6:44 AM Педагогикалық мұра ұлттық білім беру жүйесін дамытудың құндылық бағдары ретінде» халықаралық қатысу бар ғылыми-практикалық конференциясы | ||||||||||
«Ашық мектеп» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Алматы № 2 мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі АҚПАРАТТЫҚ ХАТ «Педагогикалық мұра ұлттық білім беру жүйесін дамытудың құндылық бағдары ретінде» халықаралық қатысу бар ғылыми-практикалық конференциясы Мақсаты: заманауи білім беру парадигмасын іске асыру міндеттеріне байланысты өткеннің және бүгіннің педагогикалық идеялары мен теорияларының аясында педагогтардың практикалық тәжірибесін ой елегінен өткізу. Конференцияның бағыттары:
Келесі міндетті: - педагогика классигінің позицияларын баяндау (интерпретациялардың емес, бастапқы дереккөздің негізінде) және төл тәжірибеден мысалдармен олардың өзектілігін растау; - классиктің идеяларына комментарийлер жасау (бір идеяны иланымды қисындау, егжей-тегжейлі ашып көрсету, қисындарды келтіру маңызды); - идеяларды қабылдау (жоққа шығару) (классикпен пікірсайысты, мысалы, сұхбат әлде түйінді мақала ретінде құруға болады); - төл педагогикалық тәжірибенің негізіндегі қисындар (нақты педагогтың практикасында даму алған идеяны ашып көрсету, авторлық идеялардың даму бағытын, интерпретацияларын, ықтимал перспективаларын көрсету). Педагогтардың, психологтардың, ағартушылардың жұмыстарын қайта оқуға болады: Ян Амос Коменский (1592-1670) Жан-Жак Руссо (1712-1778) Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) Адольф Дистервег (1790-1866) Николай Иванович Пирогов (1810-1881) Николай Иванович Ильминский (1822-1891) Константин Дмитриевич Ушинский (1823-1870) Сергей Александрович Рачинский (1833-1870) Петр Францевич Лесгафт (1837-1909) Ибрай Алтынсарин (1841-1889) Петр Федорович Каптерев (1849-1922) Владимир Михайлович Бехтерев (1857-1927) Александр Ефимович Алекторов (1861-1918) Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934) Януш Корчак (1878-1942) Павел Петрович Блонский (1884-1941) Антон Семенович Макаренко (1888-1939) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Лев Семенович Выготский (1896-1934) Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) Әбдіхамит Ибнейұлы Сембаев (1905-1989) Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев (1910-1962) Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) Шалва Александрович Амонашвили (1931) және басқалары Барлық қатысушылар Сертификат алады. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, ерекше қызықты және педагогикалық жұртшылық үшін маңызды баяндамалар үшін, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін алғыс хаттар тапсырылуы мүмкін. Барлық авторлар конференцияға онлайн режимде қатыса алады. Конференцияға қатысу үшін Қазақстан мен шет елдердің ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагог жұмыскерлер, педагогикалық оқу орындарының докторанттары мен магистранттары шақырылады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс тілдері. Ұйымдастыру комитеті мынаны жоспарлайды - үздік материалдарды «Ашық мектеп» журналында жариялау; - PDF форматында open-school.kz сайтын орналастырылатын Конференция материалдарының жинағын басып шығару Редакциялық комиссия жарияланымдарға арналған мақалалар іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Материалдарды ресімдеу ережелері. Баяндаманың мәтіні (беттерді нөмірлеусіз А-4 форматының 5 бетінен артық емес) ені бойынша түзулеумен және автоматты ауыстыруды міндетті түрде орнатумен Microsoft Word мәтін редакторында Times New Roman, KZ Times New Roman қарпімен терілуге тиіс (жол аралық интервал – 1, символдың мөлшері – 14, барлық шетжолдар Мақалада жоғарғы сол жақ бұрышына қойылған әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) индексі болуға тиіс. Әдебиетке сілтемелер шаршы жақшаларда көрсетіледі, мысалы, [1, 152-б.]. Әдебиеттің тізімі қолданыстағы стандарттарға сәйкес ресімделеді. Ұйымдастыру комитеті, егер материалдарды конференцияның тақырыптамасы мен форматына сәйкес келмейтін деп тапса, оларды қабыл алмау құқығын өзіне қалдырады. Баяндамаға тіркеу нысаны қоса беріледі:
Материалдар «Конференция» белгісімен электронды түрде қабылданады е-mail: o.shkola7@mail.ru арқылы Мақалаларды тапсыру мерзімі 2018 жылғы 31 тамызға дейін. 1-саты. Сырттау 15 мамыр-31 тамыз – Баяндамаларды ұйымдастыру комитетіне жолдау. 31 тамыз-15 қазан – Баяндамаларды жинақта жариялау үшін іріктеу. Жинақты конференцияның бағдарламасын қалыптастыру. 15-31 қазан – жинақты конференцияға қатысушыларға электронды тарату. 2-саты. Конференция. Өткізілу күні – 2018 жылғы 3-4 қазан. Барлық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетке келесі электронды мекенжай бойынша хабарласу керек: o.shkola7@mail.ru Байланыс телефоны: 8 707 820 06 05 Толық ақпаратты open-school.kz сайтынан табуға болады. | ||||||||||
|
Форма входа |
---|
Категории раздела | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|