Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Дневник

Главная » 2017 » Сентябрь » 17 » Балатану баспалдақтары
9:14 PM
Балатану баспалдақтары
Балатану баспалдақтары
Қазақ халқы-өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын, шаңырағымда шырақ жансын, ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген, баланың азамат болуы жолында күш-қайратын аямаған. « Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты-шешеге» деп ұл-қыздарының өнегелі де ұятты,тәрбиелі де текті болуына ерекше назар аударып, әрбір ата –ана бұл жауапкершілікті өздерінің абыройлы міндеті,ұрпақ алдындағы қасиетті борышы санаған. Қашаннан қазақ ұрпақты Тәңірден, Алладан, Жаратушыдан жалынып, тілеп, қалап-сұрап алатын.Балалы болу үшін,мойнына бұршақ салып тілеуден бастап,күндіз-түні иманынындай үйіріп,қадам сайын жалбарынумен қатар, сәл кешіге бастаса болды,баз кешіп, әулиелі орын мекендерге,жатып-түнеп,сыйыну мен табынудан жалыққан емес.Қазақтың осы бір ақжарқын, асыл,риясыз пиғылына Жаратушы да нұрын төгіп, шапағатына бөлеп,алдына отыздан, артына оннан ұрпақ сыйлаған ғой!Ормандай отыз ұлды,еліктің лағын дай ерке жиырма қызды мәпелеп өсірген қазақ мол-ақ еді.Кәзір де бар екен.(2010 жылдың жағдайымен)Қарағанды облысының,Теміртау қаласының Ақтау кентінде 10 ұлы,екі қызы бар.бес отбасы,сегіз қызы төрт ұлы бар бес отбасы тұрады екен. Бұдан артық байлық,бұдан артық бақыт бола ма?Қазақтың Қарашаңырағына ие болған, Қазақ хандығының бас ұстазы Абылайдың отыз ұлы,қырық қызы болғаны тарихи шындық!! Міне осы Жаратушыдан жалынып сұрап алған ұл-қызын адам қатарына қосу үшін оның даму,өсу,жетілу кезеңдерін мұқият қадағалап,терең зерде-леуді өмір тақауырылаған.Осы негізде адамтану қазақ ілімінің ішінде,сәбитану, тектану, жас кезеңдерін сипаттау жағынан жинақтаған білім қорында бүгінгі ғылыми аталатын психологиядан артық болмаса кем түспейтін қағидалар мен пайымдаулар баршылық.
Адамның жас ерекшелігі туралы айтылған пікірлерде Шәкерімнің: «балалық шақ, ере-сектік,қарттық» деген топтауы ауыз әдебиет үлгілерімен сабақтас болса бала жасын тікелей топтаған Ә.Дибаев ақсақал болды.(А.Диваев. «Игры киргизских детей»1905)Ол, қазақ балалар ойынын зерттей келіп жасөс-пірімдерді сол кездегі ғұрып бойынша жас ерекшелігін:1-7 жасқа дейін- сәби,7-15 жасқа дейін-бозбала, 15-30 жасқа дейін жігіт-деп топтап,қазақ ойындарын: сәбилер ойны;бозбалалар ойыны:жігіттер ойыны деп бөлді.
Қауым арасында бала жасын былай атап,төмендегіше топтайды.Бір жас аумағында-шарана,щақалақ,нәресте атаулары қоланылады.Бір мен екі аумағында,қыз баланы бөпе,ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп.Мысалы,тәттім, томпа-ғым,торғайым,балапаным,қозым,гүлім,айым,күнім,жарығым,жұлдызым қатарлы қазақ ананың санына сай бүлдіршіндерді еркелетіп атайтын өз есімдері бар болған.Осы шақтағы сәбилер табиғаты осылай аймалап, өбектеп, еркелетіп қолпаштап,қолтығғынан демеп, көкке көтеріп талпындырып отырғанды қалайды. Еңбектеуге таяғанда қолды-аяққа тоқта-май талпынып,ұшып кете жаздайды. Мұны қазақтар «қанатты» шақ дейді.Осы жағдайды білмейтін талайлар нәрестенің қанатты шағында талай нәрестені »ұшырып» құлатып та алған.Қазақ танымы бойнша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы емізу болмақ.Сондай-ақ, ананың баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге ие. Нәрестесін өбектеу арқылы екеуінің арасында ерекше жақындық, сүйіспеншілік пен айнымас махаббат пайда болады. Әрине, махаббат, сүйіспеншілік, жақсы көру, мейірімге бөлеуді бей-жай қалдыруға болмайды. Анасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айналасындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласа кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табыса басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі.Емізу кезінде әйелдің ашулы болуы, тынышының кетуі мен сабыр-сыздануы немесе емізіп отырып басқа жұмыспен айналысуы омыраудағы баланың ішкі сезім мүшелерінің қалыпты дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды. Әрі бұндай келеңсіздіктерден бала өмір бойы арыла алмайды.Баланы емшектен ерте шығару зиянды. Емшектен өте ерте шыққан балаларда саусақ сору, тырнақ тістелеу, төсекке жіберіп қою секілді жайсыз жайттар байқалады. Бұл кездегі ұйқының да маңызы өте зор. Жаңа туған сәби тіпті 24 сағатын түгелге жуық ұйқымен өткізеді деуге болады. Өскен сайын сәбидің ұйқысы да біртіндеп азая береді. Баланың пысылдап алаңсыз ұйықтауы үшін тазалықпен қатар жайлы да жылы орын әзірленіп, барынша жағдай жасалуы керек».Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала,балақай,3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжет-кен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар.Қыз айттырылғаннан кейін қалыңдық атауымен қатар, құдалық рәсім жасалып,қалыңдықты болғандар күйеу атағын алып,жас жігіт, күлше қыз атауы олардың абырой атағын, айбарымен намаысын ала келеді.Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар-үлкен жауапкершілікпен, борышпен,ар-ұятпен, міндетпен астарласып тұратындықтан оның бет-беделін, намысын сақтау үлкен ерлік пен ыждақатты тілейді.Бұл атаулар қазақ үшін аруақты да, ардақты рәміз саналады.Алпысқа келген сарыкідір әйелді де ұлықтағысы келсе:«Әй,біздің қыз!»-деп шақырады,абыройын арттырғысы келсе де:«Әй,біздің қыз»-деп қаратады.Ал, ерлерді алпыстан асса да, «отағасы,елағасы,жігіт ағасы»-деп құрмет көрсетеді.
Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл –қозғалысындағы өзгерісті, жаңалықты айтады.Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы,күліп-жымиуы,аунай алуы, талпынуы,құйрығын басуы,еңбектеуі,қаз тұруы-қадам басуы,сөйлеуге икемделуі(гуілдеу,ызылдау сияқты сәбиге тән ерекше үн- дыбыс шығару),сөйлеуі, аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б.Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлтымыз,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша мән беріп,ерекше танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар өткізген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін,қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім,көрсететін үлгі-өнеге,игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып,өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,мойны беки қырқынан шығарылып,құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды.Неге?Қазақ ата-аналар,бала дамуының әр кезең ерекшеліктерін өте жетік білген.Сонда,нені білген?
Балалар әлемді сезім арқылы таниды: есту, сипап сезу, иіс сезу және көру. Әрбір сезу тәжірибесі мидың миллиардтаған жасаушалары арасында байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді, сөйтіп балаға бұл дүниені үйренуге көмектеседі. Мысалы, ата-ана баласымен оны қолына алғанда,бесікке бөлегенде,сылап сипағанда,өс-өстегенде сөйлеседі, баланың естуінің дамуына осылай ән айтып,көмектеседі. Қайталау байланысты нығайтады, осылайша бала ата- анасының дауысын тануға үйренеді.Бұлай үйрету өмір бойына жалғасады. Алайда қабілеттіліктерді, әсіресе, көру, есту, сөйлеуді дамытуда ерекше кезеңдер болады.Ми мақта секілді тез сіңіруге, жаңа ақпараттарды қабылдауға қабілетті болатын кезең бар. Мәселен, кішкентай балалар өзінің ана тілін оңай және жылдам үйренетінін еске түсіріңіз. Дүниеге келу мен бес жас аралығындағы кезең баланың дамуындағы барлық салада ерекше қабілеттілік кезең болып табылады. Бұл туралы адамтану қазақ ілімінде мынандай ерекше қағида бар.. «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.(Дәл осындай ұстаным, жапондарда, корейлерде,саян түріктерінде де кезігеді) Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім. Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы,ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда, «патшасындай» қарайды. Солай етуге ата–анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл–аймағы міндетті болған Осы жастағы оң тәжірибе өмір бойына дені сау дамудың негізін салады.Екінші жағынан, нашар тамақтану, күйзелістер, негативті тәжірибе және оң эмоциялардың (ынталандыру) жетіспеушілігі осы жылдары баланың дамуына елеулі әсер етеді. Баланың дамуындағы ауыспалы сатыны-жас шамасының кезеңдері деп жүрміз. Оның бастыларын: отыру, еңбектеу, тұру, жүру және алғашқы сөйлеуі қатарлы даму сатыларын жоғарыда тізбектедік.Осы кезеңдеріндегі нәресте,сәби бүлдіршіндердің ерекшелігін атап өтейікМұны білген ата-ана, тәрбиелеуші қауым,тәрбиелеу ісін басқара алады,бақылай алады. Баланың дамуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Әсіресе ата-ананың бала күтімі,тәрбиесі туралы нақты білімі өте маңызды Мысалы, егер ата-аналар балаға өз бетімен тамақ ішіп көруге мүмкіндік бермесе, олардың өз мәселелерін өз бетімен шешу қабілеттілігі оларда қалыпты жағдайдан кешірек дамуы мүмкін. Негізгі кезеңдерге жету жолында бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру керек,бауырын көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып,тырбанып жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен аунай алуы,одан соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі ересектер көмегімен сол қозғалысты жасай алатын шағында жаттығып дағдылану нәтижесінде орындалады.Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйеніп(жүкке,қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.).тартып,итеріп бойын билеп үйренеді. Ал,оларды жасамаса,дамудың ол кезеңі кешігеді. Мысалы,бөлеу әнін,бесік жырын,өс-өстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей өскен нәрестенің, айналасындағы туыстарының,ата-анасының үнін ажырату қабылеті кешігеді. Неге?(Тіптен басқа тілде сөйлейтін жұрт ортасында өмірге келген қазақ баласының тілі 6 айдан 1 жылға кешігіп шығатыны анықталған.Ал,басқа ұлт тілінде,тілге келген сәбилердің сөйлеу кезеңі 6-8 айға ұзаратынын нақтылы зерттеу көрсетіп отыр.)Неге екендігі,сәбидің физиологиялық-психологиялық табиғатында жатыр.Ол былай дейді:«.Мені 6 айға дейін жиі еміз.Маған басқа тамақ керек емес. Жиі құшақта. Менімен сөйлес,ән,тақпақ,әңгіме айтып бер.Маймен,тұзбен және басқа жақпалармен уқала,сылап-сипа. Сылдырмақ-тарым,қызық ойыншықтарым көз алдымда ілулі тұрсын 1 айда мен ... Анашымның омырауын еме аламын Бетіме тиген қол бағытына басымды бұрамын,жылау,бас бұру,қабағын түю,мұрнын тыжырайту.. сияқты көңіл-күй сезімді бет әлпетіммен көрсете аламын. Дыбыс ажырата аламын, маған әуен ұнайды әсіресе анамның даусын жақсы көремін Заттар жақында болса көремін. Мені қолыңа жиі алшы,емізші.(Анасы осыларды қанында жоқ тілде жасаса кешікпейтін шара жоқ қой») Маған таза қауіп-қатерсіз аузыма сала алатын зат бер. Жан-жағыма қарай алатындай мені ақырын көтер.Менімен көп сөйлес, оқып6айтып бер..Екпектетіп жатқызып алдыма қолым жетерлік жерге,ұстай алатындай доп сияқты ойыншық қой.Менімен тығылмаш ойна, маған ұнайды. 6 айда мен ...Екбетімнен жатып басымды және кеудемді көтере аламын Көзбен адамдарды қадағалай алам Заттарға қарай созыла аламын Заттарды ұстап,сілкілеймін Екі жаққа аунай аламын. Біреу тіресе отыра аламын Қол және ауыз арқылы заттарды «зерттей» аламын.Мен күле алам, шыңғырам, гүілдейтін дыбыстар шығара алам Атымды атағанда қараймын Айнадағы өз бейнеме күлемМені емізуді тоқтатпа, бірақ маған күніне ұнтақталған,жұмсақ қосымша ас ұсынуға болады.Жегім келмесе қысама.» «.... Маған итеретін, тартатын, айналдыратын зат бер. Сынбайтын ыдыстар ойнауыма дәл келеді. Маған заттарды көрсетіп, атын айтып үйрет. Менімен әртүрлі ойындар ойна. Өлең айт, кітап оқы. Ойнап отырсам, келіп қосыл маған. Маған суды, құмды немесе ұсақ ойыншықты ыдысқа жинап кейін қайта төккен ұнайды. Барлық ыдыс жарайды тек қауіпсіз болса болғаны.Менің таза және қауіпсіз жерде болғанымды қадағала, себебі мен қозғала бастағаннан бастап бәріне қызығып әр жерге өрмелеп шығамын. Қол жуып үйрет. Және барлық екпелерімді уақытында қабылдауымды қадағала, ұмытпа. Мені отбасы мүшелеріне қолға алуына рұқсат бер, құшақта мені.
