Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Английский клуб » Учимся с интересом

математикадан сыныптан тыс іс-шара
Құрастырғандар:
ШҚО Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің физика – математика бір-лестігінің мұғалімдері Жапишева Т.Т., Мұқажанов Ж.Ш., Мұқажанова К.Ш., Мұрзағулова М.К., Доғалбаева Г.Ж., Ахметова А.Т., Жолмағамбето-ва Н.О.

Бұл көмекші құралға Георгиевка орта мектебінің физика-математика бір-лестігінің мұғалімдерінің сыныптан тыс өткізілген шаралары кіреді

Қолданылған әдебиеттер:
1. 6-8 кластарға арналған сыныптан тыс жұмыстар.
2. Авторлары В.А.Гусев, А.И.Орлов, А.П.Розенталь1984ж
3. «Арифметика есептері» авторлары О.Беркімбаев А.Беркімбаев 1996ж
4. «Первое сентября» газеті 2001 №1,2,3,4
5. «Занимательная математика» Я.И.Перельман

Компьютерлік терілім және редакторлау Доғалбаева Г.Ж Георгиевка орта мектебі
Достық көшесі 179 872347-42-421

Георгиевка орта мектебінің математика және физика пәндері мұғалім-дерінің жұмыс тәжірибесінен
10-сыныптар арасында өткізіген сыныптан тыс жұмыс
Физиктер –лириктер
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап отырмаңыздар! Физиктер-лириктер тақырыбына көңілді тап-қыштар сайысын бастаймыз.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Ғылымда Абай мен Архимедті тірі десең,
Сүйікті ұстаздардың бірі дерсің.
Бәріне адамзаттың ғылымы ортақ,
Білім қуған жастардың тірі дерсің-деп сайысымызды басталық
Сөз кезегін сайысқа түсуші топтарға береміз.
10»Б» сынып оқушылары:
Таныстыру алдында сәлемдесу
Білімнің ойға біткен арқасында,
Сіздердің келіп қалдық ортаңызға .
Атадан қалған дәстүр амандасу,
Бас иіп сәлем береміз баршаңызға.
Біздің тобымыздың аты – Сәуле!
Сәуле тобынан Архимед тобына жалынды сәлем!
Девиз: Сегіз қырлы, бір сырлы
Таныстыру:
Топ басшысы Маржан
Ол жеңілмес арзан.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Бейбіт бір жұмбақ адам оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп,
Мыңмен жалғыз алысқан Медетке кінә қойма.
Құлақтан кіріп бойды алар
Гүлнәрдің сөздері
Өнерлі білімді бол Елдостай,

Тастан сарй салғызғандай .
Әй, жолдастар осы ойын да өтер-кетер,
Жеңетін топ артыңнан қуып жетер.
Әлді топ бір табар әділқазы
Таразыға салса да озып кетер.
10 «В» сынып оқушылары:
«Ғылым» деп өмірі тұрамыз,
Ғылым үшін қол созамыз.
Топтың аты «Архимед» деп
Сондықтан біз қойғанбыз.
Девиз «Алдыда ғылым оны кез,
Өмір өтер, ол да тез.
Білім көл оны да кеш,
Надандық кез болса одан без».
Таныстыру: «Архимед», тобымыздың аты
Атына сай келеді қыздар менен ұлдары
Намысты , қайратты, жігерлі,
Рауан тұр міне білімге толы,
Айгерім тұр қалай жеңемін деп,
Алғыр, жігер, алмас ой,
Бинұр ой толғайды ғой.
Жайдарлы жүзді сабырлы,
Әсел тұр, атқан таң нұрлы.
Достарына ой салған, алдарыңызда Жандос тұр.
Бүгінгі күнге қуанып.

Мақал – сөздің мәйегі демекші. Кеспелердегі мақалды оқып, қандай мағы-наны білдіреді және қандай физикалық ұғымға, құбылысқа байланысты ай-тылған.
1) Етікті нәл сақтайды, 2) Басқан жерде із қалар
Жігітті әл сақтайды. Айтқан жерде сөз қалар.
3) Шешен сөзінен сынады 4) Жауатын күн- ыстық болады,
Ине көзінен сынады. Болатын бала – пысық болады.
5) Батыр туса – ел ырысы, 6) Бұлт қайда орнаса,
Жаңбыр жауса- жер ырысы. Береке сонда шөгеді.

