Главная » Статьи » Великие педагоги |
1-слайд: Г-гүлі боп мына ғаламның Ү - үмітпен бірге жаралған Л-лағылы болып өмірдің Ж-жұпары болған даламның А- ақылшы болып шәкіртке Н-нұрлы күн сыйлар талай мың! ЗЕЙІН САЛШЫ СӨЗІНЕ Ұ-ұқыпты -Нургуль Н С-сабырлы- Казима Б Т-талантты - Айнур А-ақылды -Шынар З-заманауи - ұстаз -Бану С Мұратбайқызы Гүлжанның. 2-слайд: Қайырлы күн! Мен- ұстазбын, Бала жайын ойлайтын, Шәкіртінің қызығына тоймайтын. 3-слайд: Мен ұстазбын, Білім шыңын бойлайтын, Ізденуден, үйренуден талмайтын. 4-слайд: Компьютердің құлағында ойнайтын. 5-слайд: Мен –ұстазбын, Конструктор, сценарист Тіл маманы, аудармашы, программист. Мен-ұстазбын, Суретшімін, сазгермін, көріпкелмін, керек десең балгермін. 6-слайд: Мен-ұстазбын, психолог, тәлімгер Күндіз-түні болып жүрер әбігер 7-слайд: Ойға да кетем, Япыр-ай, қашан босаймын Диагностика, мониторинг жасаймын. 8-слайд: Мен-ұстазбын, Әрине, мен дидактикпын Теорияны терең білер, Қас шебермін, практикпін. Толық емес тұлғамын, бір еліктей Сангвиникпін, жүремін мен желікпей. 9-слайд: Білемін алда, көп екенін белестің Валеологпін, мен дилетант емеспін. Мен- ұстазбын Полилингвист маманмын Жас маманы бірлестіктің Құзыретті адаммын. 10-слайд: Мен-ұстазбын Жасампаз да дауылпаз Шәкірттерім олимпиадалық жеңімпаз Ең негізгі кәсібім менің-педагог Мен сонымен жаман адам болғам жоқ. Білімді тұлға –сапалы білім жемісі. Бүгінгі бала- ертеңгі дана. Оқушылардың дара білімділіктері мен қабілеттіктері негізінде олардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы интерактивті әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, қызығушылығын арттыру-ұстаздың басты міндеті. Басты қағидаларым Менің педагогикалық ұстанымым: “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Ақылың мен білімің екі жақтан” Абай Құнанбаев Педагогикалық тұжырымдамам: Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру Мектептің өзекті мәселесі: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру шарты - сабақта және сабақтан тыс әрекет барысында жүйелік - қызметтік құзыреттік қатынасты жүзеге асыру ӘБ өзекті мәселесі: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытудың тиімді технологияларын қолдану Менің өзекті мәселем: Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Мақсатым: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияны пайдалана отырып, қазіргі заманға сай жан-жақты дамыған, мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдана алатын тұлға қалыптастыру. Мұғалім кредосы: Мен неге оқыту керек екенін білемін; Мен не нәрсені оқыту керектігін білемін; Мен қалай оқыту керектігін білемін; Бұл білімнің адамдарға керек екенін білемін; Мен адамдардың менің жұмысыма риза екендігін білемін; Мен жұмысымның қоғамға пайдалы екеніне сенемін. Осы орайда мен мұғалім жұмысының үлгісін былай елестетемін. Мектеп - ол бір үлкен саялы бақ. Ол бақта әрдайым - күн сәулесіндей жылуылық пен мейірімділіктің лебі есіп тұрады. Бақтағы өсіп тұрған әр түрлі ағаштар - ол біздің мінезі де, түрі де, бойы мен ойы да, тіпті ұлты да әртүрлі оқушыларымыз. Бақтағы ағып жатқан толассыз бұлақ - оқушылардың бойына сіңіріп жатқан білім нәрі. Осы ағаштарды аялап, қорғап, суғарып жүрген бағбан - мұғалім. Мұғалім алдына кеп отырған оқушыны - баққа отырғызған әр талшыбығын таңдамай, талғамай баптауға кіріскен бағбан секілді білім нәрімен сусындата бастайды. Бабына ене бастаған талшыбық бүршік атады. Бүршік - оқушының көзінде жанған от, оқуға, білімге деген талпыныс. Талшыбықтың тірілгеніне қуанған бағбандай мұғалім енді шабыттанады, ізденеді, оқытады, жалықпастан үйретеді, талмай еңбектенеді. Мейірімді бағбанның жылуынан қуат алған талшыбық гүлдейді - яғни оқушы шабыттанады. Ал ұстаз талшыбықтың жеміс бергенін көруге асыққан бағбандай, оқушыны шығармашылыққа баулиды, жаңалыққа ұмтылуға үйретеді, бағыт-бағдар көрсетеді. Оқушы пән олимпиадасы, КҒА, Дарын ғылыми жобасы, "Жарқын болашақ" олимпиадасы, түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып бақ сынайды. Ал ағаштардың берген жемістері - оқушылардың алған жүлделі орындары. Мен орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Мен өзімді "будандастыру заңын" жүзеге асыруға күш салатын бағбандай елестетемін. Яғни бағбан алма ағашына алмұрт ағашының бір бұтағын қосып, бір ағаштан екі түрлі жеміс шығаруды көздесе, мен - өзге ұлт өкілдері балаларының бойына мемлекеттік тілді сіңіруге тырысып бағудамын. Бірақ алма ағашы одан алмұрт ағашы болып кетпейді, алайда барлық жұрт оған таңданады, тамсанады. Сол сияқты өзге ұлттың баласы қазақ тілінде еркін сөйлеп тұрса мен де масаттанып қаламын. Ағаштарының жеміс бергенін көрсе де келесі жылы қайтадан өз ісіне қайта оралған бағбандай біз де жаңа оқу жылын бастаймыз, жұмысымызға қайта кірісеміз. "Атаңнан мал қалғанша - тал қалсын" дейді қазақ халқы. Ал артымызда қалған талдарымыз жемісті болғанына не жетсін! | |
Просмотров: 17064 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|