12 айда мен... Өзім отыра аламын Еңбектей аламын Ұстанып тұрып 1-2 қадам жасай аламын Дыбыс немесе сөздерді қайталауға тырысамын Алақанымды шапалақтап ойнағанды ұнатамын Қиын емес тапсырмаларды орындаймын Өзіме назар аудару үшін әртүрлі дыбыстарды шығарып және ымдарды көрсетемін.Маған көп көңіл бөлгенді қалаймын. Еденнен екі саусақпен затты ала аламын, алып қайта құлатқан ұнайды маған Маған рұқсат берсе өзім жегенді ұнатамын Аузыма салу арқылы заттарды білемін, зерттеймін.»
2 жастан 5 жасқа дейінгі баланың дамуы Жүру және сөйлей алу қабілеті. Екі жасар баланың танымында үлкен мүмкіндіктер бар. Олар ешқашан тыным таппайды, энергияға толы, кез келген нәрсеге құмарлық танытады. Олар ересектерге әлі тәуелді болса да, барлығын өздері жасағысы келеді, жасай алмаса, көңілдері жабырқаңқы болады.Бұл ашу (ыза) тудыруы мүмкін. Ересектердің алдында өз құқықтарын қорғауға талпынған кезде көптеген «анайы» сөздер қолдануы мүмкін.. Дербестілік барлық балалар үшін маңызды, берілетін дербестіліктің деңгейі мәдени дәстүрлерге немесе өзге халыққа байланысты болуы мүмкін. Үш, төрт және бес жасар балалардың дүниеге келген сәттен бастап дамыған кейбір дағдылары болады. Егер оларға өмірінің бірінші жылында тиісті күтім, қамқорлық, ынталандыру және қолдау берілген жағдайда, әртүрлі салада танымның дамуына көмектесетін тілдік, ойлау дағдылары белсенді дамиды. Балалармен сөйлесе отырып, олардың миына терезе арқылы қарағандай боласыз. Сіз олардың қоршаған әлем құбылыстарын түсінуге және ұғынуға талпынғанын сұрақтары бойынша көре аласыз; мәселен, неліктен ағаштан жапырақтар түседі? Неліктен құстарда қауырсын бар? Неліктен су лай болады? Түнде күн не істейді? Неге? Неліктен? Қалай? Қарапайым, шынайы жауап беруге ұмтылыңыз. Бұл оларға үйренуге, әлемді тануға мүмкіндік береді.Осы шақ оларға гигиена дағдыларына үйретуге ең қолайлы кез, себебі балалар қол жуу әдеті не үшін қажет екендігін түсінеді. Осы жылдары балалар өзінің эмоцияларын бақылауға тез үйрен-еді.. Балаларда әлеуметтік дағдылар қалыптасады, оларға басқа балалармен ойнаған ұнайды. Ойын іс-әрекетін ынталан-дыру-прогрессивті дамуының ең жақсы жолы, өйткені дамудың барлық саласын өзгертуге көмектеседі. Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын.Баланың алғашқы жылдары тез өтеді. Соңдықтан оны құшақтап, аймалаңыз, күлдіріп қуантыңыз, желпіндіріп сергітіңіз, онымен бірге ойнаныз. Бұл оның ақыл-ойының дамуына үлкен көмек.Жеңіл тақпақтарды жаттату керек,есте сақтау қабілетін дамыту үшін мұның да да пайдасы бар.Еркін жүріп, жүгіремін, өрмелеп шыға аламын, тебе аламын және де секіре аламын Қаншада екенімді және есімімді айта аламын Түстерді ажырата аламын Мағынасын түсінбесем де есептік сандарды пайдаланамын Мен көп сұрақ қоямын Жеңіл өлендерді айтамын Ойнағанда ойдан шығарған заттарды елестетіп ойнаймын. Саусақ ойындарын толық үйрет. Өзім тамақ іше аламын Өзгелерге бауырмалығымды көрсетемін Қолымды, тісімді жуамын, әрине үлкен адамның көмегіменМені тыңда және сұрақтарыма жауап бер. Әлдебір затты зерттеп білуге көп уақыт бер. Сандар жайлы мәлімет беретін және оларды үйрететін ойыншықтар бер.Ертегі оқы, өлең айт. Маған бояған ұнайды, сондықтан маған түрлі түсті қарындаштар бер. Басқа балалармен ойнатудың амалын жаса, есік алдындағы көрші балалармен немесе балабақша балалар-ымен ойнат. Мен 5 жасымда... Өз қозғалысымды үйлестіре аламын Сөздік қорым мол, еркін сөйлей аламын Бөтен адамдардың өзі мені түсіне алады Басқа балалар мен еркін ойнап достасамын Жеңіл тапсырмаларды соңына дейін жасаймын Көп сұрақ қоямын10-ға дейін санай аламын. Сүретті кітаптарды тамашалап, қысқа әңгіме де айта аламын!» Мынаны еске сақта! Бала бұл кезде маңайында болып жатқан құбылыстарды толықтай сезіне алады. Тіпті әке-шешесінің өзара татулығы мен салқындығын да ажырата алады. Бұл дегеніңіз, балаға көрсетілер мейіріммен қатар ата-ананың өз арасындағы татулығы да айтарлықтай маңызға ие екендігін білдіреді. Отбасындағы ыдыс-аяқтың сылдырлауы, жиі-жиі белең алатын ұрыс-керістер, баласының көзінше шешесін әкесінің былапыт сөздермен балағаттауы, тіпті қол көтеруі нәтижесінде балада үнемі қорқақтық пен үркектік үрей пайда болады. Өмірі бір бітпейтін ырың-жырың, кикілжіңдер мен әке-шешесінің бірге тұру мүмкіндігінің азаюын көру, ойлау бала жанына жазылмас жара салып, оны іштей үлкен күйзеліске ұшыратады.
Алғаш босанған тұмса жас анаға бала қалауын,олардың шама-шарқы жететін осы әрекеттерді оған сай жасалатын амал-айланы кім? қашан? үйретіп,ұқтыруға тиісті екенін белгілеген,оның жүзеге асу дәрежесіне үнемі бақылау қоятын әулеттік мектеп жүйесі қазақта тым ертеден қалыптасқан.Дәлірек айтқанда,отау көтеріп,еншісін бөліп,жеке шыға салысымен,жас отауға әке-шеше деп аталатын әулеттік мектеп құрылатын.Осы мек-тепке;ата-ене,абысын–ажын,жезде-жеңге,көрші-қолаң да ұстаздық ететін.Ауылдас қалың-дықтар мен жас күйеу балалар да, күлше қыздар да осында топтасып өмірлік сабақ алатын.Жас отау иелері әке,ана аталысымен бұл мектептің бас ұстазы болып, кіндікшеше тағайындалатын.(Жалпы,баланың келешегіне болжам жасауда,оны танып білуде,қазақ танымы бойынша,кіндікшешенің өнері,білімі,мінез-құлқы,талантты,үлгі-өнегесі маңызды міндет атқарады.Мұның ғылыми негізі мынау:жарық дүниеге келген Жан иесінің алғаш дидарласқан,оның денесіне қолы тиіп,бойындағы қуат пен әлеуетін,жүректегі нұрлы жылуын кіндігін кесіп,түйген анасы-кіндікшеше шақалаққа беруші бұл әлемдегі алғашқы Адам.Нәресте ана жатырында болған шағында онсегіз мың ғаламмен жасар байланысын толық жасап,ата-тегінен алар барлық тұқым қуалауға тиісті «еншісін» алып,жарық дүниеге шыға келгенде алғаш аялы алақанына салып,жерден көтеріп алған адамға ұқсамауы,тартпауы мүмкін емес қой!!) Бұл мектеп осы отаудың іргесі -берік,көпбалалы болып өсіп өркендеуіне тікелей жауапты болатын.Жас сәбидің нағашылары оның даму,жетілу кезеңіне,осы шақтық уақытында дәл келіп,сәби қалай өсіп, баулынып, тәрбие-леніп,биязы әдеп,көркем мінезді игеріп жатқанын бақылайтын Қайын жұртың сыншыл дегеннің бір пұшпағы осында жатыр. Қазақ:«Әке- балаға,үлкен кішіге сыншы»- дейді.Бір көйлекті бұрын тоздырған кім де кім өзінен кішіге үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл кеңес беруге міндетті.Көпті көріп,үлкен тәжірибе жинаған қариялар батасын беріп,өсиет өнеге қалдырады. «Ата жолы-асыл жол» деген қазақтар,ата-баба өсиеті бойынша тіршілік жасап тірлік етеді.