• Келесі сайыс түрі топ жетекшілерінің арасында, олар әрқайсысы 2 сұрақтан алмасады.
• Келесі сайыс Абай өлеңдері мен әндерін, аудармаларын бейнелеу, екінші топ оны анықтайды.
• Соңғы сайыс тәжірибе көрсету. Әр топ жасаған көрсеткен тәжірибенің мәнін келесі топ айтады. Сайысымызға уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, айта тұра әр топқа жанкүйер болғандарыңызға алғыс айтамыз. Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасы-на береміз.

6-сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс жұмыс
Интеллектуалдық турнир:
«Озық ойлы оқушы»
Жоспары:

Мақсаты: Математика пәнінен сыныптан тыс өткізілген бұл турнир оқушы-лардығ пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімге деген талпыныс, ізденістерін ояту, қазіргі заман талабына сай теледидардан көрсетіліп жүр-ген танымдық бағдарламаны негізге ала отырып 6-7 сыныптар арасындағы сайыс кеші.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрістерін кеңейту, математи-калық білімдерін байыту, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру.
ТУРНИР 7 ТУРДАН ТҰРАДЫ
1тур БӘЙГЕ
Жауап нақты, тез болу керек. Қай ойыншы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол оқушы жауап береді.
Бағалануы 10 ұпай
1. Ең кіші натурал сан .
2. Сан сәулесінде санақ басы қай номерден басталады?
3. АВС < ның төбесі қайсы?
4. 1 кг-да қанша грамм бар?
5. Қосынды 4+4+4+4 нешеге тең?
6. 1т мақта ауыр ма ,әлде 1т тас ауыр ма?
7. Қаз бір аяғымен тұрса, салмағы 12 кг , ал екі аяғымен тұрса ше?
8. Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысымен тең?
9. Қандай екі санды бір-бірімен көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның қосындысымен тең?
10. Төрт 2 цифрымен 111 жазуға бола ма?
11. Мына сандардың 0...9 қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе?
12. Санның жүзден бір бөлігі?
13. Малда қанша жілік болады?
14. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы?
15. Машинаның дөңгелегін 1 сек қалай түсіруге болады?
16. Күн мен түн немен бітеді?
17. Қазақша ұзындық өлшеуіштері
18. Бұрыш түрлері?
19. «математика – ғылымдар патшасы» бұл сөздің авторы кім?
ІІ тур «Математика мақал-мәтелдерде»
Ойыншы мақал-мәтелдердегі қажетті санды атау керек.
Бағалануы 20 ұпай
1. Бес саусақ бірдей емес
2. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
3. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады.
4. Тойған жерге тоғыз кел.
5. Ерке бала – екі жылар.
6. Бір жылы сөз бір күнге азық.
7. Екі жақсы қос болмас, екі жаман дос болмас
8. Бес бармақ жиналса жұдырық болады
9. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге балайды.
10. Бесік баласы бес түлейді.
11. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
12. Жүзден біреу – шешен. Мыңнан біреу көсем.
13. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз
14. Ат баспаймын деген жерін үш болады.
15. Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.

