Главная » Статьи » Английский клуб » Поликультурное образование |
Қазақ (орыс) әдебиеті және ағылшын тілін тереңдетіп оқыту пәні бойынша ашық сабақ жоспары Пән: Қазақ (орыс) әдебиеті, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту Сабақ № ____ Күні Топ Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов шығармашылығы. «Шыңғыстау» әңгімесін оқыту Сабақтың мақсаттары: Бүгінде ұлт мақтанышына айналған, «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақты әлемге танытқан М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын әр қырынан оқыту. а) білімділік: Қазақ әдебиеті тарихында «Шығыстың шынары» атанған жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Шыңғыстау» әңгімесінің тақырыптық-идеялық сипатын ашып көрсету және ағылшын тілі грамматикасы бойынша алдыңғы сабақтардаға байланысты сөйлемдер құрастыра алу ә) дамытушылық: Әлем таныған Әуезов шығармаларының көркемдік ерекшелігін ашу, «Шыңғыстау» әңгімесінің болашақ мамандықпен байланысын түсіндіру, аймақтық компонентке көңіл бөлу. б) тәрбиелік: Оқушыларды М.О.Әуезовтің «Шыңғыстау» әңгімесі арқылы өздері таңдаған мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу,аймақтық компоненттерді оқыта отырып, шығыс жерінің байлығын бағалауға, халық үшін қызмет етуге үйрету. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың типі: дәстүрлі емес Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих, география,қоғамтану, геология т.б. Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, бейне материалдар, үлестірмелі материалдар т.б. Сабақтың барысы № р/с Сабақтың кезеңдері Сабақ кезеңдерінің мазмұны 1. Ұйымдастыру кезеңі - Сәлеметсіздерме, студенттер! - Good morning, students! - What’s the date today? -What’s the day today? -Who is on duty today? -Who is absent today? 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру -Сабаққа дайындықтарың қалай? 2. Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіру -Бүгінгі сабақ- қазақ әдебиеті мен ағылшын тілін тереңдетіп оқыту пәндерінің байланысын көрсететін сабақ. Өту формасы да өзгеше, дәстүрлі емес. Сабақ М.О.Әуезов шығармашылығы туралы және жазушының «Шыңғыстау» әңгімесіне арналады. Әуезов қазақ әдебиетінде ерекше орны бар, қарымды қаламгер, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері екенін біз білуіміз керек. «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» эпопеясына дейін, «Еңілік-Кебек» трагедиясынан «Қарапышақ-Қобылдандыға» дейін тамаша туындыларды жазды. М.О.Әуезовтің шығармашылық жолы жазушыларға үлгі болса, қазақ халқы оны мақтан етеді. -Today we have non-traditional lesson. Our lesson is devoted [dɪ'vəutɪd] to M.O.Auezov's story "Shyngystau" that was given to you to read ahead [ə'hed]. There are two teams here, the first team is "Karazhyra" and the second one is « Altai-altyn ». Teachers are the bank. As any company you have some stocks, but they are not enough for realization of your ideas. To realize your future plans, it is necessary to have enough money which you can receive in our bank. If you do our tasks correctly you receive a credit. Our money is carat. The tasks are estimated with carats. And if you cannot do the task or the answer is wrong then we take some of your stocks. At the end of the game we will count money and your stocks, the team that has earned the most money and saved its stocks will win. - «Шыңғыстау» әңгімесі жазушының мұрағатынан алынып, 1967 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Жазушы 1943 жылы «Абай жолы» романына материал жинау үшін еліне барған сапарында жазған-деген болжам бар. Өйткені әңгіме сол тұстың оқиғасын көрсетеді. Әңгімеде шығыс өңірінен алтын мен көмірдің табылғаны және мұндай кен байлығының Ұлы Отан соғысы кезінде үлкен көмек болғаны туралы айтылады. Әңгіме мәтіні өздеріңе алдын – ала оқуға берілген. Шығарманы талдауды дәстүрлі емес үлгімен өткіземіз. 3. Студент білімдерінің актуалдылығы 1.Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері мен танымдарын арттыру. 2.Қазақ және ағылшын тілдерінде сөздік қорды молайту, өз ойларын жеткізуде тілдік ерекшеліктерді меңгерту. 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру 1. Алдымен қазақтың ұлы жазушысы атанған М.О.Әуезов өміріне шолу жасайық: (8 сұрақ) 1.Ұлы жазушының өмір сүрген жылдары, туған жері.(1897-1961) Семей облысы, Абай ауданында, Бөрлі деген жерде туған. Where was the writer born? The writer was born in the village Borli, Abay’s area, the East – Kazakhstan region. (қазақша сұрақ )- 100 карат 2.Мұхтар Абай өлеңдерін қалай оқып, білді?(Атасы Әуез бен әкесі Омархан Абай ауылымен іргелес, құдандалы, дос-жаран адамдар болған) - Through [θruː] whom did Mukhtar learn Abai? (ағылшынша сұрақ)- 200 карат 3. 1908 жылы Мұхтар қайда келеді,1915-1919 жылдары қандай оқу орнында оқиды?(Семейде орыс мектебінде оқып, кейін мұғалімдер семинариясына оқуға түседі) Why did Mukhtar come to Semey in 1908? Where did he study from 1915- to 1919 ? (He came to Rissian school in Semey and entered the teacher’s seminary, he studied at this school from 1915- to1919.) (ағылшынша сұрақ) -500 карат 4.М.Әуезовтің тұңғыш күрделі шығармасы қашан жазылды?(«Еңілік-Кебек» драмасы 1917 жылы) - When was Mukhtar Auezov’s first work written? His first work of literature was “Yenlik- Kebek, it was written in 1917”(қазақша сұрақ)- 200 карат 5.Алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күні» қашан жазылды? Мұндағы қорғансыз кім?(1921 ж-Ғазиза) When was his story “Korgansyzdyn kuni” written? Who is main hero of the story? It was written in 1921 and main hero is Gaziza. (ағылшынша)- 500 карат 6.Жазушы қандай жоғары оқу орындарында оқиды?(1922ж-Орынборда, Ташкентте қызмет істеп Орта Азия мемлекеттік Университетінде,1923-1928 жылдары Ленинград Университетінің филология факультетіне оқиды) What schools (educational institutions) did the writer attend? In 1922 – Orenburg, Tashkent - he studied in Central-Asia University, Mukhtar studied in the Faculty of Phylology of Leningrad State University from 1923-to 1928 . (қазақша)- 500 карат 7.Жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Мемлекеттік және Лениндік сыйлықты қашан алды?(1949, 1959 ж) He got it in 1949 and 1959. When did the writer receive the first award [ə'wɔːd] of the Union of Soviet Socialist Republics and Lenin prize for the novel “Abai zholy/ The path of Abai” (ағылшынша)- 100 карат 8.М.О.Әуезов өмірінің соңғы жылдары қандай қызметтер атқарды? (Қазақ Мемлекеттік Университетінде дәріс оқыды.) Where did the writer work in the last years of his life? He worked at Kazakh State University. Mukhtar was a lector at this University. (қазақша)- 200 карат 2. Топтық жұмыс (карточка тарату) 1. «Шыңғыстау» әңгімесінің басты кейіпкерлері кімдер? Who are the main characters of the story Shyngystau? The Main characters of the story “Shyngystau” are geologist- Medet and his father Bazar. (қазақша)- 1000 карат 2. Идеясы не? (ағылшынша сұрақ)- 2000 карат Tell us about the main idea of this story 3. Әңгімеде қандай жердің, таулардың аттары аталады? What kind of regions, places and mountains are mentioned in this story? (қазақша)- 1000 карат 4. Басты кейіпкер Медеттің геолог болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар? (What was Medet’s main reason to become a geologist? (ағылшынша)- 2000 карат 3. а) Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлем құру (2 студент)-ағылшын тілінде make from scattered ['skætəd] words a question (interrogative sentence) and define type of the question and answer the question. 1. What is Bazar’s nephew’s name? His name is Koshpesbay- (nephew’s, is, Bazar’s, name, what, ?)- 500 карат 2. Who built the shed? Medet’s father built the shed. – ( ?, the, who, built, shed)- 500 карат 3. Medet found gold, didn’t he? (he, gold, ?, found, Medet, didn’t )- 500 карат 4. Did the group find coal at a distance twenty kilometers from that district? - (kilometers, from, group, that, did, coal, the, twenty, find, district, at, a, distance) - 500 карат ә) Қазақ әдебиеті пәні бойынша бәріне ортақ сұрақ: 2000 карат (1000+1000) -Қазақ жерінің кеңдігі,жер байлығының молдығы, алайда сол байлықты басқа халықтар тауып, іздеп, барлап,пайдаланып жатқаны жөнінде қандай ақын-жазушылардың шығармашылығында айтылды? (Қазақ әдебиетінде алғаш өндіріс тақырыбына арналған шығармалар С.Сейфуллиннің «Жер қазғандар», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Мұстафиннің «Өмір мен өлім»,«Қарағанды» романдарын мысал етуге болады. Поэзия жанры бойынша С.Дөнентаевтың «Екібаста», Қ.Аманжоловтың «Дүниеге жар» өлеңін ерекше атаған дұрыс. 4. Шығармашылық жұмыс. Шығыс Қазақстандағы пайдалы қазбалар туралы тың материалдар (Бейнеслайдтар . «Алтай-алтын», «Қаражыра» көмір кенорны, бір топ қазақ тілінде , екінші топ ағылшын тілінде) – 2000 карат (жартылай 1000 карат) Creative work. Each team prepares a slide work about gold and coal in English and in Kazakh languages. «Altai -altyn» prepares about gold in English, and "Karazhyra" about coal in the Kazakh language. Each team must translate its work into English or Kazakh languages. 5. Бекіту Әр команда бір – біріне сұрақ қояды (бір сұрақтан). Each team asks a question about the story "Shyngystau". «Біз геологпыз» колледж әнұранымен бекіту 1. When was the story of “Shyngystau” written? (1943) – 1000 карат 2. Ауэзовтың «Шыңғыстау» әңгімесімен үндес қандай шығарма бар? What story is similar to Auezov’s story “Shyngystau”? – 1000 карат 6. Үй тапсырмасы Ой толғау-Эссе жазу ( М. Әуезов туралы не білуші едім? Не білдім? Тағы да не білгім келеді?) Write an essay on a topic «What have I learnt about Mukhtar Auezov»? 7. Сабақты қорытындылау Бағалау комментаримен. Evaluation of students’ work Оқытушылар: Нүсіпжанова О.Ә. _______________ Смагулова Г.А. _______________ | |
Просмотров: 1244 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | ||||
---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|