Ата-баба өсиетін бұлжытпай орындауға ант беріп, серт қылады.Оны Темірқазық етіп,бағдар болдырады.Осының бәрін,өз қолымен істеп,басынан өткерген Қорқыт бабамыз былай дейді;«Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.Самай шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрі-кті.Қарашаңырақ қасына тігілген отау көрікті. Өнегелі бала көрікті»Қазақ ана осы көркінен бүгін де айрыла қойған жоқ. Тәубәшылық қой,бұл да болса!Мысалы,балалар бөлмесінің маңдайшасына; «Бала-өмірдің хош иісі,Аллаһтың аманаты» деген пайғампар(с.ғ.с.) өсиетін, жазып іліп қойған қазақ ананы өз көзіммен көрдім. Мүндай дана аналар кәзір де бар,бұрын да болған.Осылардың қамқорлығында,аялы алақанында, бақылауында, басшылығында өскен барлық ұрпақ-өнегелі, көргенді,текті болуы сенімді шындық.Амал нешік,барлық жерде күллі қазақ тұрмысында әулеттік тәрбие дәстүрі тегіс жалғасып, Тә»рбие деген Тәңіріңіз басымызға бақ болып қонып тұрған жоқ. Керісінше кемістігіміз көлем алып,қанат жайып ушығып барады. Ал,бір кездегі бізде болған,әулет дәстүрі жаңа заманға сай түрленіп, басқа елдерден көрініс беріп жүр.Нәресте перзентханадан шығысымен, босанған ана қолына, баланың даму,жетілу кезеңдері сараланып,осы шақтарда жасалатын бағым-күтім,әдіс-амалдарын. тәптіштеп жазылған қойын,қалта дәптерлері табыс етіледі (шілдехана,,бесік той,қырқынан шығару,т.б жоқ демесең,тамаша кеңестер жинағы) екен.Ал,АҚШ,Франция т,б. көптеген елдерде жас ана мектебі жұмыс істеп, алыстан оқыту ұйымдастырылып, онлайн форум, конференциялар өткізілуде.Сәбилердің қабылдауға тиіс екпелерінің уақыты,орнын,аналардіың «ұяшықтарына» біздегі ауа райын хабарлағандай түсіп тұрады.Ал,тәрбие,жаттықтыру,. баулу, сауықтыру амалдары аптаның, айдың әр мезгіліне сай музыкамен әрлеп «планшеттерде» сайрап көрсетіліп тұр.Тіпті сәбилердің аттары аталып,олардың жеке басына арналған кеңестер де арасында айтылып жатыр. Сонда,соншама көп сәбилерді бақылап,басқарып отыратын, сәбидің әрбірімен жеке жұмыстауға шамасы жететін әлеуетті, күшті орталаықтар бар деген сөз!!Иә,солай екен.Бізде де солай болуға тиісті және сондай жүйе бар екен... Тек,онысы толық істей алмайтын көрінеді....
Енді,балажасының қазақи жіктелуін Я.А.Коменскийдің жіктеуімен сәйкестіріп көрелік.Коменский,адамның табиғатын ескере отырып, бала жасын- әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.
1)балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
2)жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін;
3)жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін;
4) ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін. : Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипат-талады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары-тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта-ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі. Әрбір осы жас кезеңдерге сәйкес Коменский білім берудің сатысын ұсынады.
1) 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ана басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
2) Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.
3) Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады
4) Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда – академия ұсынады. Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын. Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады. Аналық мектеп-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.) Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне қажетті: атап айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез және дұрыс жаза білу, санай, өлшей білу, ән салу және т.б. Бірақ Коменский онымен шектелмеді. Оның түсіндіруінше,шәкірттер мораль қағидаларын білу, түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу қажет, азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу қажеттігіне тоқталды. Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады.Қазақта ана мектебі Коменскийден бұрын да құрылып,жұмыс істегені белгілі.Мысалы Ұмай Ана мектебі.Сақ Ана мектебі,Тұмар Ана мектебі т.б.
Коменскийдің аналық мектебі туралы айтылған пікірлері, Бауыржан атамыздың: : «...Менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес,мүшелі кезеңдерді тойлаушы еді.Алғашқы мүшел-нәрестенің қырқынан шығатын күнБұл күн үйі ішінде емес,ауыл-аймақта да,көтеріңкі көңіл,көп шаттық үстем болатын Екінші мүшел- баланың жеті жасқа толған күні.«Жетіге келген-ше,бала жерден тяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой.Сол жетіге толған күні өрен аяғын нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек.Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш.Ендігі мүшел -13 жас«Он үште отау иесі» деген мақал бар.Бұл енді оң солыңды тани бастадың,ер санатына іліктің,сенімен есептесер,ақыл бөлісер кезең келді деген сөз.енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағаныңды,өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың- деген тұжырымдарымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес «...Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді. Бұл кезеңде ата-аналар оларға кіші балаларды бағып-қағуды,мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады...Бес,жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де,жаңа әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие болады»-деп жазған И.С.Кон.(Ребенок и общество. М.,1988) Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын Х.Арғынбаев, «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты еңбегінде:«Қыз балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйрен-еді,үй жиып,кір жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен жағымды қылықтарды үйренеді»-деп тамаша көрсеткен.Осы шақтағы бала әлемін танып білген қазақтар бала ерекшеліктерін ескеріп,төмендегідей іс-шараларды іске асырған. Бірінші Қазақ ішінде жас баланың келешегін болжайтын, олардың бейім-икемдігін сынап тексеретін дара дарынды-сыншы адамдар болған. Олар адамтанушы, жан жайын оқитын даналар екен. Бала дарынын сезіп, талантының көзін ашатын ата, әжей, апайлардың аты ел аузында қалған.Міне соларға апарып осы жастағы балалардың келешегіне болжам жасататын болған.Ұста, зергер, құсбегі,атбегі қатарлы өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын.Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп, алғашқы қадамын бажайлап,бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын Екінші.Бұл жастағылардың негізгі ерекшеліктерінің бірі құрбы-құрдастарымен,ересектермен қарым-қатынаста болып, көпті сұрап біліп,әңгіме кеңес құрып,үлгі өнеге көріп,ертегі аңыз қатарлы тамаша тәлім,ұлағат тыңдауды қалайтындықтан қазақтың «Кісілік кеңес» аталатын сабағын үнемі оқып үйренетін болған.Биязы,әдеп, жібек мінез игерудің бастамасы осы жаста қаланатындықтан,оларға машықтану,жаттығу жасау ата-әже,әке-шеше жанында «қосшысындай» еріп жүріп игеретін. Осындай бір жаттығуды Бауыржан атамыз былай өрнектейді; «...Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.Ол мені ымдап шақырды да,құлағыма: «Аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?»-деп сыбырлады.Мен үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да,нық басып үйге кірдім.Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалаумағалайкум аталар!»-деп әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған,әрине,бәрі күлісіп жатыр.Әкем басымнан сипап: «Жарайсыц, балам,әдепті бала сүйтеді»,-деді.