ІІІ тур. «Кім тапқыр?»
Мектеп өмірінде кездесетін оқу-құрал жабдықтарды қазақша, орысша, ағылшынша жеткізе білу керек.
Бағалануы 10 ұпай
Кітап – книга-
Қалам – ручка –
Мұғалім – учитель –
Бор – мел –
Сызғыш - линейка –
IVтур «Жанды сұрақтар»
Жоғарғы сынып оқушылары сұрақ қояды,үш жауабын айтады, ойыншы дұрыс нұсқасын таңдайды.
Бағалануы 20 ұпай
V тур «Егер де мен...»
Жартылай финал
Бағалануы 30 ұпай
Қалған 4 ойыншының қайсысының ұпайы төмен, сол ойыншы жауап бере-ді.
«Егер де мен мектеп мүдірі болсам...»
«Егер де мен математика мұғалімі болсам...»
«Егер де мен аудан әкімі болсам...»
«Егер де мен сынып жетекшісі болсам»
VI тур «Шешендік»
Бағалануы 50 ұпай
Екі ойыншы ғана қалады, бірі қолдаушы, екіншісі қарсы пікір.
Екі ойыншы екі бағытты ұстайды.
Тақырыбы:
«Математикасыз өмір жоқ»
«Математикасыз-ақ өмір сүруге болады»
VII тур «Жорға»
Жүргізуші 1 минутта әрқайсысына бірнеше сұрақтар қояды, тез жауап беру керек. Неше сұраққа жауап бергені есептеледі.
1. Біздің ел-
2. Жердің шар тәріздес моделі
3. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
4. Балдан тәтті не?
5. Ең үлкен натурал сан?
6. Қай кезде бөлшек 0-ге тең болады?
7. Жеті ата деген кім?
Қорытынды. Марапаттау.
Көңілді математика сабағы
5- сыныптар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушы-лығын арттыру
Оқушылардың математика сабағына сүйіспеншілігін халық ертегілеріне сүйене отырып тәрбиелеу
Оқушылардың ғылыми эстетикалық тәрбиесіне ат салысу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылардың басында әр сыныпқа байланысты тәждері болу керек. Залды оқушылардың ой-қабілетін дамытатын, есеп ту-ралы көрініс-суреттермен безендіру; криптограмма, ребус, кроссворд.
Сабақтың барысы:
Сынып оқушылары 5 «В» 10 оқушы – тәждері сары, 5 «Г» 10 оқушы тәж-дері қызыл. Олар сахнаға, музыка ойнап тұрғанда көтеріледі.
Бастаушы екі қыз бала: Ерменбаева Айнур
Нурашева Динара
Құрметті қонақтар, оқушылар мен ұстаздар!
Математика елінің Есеп патшасы қартайып, орнына жаңа білімді ханзада сайлауды жөн көрді, соған өзінің әмірімен, ханзада боламын деушілерге жол ашық, келіңдер, көріңдер, бақтарыңды сынаңдар. 5 в және д,г сынып оқушылары келіп отыр. Ол патшалық болған соң оның айналасы матема-тикалық қоршаумен қоршалған. Әр дөңгелек қоршаудан «Көбейткіштерді» алып құлыпты ашу керек.
1- Тапсырма «Дөңгелектер, шытырманы»2 мин
2- Құлып ашып кірсе, алма ағаштары өсіп тұр екен, жұлып алып жеуге бола-ды, ол үшін есептерді шешу керек.
3- 2- тапсырма «Алма ағаштары»5 мин
4- (16 есеп. Мынадай құрамда)

1. Мына сандарды класстарға бөліп жаз,
1700435,20006080014,700001286.
2. Теңдеуді шеш: в: 85=924 5в + 32=77
3. Теңдеудің түбірін тап: 340 – 17в= 3в
4. Есепте: 215:5+314*3



Осы кезде көрермендерге: Санамақтар 5 мин
1- Бастаушы:
Түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақта қос ешкі
Төрт қозылы екі ешкі
Бәрін бірге ойлап қой (17)
2- Бастаушы
Талдан ұшқы көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Және тағы қарасаң
Қайта оны санасаң
Соныңда біреу қап келеді
Үшеуі қатар жарасқан
Тізіліп үшеу қалыспан
Ақылың жүйрік болса егер
Торғай қанша есепте (11)
1- Бастаушы Айдар тапқан
Он жаңғақтан
Екіден-ақ
Ептеп санап
Балжан алды
Қалжан алды
Қанша қалды (4)
2- Бастаушы
Мынау бір смалақ
Өздерің көр саралап
Төбеден төрт бөктері
Аңдыпты көп кептерді
Шаңқылдаса көп қарға
Секем алып бір дауыстан
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты
Тым тырақай қашыпты
Үш үкі үркіп ұшыпты
Тасқа құлап түсіпті
Жарда жеті жоламаң
Отырған қаталап
Төп-төп тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап
Сөйтіп қызық іс юолды
Бәрі қанша құс қалды (31)
Сынып оқушыларына:
Жұмбақтар 2 мин
1- Бастаушы: 1 Төр туысқан бір шұңқырға құяды (сиырдың емшегі)
2- Бастаушы: 1 Төсек астында төрт бауырсақ (малдың емшегі)
3- Бастаушы: 1 Он екі көлді жайлар 30 үйрек
12 аққу 1 жетте жүрек бөлек
52 сол көлдердің ұясы бар
Адамға қиын болар мұңы білмек
12көл – 12 ай
30 үйрек – 30 күн
52 ұя – 1 жылдағы апта саны
Көрермендерге
Сандық бас қатырғыш 8 мин
1. Бес рет жазылған бірлік сандардан қандай амал арқылы 100 санын алуға болады: 111-11=100
2. Бес рет жазылған 5 санынан қандай амалдың көмегімен 100 санын алуға болады: (5+5+5+5)*5=100
3. Он екі санын қалай екі 7 шығарар едіңіз:
18 санын екіге бөлгенде 20 шығады, ол қалай? 18= =20
20 санына 88 алсақ 22 қалады
ХХ
88
22
Математикалық лото 9 мин
5в, 5г сынып оқушылары жасаған
200 15 196
400 6 18

