау. Астанада болатын ЕҚЫҰ саммиті – бұл бізлің қоғамызды біріктіріп, оның қозғалысын ұштастыру. Қазақстан студенттері де мемлекетіміздің саяси өмірінен шеттеп қалмады. Жирыма жеті күн ішінде Алматы Энергетика және Байланыс Университетінде бірнеше үлкен шаралар өткізілді. Олардың барлығы да студенттердің белсенді араласуымен болды. солардың ішінде 4 дөңгелек үстел (20,27 қазан және 10,17 қараша 2010ж.) және 2 курс студенттер арасында ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Аса жетістікпен «ЕҚЫҰ іс – шараларына Қазақстанның қосқан үлесі» 17 қараша күні болған ғыылми – техникалық конференцияны атауға болады. Мұнда 16 студенттің баяндамасы тыңдалды. Сулейменова Дана 3 курс Жылуэнергетика факультетінің студенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осындай ауқымды форумды және қазақ дипломатиясын ұйымдастырудағы ұлылығын атап көрсетті. Малаева Айсұлу (ЖЭФ) евразиялық векторды ЕҚЫҰ іс – шараларындағы қазақстандық инновация есебінде көрсете білді. Хайрушева Маржан мемлекетіміздің ЕҚЫҰ-ға басшылығы кезінде гуманитарлық бірлестіктің ұлғайғандығын көрсетті. Сарсенбаев Бауыржан біздің дипломатиямыздың басты принципі конфессия аралық және мәдени аралық төзімділік екендішігіне бабара назар аударды. Барлық сөз алған азамататрдың негізгі ойы - өзінің Президенті мен еліне мақтанышпен қарау. Бұл өз кезегінде күтіліп отырған ЕҚЫҰ саммитіне студенттер қауымдастығынан қолдау екіндігінің айқын көрінісі.
Абрахматова Г.А.
|
Категория: Новости Казахстан |
Просмотров: 1177 |
Добавил: collegy
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]