Үшінщі.Осы жастағы бүлдіршіндер,білім мен үлгі өнегені,әдеп пен мінезді негізінде ойын арқылы игереді.Ойын ойнап, ән салмай өсетін бала болмас.Бала ішегін сүйретіп жүріп те ойнайды дейді ата-бабамыз.Осыны айтқан қазағым бала жасының осы кезеңің «ойын баласы» атауының үлкен мәні бар. Шындығында өмір дегеніміз үлкен ойын.Осы үлкен ойынға дайындалу бала ойынынан басталады. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,-деп тегіннен тегін айтпаса керекМ.Жұмабаев:«Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады.Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе соны істейді.Мысалы. қазақ баласы біреуі ат болып қашады,біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды.Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап таныстырады,күйеу келтіреді, құда түсіреді.»-деп,қазақ балалар ойынының мазмұнын қысқаша тұжырымдаған.Бала айналадағының бәрін,ойын арқылы қабыл-дайды,сол арқылы тәрбиеленіп, ләззаттанады,өнерге үйренеді. А.С.Макаренко: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәр-се,үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңыз-ды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды».Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл –ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойын-дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деп ойынның зор маңызын бірдей түйін-деген.Осы жағдайларды бүгінгі күн денгейімен шендестірсек, бірнеше кемшіліктің орын алып отырғанын байқаймыз. 1.Баланың бейім бағдары,қабылет–қарымы,дарын-тума таланттын танып оның көзін ашу өте төменгі деңгейде тұр. Осының кесірінен табиғатында жоқ талантты қолдан жасайтын,ата-аналар көбейіп,мамандық таңдау,кәсіп иемденуде жастар үлкен қиыншылыққа кезігуде.Ал,озық ойлы елдерде бала бақшадағы кезеңнің өзінде,баланың дыбыс ажырату,тыңдау қабылеті,көріп сезу және көзжоба-лау,пайымдау денгейіне,дене бітісі бұлшық еттердің орналасу,серпілу қуатына т.б, алғашқы сараптама жасап,тану істері қолға алынуда.Осы негізде балаға барлығын үйретіп ұқтыру емес,оған қажеттісін,пайдалысын ғана оқытып үйретуге,мамандықты терең игертуге бағыт-бағдар жасалып отыр.2.Биязы әдеп,жібек мінез дағды машығы осы жастан басталатынын біле тұра,жас жеткіншектерге рухани білім беріп жатырмыз деген желеумен олардың толық мәнін түсіне алмайтын жалаң ұғымдарды «оқытып» жүрміз. Ш.А.Амонашвили:«Балаларды қазіргі мектеп қанағаттандырмайды.Балалар бізден жанды білім күтеді, ал біз болсақ оларға жансыз білім берудеміз.Жанды білім- биікке самғайтын қанаттар. Жансыз білім-аяқтағы кісендер.Ал -біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды орындап,
жаттауға мәжбүрлейміз.»-деп түсінікті-түсініксіз көп біліммен баланы тұмшалаудың қаж- етсізін ашып көрсеткен. Жасөспірім, жасжеткіншек шағында игерілмеген әдеп, мінез :М.О.Әуезов айтқан: «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый»-деген міндетін атқара алмай қалған. Әдепсіздерді әдейі дайындағандай,көргенсіздер тым көбейіп кеткен. Тәрбиелеуді тәрбие туралы білім берумен ауыстырып алдық.
(жалғасы бар)

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы (Теміртау қаласы №8 мектеп,шет тілі мұғалімі)
21 тамыз 2017
Категория: Все лучшее в душе осталось... | Просмотров: 1663 | Добавил: superchabdrazahk2017 | Теги: бала, тану, білім, ілім, Адам | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Все лучшее в душе осталось... [22]
Воспоминания о людях, которые встречались на моих журналистках дорогах.
Кабачок "13 табуреток" [25]
Поговорим "за жизнь"!
Любимые стихи [80]
Уважаемые коллеги! Давайте обмениваться здесь своими любимыми стихотворениями. Таким образом, мы составим общий альбом самых любимых стихотворений.
Из дальних странствий возвратясь [7]
Побывали в путешествии? расскажите всем!
Салон красоты [1]
Искусство стать красивым
Хочу поделиться... [53]
Дневник учителя [12]
В этой рубрике, дорогие коллеги, вы можете писать на все темы, которые вас волнуют, поделиться наболевшим.
Дневник Людмилы [31]
Дневник администратора сайта журналиста Людмилы Мананниковой.
Альманах "Синяя птица" [36]
Творчество педагогов и их воспитанников
Салют, пионерия! [4]
Вспомним наше пионерское детство. Альтернатива пионерии сегодня, на ваш взгляд.
Куда пойти учиться? [7]
Представляем вузы, колледжи, профессиональные школы, частные школы Казахстана.
Представляем членов редколлегии нашего журнала [9]
Разговор в учительской [40]
Этика профессии
Клуб любителей пословиц [101]
Школьные истории [4]
Вы работаете или учитесь в школе, и у вас есть интересная школьная история? Эта рубрика для вас. У вас есть интересное школьное воспоминание из детства? Это тоже для вас!
Не равнодушным к чужим проблемам [3]
Автор блога - Татьяна Цафт

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru