Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Английский клуб » Раннее обучение английскому языку

Ағылшын тілін оқытуда оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Ағылшын тілін оқытуда оқушылармен жүргізілетін тіл
дамыту жұмыстары
Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның жеке басы қасиеті мен қабілетінің даралығын танытатын белгі екені мәлім. Лингвистер тілді өз алдына жеке емес,керісінше адам әректінің бір түрі ретінде қарастырады.''Тіл-тұйықталған әрекет актісі және оның өзінің аралық мақсаты бар,іс-әрекет мақсатына тәуелді тілдік әрекеттердің жиынтығы '' дейді А.Леонтьев.
Оқу тілдік дағды ретінде екі деңгейден тұрады;қарқынды деңгей және мотивациялық-саралау деңгейі.Қарқынды деңгейдің негізіне дағдылар жатады.Оқу дағдысын үш топқа бөлуге болады:
-сөздер мен сөз тіркестерін тану және түсіну дағдысы;
-тілдің грамматикалық формаларын,синтактикалық құрылымын
тану ,олардың мағынасын айқындау дағдысы;
-тілдің графикалық формаларын айыра білу дағдысы.
Шетел тілі пәнін мектепте оқытудағы мақсат –оқушылардың күнделікті өмірде оны қолдана білуге үйрету. Шетел тілінде берілген теориялық білімді тәжірибелік жұмыстармен ұштастырып отыру.Оқушыны шетел тілінде өз ойын еркін жеткізуге дағдыландырады.Қазіргі уақыт талабы жаңа әдісті,шығармашылық ізденісті талап етеді.Әрбір мұғалімнің негізгі міндеті –оқушыларға терең де тиянақты білім беру.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге ынтасын аттырады.Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасуы арқылы танымдық қызығушылық пайда болады.Оқушының танымдық қызығушылығы екі түрлі жолмен:бірі дамыта оқыту, екіншісі-тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады.
1.Ойлау процесіне миына көп салмақ түсіруден.
2.Сабақты бірыңғай,бірсарынды жүргізуден.
3.Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден.
4.Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп ,сабақты созып жіберуден.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді.
1.Алфавитті дұрыс меңгеру.
2.Орфографияны дұрыс оқыту.
3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
4.Лексиканы меңгерту.
5.Оқушының ойын дамыту,дұрыс жазу,дұрыс айту,білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың тілін дамыту үшін коллаж әдісін қолдануға болады. «Коллаж»термині шет тіліне сурет өнерінен келген.Форма жағынан коллаж плакат немесе қабырға газетіне ұқсас келеді.Бұл әдіс оқушылардың тілін,сөздік қорын көбейтуге,өз бетінше ізденуге,топпен жұмыс жасауға үйретеді.
«Environment»мәтінін екі қайтара оқу.Қиын сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою.Түсінгенін тексеріп тақтаның ортасына «nature»сөзін жазу.Бұл сөздің айналасына коллаж әдісімен жапсыру тиімді.
Ағылшын тілі сабақтарында топпен дифференциялық жұмыс жасау.Негізгі дифференциялы жұмыстың міндеті оқушылардың топпен жұмыс жасауына және оқушылардың тек қана білім емес тәрбиеге топтағы өз орнына және деңгейіне қарай дайындалуына жәрдемін береді.
Жасыратыны жоқ әр мектепте әр топпта әр түрлі деңгейдегі балалар отыратыны жасырын емес.Сол оқушылардың әр түрлі деңгейін ескере отырып оларды төрт топқа бөлеміз:А.В.С.Д.
А тобы оқушыларының жоғары деңгейін есептей отырып тексті оқып аударуға сол туралы түсінік айтуға тапсырма береміз.
В тобының оқушыларына сол тексті оқып аударуға тапсырма беріледі.
С тобының деңгейін ескере отырып,тексті жүргізіп оқуға түсінген сөздерін аударуға тапсырма беріледі.
Ең төменгі деңгейлі Д тобы оқушыларына тексті шама –шарқына қарай оқып қиын сөздерді мұғалімге дауыстап оқып беруге тапсырма беріледі.Міне,осы әдістермен қоса суретке қарау арқылы ситуацияны түсіне отырып,сөз құрауға тапсырма беруде жақсы әдіс болады.
Ағылшын тілінде оқушыларға мақал-мәтел айтқызу арқылы да тілін дамытуға болады.Мысалы:Health is better than wealth-Денсаулық –зор байлық.Better late than never-Ештен кеш жақсы.Actions speak louder than words-Адамның сөзінен емес,ісінен таны.
Оқытудың басты мақсаты –тілді игеру болса,тілдік ырғақты дамыту олардың ауызекі тілде сөйлеу іскерлігі мен дағдысынан анық көрінетін болады.Тілдің фонетикалық ерекшеліктерін үйретудің түп негізі- ағылшынша әртүрлі рифмовкалар мен өлең тақпақтарды жиі айтқыза білуде:
One ,one,one
Little dog run
Two,two,two
Cats see you
Three,three,three
Birds on the tree
Four,four,four
Rats on the floor
Жаңылтпаш пен тақпақтың тағы бір пайдалы жағы олардың жаңа граматиканы алғанда қолданылуы. Кейбір жаңылтпаш, тақпақ оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, сыйластыққа, бір-бірін жақсы түсінуге, жолдастыққа, қоршаған ортаны қорғауға ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Тілдің өзіндік заңдылықтары бар. Қай тіл болсын белгілі бір ережелерге сүйенеді. Алайда, шетел тілін үйрену оқытушы мен оқушының еркінде. Осы заңдылықтарға қарамастан ағылшын тілі біздің елімізде кең етек жаюда.
Біздің елде қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі –халықаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – ғаламдық экономикаға кірудің негізгі тілі ретінде дамыту көзделген. Бұл – мемлекетіміздің тілдік саясатының ең негізгі мақсаттарының бірі.
Оқытушы ең алдымен, адамгершілікке бағдарланған тәрбиелеуші болуы маңызды. Ендеше оқыту барысында үздіксіз әрі жүйелі түрде қолданылған технология сөйлеу әрекетін қалыптастыруды меңгертеді, сондықтан ағылшын тілін қазіргі заманға сай тиімді үйретуге мүмкіндк беретін заманауи әдіс – тәсілдерді қолдана білуіміз қажет.
Қорыта айтқанда нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Ендеше қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Қазақсатан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға » деп көрсетілген

Шәкерім орта мпектебі КММ

Баяндама

Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытуда оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

Тұрысбекова К.Т

2013-2014 оқу жылы
Категория: Раннее обучение английскому языку | Добавил: Гульнурик (2013-11-18)
Просмотров: 2905 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:45 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Английский для ленивых, но любознательных [15]
Методика Индиры Зариповой
Раннее обучение английскому языку [43]
Разработка Елены Астаповой. Восточный Казахстан.
Поликультурное образование [49]
Статьи Ануш Бондаревой. Алма-Ата
Учимся с интересом [86]
Игры, стихи, сказки, пословицы, поговорки

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru