Главная » Статьи » Великие педагоги |
Топ: қарапайым А1 Сабақтың тақырыбы: Менің жұмысым Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғауы; «болып істеймін» күрделі етістігі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: тыңдаушылардың өз жұмыс күндерін дұрыс қадағалай білуге, оны ұтымды пайдалануға үйрету. 2. Дамытушылық мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру. 3. Тәрбиелік мақсаты: тыңдаушыларды қазақ тілін дамытуға, қазақ тілінде таза, әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. 2. Үй жұмысын тексеру. ІІ. Жаңа сабақ. Лексикалық минимумды үйрету. Әріптес Коллега Ай сайын Каждый месяц Бас Главный Жұмыс Работа Ерте Рано Жиі Часто Жақсы Хорошо, хороший Есім Имя Еңбек өтілі Трудовой стаж Жиналыс Собрание Жіберу Отправить Іссапар Командировка Кеш Поздно Лауазым Должность Ұйымдастыру Организовать Ұлттық Национальный Қарым-қатынас Отношение 1-тапсырма. Тиісті әріптерді қойыңыз. Бөл...м, лауаз...м, қ...змет, ж...мыс, м...ндет, маманд...қ, басшыл...қ, аты-жөн...м, орналасқ...н, маманды...ым, ...р...птес, жұм...сшы, б...лме, ...имарат, е...бек ...тілі. 2-тапсырма. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. Мой рабочий стол _____________________________________ Опыт работы ________________________________________ Вторая категория _____________________________________ Твоя работа ______________________________________ Заместитель директора __________________________________ Новый офис находится на улице Ауезова _____________________________ Старый стул _________________________________________ Хирургическое отделение _________________________________ Грамматика! Тәуелдік жалғауын қайталау Жекешетүрі Көпшетүрі 1.Менің ағам (мой брат) 2.Сенің ағаң (твой брат) Сіздің ағаңыз (Ваш брат) 3.Оның ағасы (его (ее) брат) 1. Біздің ағаларымыз (наши братья) 2.Сендердің ағаларың (ваши братья) Сіздердің ағаларыңыз (Ваши братья) 3.Олардың ағалары (их братья) 3- тапсырма. Тиісті тәуелдік жалғауын жалғаңыз. Менің аты-жөн... – Сабырова Маржан Сәбитқызы. Мен Кедендік бақылау комитетінде қызмет атқарамын. Менің мамандық... экономист, лауазым... бас есепші. Менің жұмыс бөлме... төртінші қабатта орналасқан. Осында жұмыс істегеніме ... жыл (ай, апта, күн). Жалпы еңбек өтіл... 5 жыл (ай, апта, күн). Жұмыс... өзіме ұнайды. 4-тапсырма. Төмендегі үлгі бойынша қызметіңіз туралы айтып беріңіз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқылым 5-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз. Менің атым – Асқар. Ұлтым – қазақ. Жасым 25-те. Мен Көкшетау қаласында тұрамын. Мен Ұлттық банкте жұмыс істеймін. Мамандығым – қаржыгер. Еңбек өтілім – 5 жыл. Мен жұмыста құжат қараймын, хат жазамын. Іссапарға жиі шығамын. 6-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложение. Асқар – ......... А) заңгер. В) қаржыгер. С) оқытушы. D) жақсы маман. 2. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз. Укажите информацию, который не существует в тексте. А) Асқардың ұлты қазақ. В) Іссапарға шықпайды. С) Ол Көкшетауда тұрады. D) Ұлттық банкте жұмыс істейді. 3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. Найдите главные опорные слова в тексте. А) Асқар, жұмыс В) еңбек өтіл, құжат С) қаржыгер, жұмыс D) Ұлттық банк, іссапар 4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте нужное слово. Мен Ұлттық банкте .... . А) жұмыс істеді. В) жұмыс істейсіз. С) жұмыс істейсің. D) жұмыс істеймін. 5. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Выберите правильный ответ. Асқардың еңбек өтілі неше жыл? А) бес жыл В) төрт жыл С) жеті жыл D) сегіз жыл 7-тапсырма.Төмендегі сөздермен бірнеше сөз тіркесін жасаңыз. Жақсы Үлкен Тәжірибелі Бас Жаңа сабақты бекіту. ТЫҢДАЛЫМ (А1 - №27 тыңдалым). 8 - тапсырма. Дұрыс ақпаратты белгілеңіз. Сөйлемдер Дұрыс Дұрыс емес Мен әкімдікте жұмыс істеймін. Мен сатушымын. Бойдақпын. Мараттың еңбек өтілі – он жыл. Әйелім отыз жаста. Ол дәрігер болып жұмыс істейді. Менің еңбек өтілім – бес жыл. Жаңа сабақты қорыту. 9-тапсырма. Кестені толтырыңыз. Аты-жөніңіз Жұмысыңыздың мекенжайы Мамандығыңыз Еңбек өтіліңіз Жұмыста не істейсіз? Үй тапсырмасы. • Лексикалық минимумды жаттау. Тыңдаушыларды бағалау. | |
Просмотров: 1472 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|