50*4 20-4 2000:5
5*3 108:6 36*6

1. Туған күніңізді жазыңыз
2. Оны 20 көбейтіңіз
3. Ол көбейтіндіге 73 қосыңыз
4. Ол қосынды *5 ке көбейтеміз
5. Ол көбейтіндіге айдың ретін және 35 қосамыз
6. Шыққан саннан 400 аламыз
7. Жыл қайырғыш. Көрнекті календарь
1. Біздің мектебімізге ұлу жылы 25 жыл толды, сонда ол қай жылы ашылған?
2. Желтоқсан оқиғасына биыл, ұлы жылы 14 жыл толды, Сонда ол қай жылы болған?
3. Еліміздің егемендігіне 9 жыл , Қазақстан қай жылы Егемендік алды?
Математика тақпақтар 10 мин
5в,5г, сынып оқушылары өздері дайындап айтысты
Көрермендерге математикалық- викториналық сұрақтар
1-бастаушы: Жаңа жылдың белгісі шырша неше жыл бұрын , қайда орна-тылды1500 жыл бұрын Эльзаста
2-бастаушы Пифагор деген ғалым Сиццилия аралығында мектеп ашып, қа-білетті адамдар оқытқан, Сонда ол кісіге бір ғалым. Сіздің мектебіңізде не-ше шәкірт оқиды.. деген
Пифагор: Менен оқып жүргендердің жартысы – математик . Шире-гі - суретші
Жетіден бірі – музыкант. Және тағы үш қыз бала оқиды. Сонда барлығы неше бала оқытқан.
14 математик, 7 суретші, 4 музыкант, 3 қыз бала.
Үйге тапсырма: Шырша ағашына жазылған криптограмма, яғни жаңа жылдық құттықтау жедел хат.
Сабақтың қорытындысы: Ханзада болуға лайық 5г сынып оқушылары.
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру мақса-тында 9 «б», «в», «г», «д» сыныптары арасында
«Математикалық шайқас» немесе «Математикалық сайыс » атты өткі-зілген шара.
Мақсаты: Оқушылардың бұл сайысқа өз еркімен қатысуы, өз білімдерін көрсете білуін, есептерді алдын ала тараудан берілген есептерді ізденіспен бірігіп шығаруы, талдап шешуі.
Топпен жұмыс істеуін арттыру, логикалық қабілетінің дамуын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілік: цитаталар жазылған плакаттар,, грамоталар, тақта, бор, шыр-пымен жұмыс плакаты.
Математикалық шайқас төрт кезеңнен тұрады, төрт топтан 16 оқушы қаты-суы керек. Алдын ала әділқазылар алқасы сайланады. Төрт топ оқушыла-ры коридорда тосып отырадыСахна: «Математикалық сайыс» және тағы әдемі жазылған цитаталармен әшекейленеді.
Бастаушының сөзі:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Математикадан басталады
Математикалық шайқас
Көргендерге де армандар
Көрмегендер де армандар
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Математика туын көтеріп
Жар салайық әлемге!
Көрмегендер көріңдер
Естімегендер естіңдер
Шақырамыз бәріңізді
Математиканың кешіне
Жиналыңдар сайысқа
Кешігіп одан қалмаңдар
Қымбатты жас білім сүйгіш достар!
Сіздерді бүгінгі математикадан басталатын (Маткматикалық сайыс( ойынын тамашалауға шақырамыз. Бүгінгі сайысқа қатысатын командалар 9 «Б» сыныбы «Дөңгелектер» командасы Қарсы алыңыздар!
9 «В» сыныбы «Төртбұрыштар» командасы, 9«Г» «Шеңбер» командасы, 9 «Д» - «Үшбұрыштар» командасы.
Бағдарлама:
1. Команданы таныстыру
2. Капитандар сайысы
3. Мақал – мәтелдер сайысы
4. Математикалық сайыс «Жекпе - жек»
5. «Хоп» ойыны
6. Марапаттау
Әділ – қазылар алқасымен танысу.
Мектеп директоры – Разия Сұлтанқызы
Оқу ісінің меңгерушісі – Жанат Кактаевна
Математика пәні ұстазы - Камила Шакеновна
Физика пәнінің мұғалімі – Төкен Төлеухановна
Топ басшылары әділқазылар алдына келіп жребий кезегін анықтайды. Әр топ өз кезегін анықтаған соң , әділқазылар алдына ұпай қойылатын қағаз таратылады. Сонымен , команданы таныстыру
1-ші «Дөңгелектер» тобына сөз береміз
2-ші «Төртбұрыштар» тобы
3-ші «Үшбұрыштар» тобы,
4-ші «Шеңбер» тобы
Бастаушы: Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз қоштаймыз
Капитандар сайысын бастаймыз.
Капитандар ортаға шығады 5-5 тен бір біріне сұраө қояды.
(Алдын ала өздері логикалық есеп-сұрақ дайындайды)
1 мен 2-ші 3мен 4-ші
- Көреремен! Жиналған бұл тамашаға
- Құр қарап тым отыру жарасама ма?
- Туыс, досқа, кластас – танысқа емес
- Соқ қолыңды білімді жас талапқа!
Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды
Жо – жоқ оның бөлгені емес
Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды..
Ендігі сайысымыз «Мақал-мәтелдер» сайысы деп аталады.
1-ші «Дөңгелек» тобы қалып, қалған оқушыларға басқа үш топтың зергер-лерін залдан шығып кетуін сұрайды. Олар шыққанша ойын шартымен та-ныстырады. 2 минут ішінде математикамен байланысты «аз», «кем», «ар-тық», сандары бар мақал-мәтелдерді айтуы керек. Басқа топтың оқушыла-рымен қайталануы мүмкін, ол есептеледі. Сонымен мақал-мәтелдер сайысы аяқталды. Топ мүшелері өз орындарыңызға өтулеріңізді сұраймын.
- Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп сұрақ – жауап саңана түй
Сонда ортақ боласын бар жеңіске
Сонымен күш сыгасушы командаларды «Математикалық жекпе-жекке» ша-қырамыз. 1-2,3-4 кезектегі топтың мүшелері өзі қалаған оқушысына, яғни 1-ші топтың оқушысы 2-ші топтыңқалаған оқушысына сұрақ қояды. Во-лейбол ойыны сияқты сұраққа жауап бере алмаса 1 ұпай сұрақ қойған топ алады.
- Келесі сайыс «Хоп» ойыны
Жарты дөңгелек құрып 16 бала тұра қалады, 3-ке,7-ге бөлінетін және 7-ге аяқталатын сандардың орнгына «Хоп» деп айту керек. 1-ші шығып кеткен кез-келген топтың мүшесінен 1 ұпай алынады.
-Қиын есеп оңай – ақ шығар,
- Миды егер шынықтырсаң.
-Жеңімпаздар алға озар
-Математиканы болса ұғар
Сонымен әділ қазылар алқасы ойынның қорытындысын есептегенше , жан-күйерлер мен көрермендерге викториналық сұрақтар қойылады. Қызықты –қызықты сұрақтар қойылады.
Әділ-қазылар алқасына қорытынды сөз беріледі. Марапаттау. Әрбір оқу-шыға медаль «Математикалық сайысқа» белсенді қатысқаны үшін, сыныпқа фломастер және грамота беріледі.
9 сыныптар арасында өткізілетін «Бақытты сәт»ойыны
1-оқушы математика бұл менің мақтанышым
Талай есептердің шықпай жатқаны шың
Талай тарлан жатыр ғой бас қатырып
Ядролық қарудың тоқтауы үшін.
1- Оқушы Құрметті 9 сынып оқушылары міне бүгін біз сендермен «Бақытты сәт » ойынын бастаймыз. Сайысының бірінші туры : әр команда өзін таныс-тыру 9 «в», 9 «г», 9 «д»
Тепе-теңдік заңдарын сақтау үшін
Кемелердің мұхитқа батпауы үшін
Есеп керек о достар есеп керек
Архимед, Ньютон заңдарын сақтау үшін
Ең алдымен әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1) Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мадьярова Жанат Кактаевна
2) Математика пәнінің мұғалімі
Мукажанова Камила Шакеновна
3) Математика және информатика пәнінің мұғалімі
Қонысбек Дарын Талғатовұлы
Сайыстың екінші түрі: Тағы – тағы ( бұл сайыстың шарты былай: Біз 1 ми-нут ішінде сіздерге сұрақтар оқимыз, ал сіздер сол сұрақтарға қысқаша, жылдам жауап бересіздер. Егер сұрақтың жауабын білмесіңіздер, онда ке-лесі сұрақты сұрайсыздар)
9 «В» сыныбының сұрақтары
1. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180
2. Қарсы катеттің гипотенузаға қатынасы
3. а-ны в-ға бөлгендегі нәтиже
4. Тартқыш металл
5. Радио атасы
6. 1т темір ауыр ма 1т мақта ауыр ма?
7. Sin 45 мәні

9 «Г» команда
1. Іргелес катеттің гипотенузасы қатынасы
2. Тікбұрыш жасап қиылысатын
3. Sin 30 (1\2)
4. Заттың кішкентай бөлігі
5. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш 80 табандары (50)
6. А-ны в – ға көбейткенде нәтиже
7. Дискриминант 0-ге тең, неше түбір
8. 11 (121)
9. Жылдамдық өзгерісін сипаттайтын шама
10. Күшті өлшейтін құрал
11. Cos А=0 қандай бұрыш
12. Энергияның берілуі формасы
13. Физика сөзінің қазақша мағынасы
14. Квадраттың функциясының графигі
15. Дененің массасың өлшейтін құрал
9 Д
1. Қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы
2. у=‒ функциясының графигі
3. cos 60 мәні (1/2)
4. дененің қозғалысын сипаттайтын шама
5. теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы
40 өбесіндегі бұрышы неге тең
6.Іштей сызылған бұрыш 30 , центрлік бұрыш неге тең
7. cos 45 мәні ( )
8. семьяда 5 ұл, әрқайсысында 1 қарындас, семьяда қанша бала
9. дискриминант >0 неше түбір
10. оқу сағаты
11. Бұрыштың синусы деген не
12. Физика сөзін ғылымға енгізген ғалым
13. Cos а <0
14. Дененің инерттілігін сипаттайтын шама
15. А-ны в-ға қосқандағы нәтиже
16. Дененің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама
17. Жұмыстың өзгерісін сипаттайтын шама
18. Заттарды құрайтын бөлшек
1.Тригонометриялық функция (синус)
2.Бұрыштың түрі (сүйір, сыбайлас)
3. Кеңістікті зерттейтін ғылым (стереометрия)
Егер түнгі сағат 11-де жаңбыр жауып тұрса, 48-сағаттан кейін күн шығып тұруы мүмкін бе?
4) Жеті алманы 8 адамға қалай тең бөлуге ьолады?
(4 алма: 8 адам, 2 алма: 8 адам, 1 алма: 8 адам)
4. Қандай үш санның көбейтіндісі, оның қосындысымен тең? (1*2*3:1+2+3=6)
5. Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз Бұл не? (1-10 цифр)
6. Тоған бетіндегі мұздың жартысын қыс басталғаннан бері қардың қалың қабатымен жабулы, ал екінші жартысы коньки тебу үшін тазартылған . Қайсы жартысында мұздың қалыңдығы артық?
(қары жоқта мұз қалың)
7. 10 өрік салмағы үш алма мен 1 алмұрттың салмағына тең, алты өрік пен 1 алма 1 алмұртты береді. Өрік пен алмұрттың салмағы бірдей болу үшін неше өрік керек? (7 өрік)
8. 10 өрік = 3 алма+1 алмұрт
9. 1 алмұрт = 6 өрік + 1 алма
10. 10 өрік = 3 алма + 6 өрік + 1 алма
11. 4 өрік= 4 алма
12. 1 өрік= 1 алма
13. 1 алмұрт= 1 алма + 1 өрік
Үшбұрыштың табандарындағы бұрыштары тең болса, қандай үшбұрыш (тең бүйірлі)
9) Жазықтықта қиылыспайтын түзулер (паралель)
10) Семьяда екі ұл, екі әке, неше адам? (үш)
11) Бір заттың өздігімен екінші затпен алмасуқұбылысы (диффузия)
12) Дискриминант 0-ден кіші (Д<0) неше түбір? (түбірі жоқ)
13) Бұрыштың тангенсі – (қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы)
14) cosA>0 қандай бұрыш (сүйір)
15) Сызықтық функцияның графигі (түзу)
16) Квадрат периметрінің формуласы (4а)
17) Дене қызуын сипаттайтын шама (температура)
18) Жерді қоршаған ауа қабаты (атмосфера)
Сайыстың үшінші түрі қоржында тұрған бөшкелерден сұрақтар алыңдар
1. Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүрді. Биеге үш қадақ , құнанға екі қадақ, тайға бір қадақ. Сонда бие нешеу, тай нешеу, құ-нан нешеу.
2. Мұз айдынында мұз тегіс қату үшін оған ыстық су құяды, неліктен ол үшін суық су жарамайды ( суық судың ішін энергиясы көп емес, суық су оның біразын мұзға береді де, айдынның бетіндегі су жайылып үлгерместен қа-тады)
3. Сыныпта 30 оқушы бар, оның 18 жеңіл атлетикамен 10 суға жүзумен айна-лысады, үшеуі екі секцияға да қатысады. Неше бала ешқандай секцияға қа-тыспайды.
4. Екі дос балконда дем алып тұрып, сіріңкенің толығы әлде толық емесі жерге қарай жібергенде бірініші түседі: деп пікір таласады. Сендер қалай ойлайсыңдар неге?
4 тур «Сен маған , мен саған»
Әр команда өзінің дайындаған сұрақтары береді;
9в< 9г 9г< 9в 9д< 9г
9д 9д 9г
5 түрі: белгісіз бейне Үш команда да бірдей тапсырма Өзіне де , өзгеге де қатал талап қоя білетін , бір сөзін еш етпейтін бүкіл мектеп оқушыларының оқу біліміне баса назар аударатын олардың жан-жақты дамуына ат салыса-тын жан ашыр шыншыл бір ұстаз отыр ол кім? Мадьярова Жанат Кактаев-на сұрақ қояды
Сайысымыздың 6 түрі: Капитандар сайысы
Бірінші ортаға 9в сыныбының капитанын шақырамыз. Сұрақ: Мына сы-зылған сызбаны қарап екі сызық жүргізу арқылы 6 бөлікке бөл. 9 г сыны-бының капитанына сұрақ: Тең қабырғалы үшбұрыш түрінде құдықтары бар жер берілген. Сонда әр бөлікте бір құдықтан келетіндей аудандары тең болатын тең бөліктерге бөл. 9 д сыныбының капитанына сұрақ: қолынды алмай бір сызықтың үстін екінші рет баспай сызып шық.


Сонымен біздің сайысымыз аяқталды , әділ қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша , біз көрермендерге викторина жүргіземіз . Біз сұрақ қоямыз , сіздер жауап бересіздер.
1. Өзінің атақты теоремасының шығу салтанатына арнап 100 өгізді құрбан-дыққы шалған атақты адам , ол кім?
2. Айталық сен жолаушылар поезының тепловозының машинасының ол поездың 20 вагоны бар, әр вагонда 2 жол серігі бар және 30 жолаушы бар. Машинист неше жаста?
3. Бөлмеде 4 бұрышта 4 мысық , әрқайсысына қарама-қарсы 3 мысық, әр мысық артына қараса 1 мысық Сонда бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
4. Не нәрсе сенің меншігі?
5. Теңізде қандай тас таба алмайсыңдар? (құрғақ тас) С әрпімен басталатын математикалық атаулар?

Жарма ауданы
Қалбатау ауылы
«Георгиевка орта мектебі» КММ
Математика және физика пәні мұғалімі Г.Доғалбаева
Категория: Учимся с интересом | Добавил: SHGeorgievskaya (2016-03-01) | Автор: ГУЛЯ
Просмотров: 2141 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Английский для ленивых, но любознательных [15]
Методика Индиры Зариповой
Раннее обучение английскому языку [43]
Разработка Елены Астаповой. Восточный Казахстан.
Поликультурное образование [49]
Статьи Ануш Бондаревой. Алма-Ата
Учимся с интересом [86]
Игры, стихи, сказки, пословицы, поговорки

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru