Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеу
ЖАСАРОВА АЛМА ХАМЗАҚЫЗЫ
Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: мезгіл үстеуі, оның құрамдық белгілері туралы түсінік беру;
ә)дамытушылық: Оқушылардың таным білімін арттыру, ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік: сабақ үрдісінде қолданылатын сөйлемдер мен өлең үзінділері арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың әдісі: а) сұрақ-жауап әдісі,
ә) салыстыру әдісі,
б) талдау әдісі.
Оқыту әдісі: сын тұрғысынан ойлау

Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
Интерактивті тақтадағы ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
Әрбір адам – досым, сыныптасым,
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.
Олардың сабаққа қатысуын түгендеп, топқа бөліп, зейіндерін сабаққа аударамын.
І. Қызығушылықты ояту.
Бағалау парақтары таратылып, топ басшысы сайланады.
Флипчартқа жазу. Әр топ оқушылары кестені толтырады.
Үстеулерді топ-топқа бөліп, құрамына талдаңдар.
Былтыр, ертең, қазір, баяғыда, бүгін, асығып-үсігіп, күнімен, таңертең, кешке, сәл, ілуде, әзірге, бет-бетімен, бірте-бірте, мың-мыңдап, енді-енді, ендігәрі, бермен, лезде, төтеден, алға.

Негізгі үстеулер Туынды үстеулер Күрделі үстеулер
Ертең, қазір, сәл, алға Баяғыда, күнімен, кешке, ілуде, әзірге, лезде, төтеден Былтыр, бүгін, асығып-үсігіп, таңертең, бет-бетімен, бірте-бірте, мың-мыңдап, енді-енді, ендігәрі, бермен

ІІ. Мағынаны тану.
Өткен сабақта біз үстеу, үстеудің құрамдық түрлері туралы өттік. Осы сабақта біз үстеудің мағыналық түрлерімен, соның ішінде мезгіл үстеуімен танысамыз.(тақырыбы мен мақсаты хабарланады, ай мен күнді жазғызу). Үстеудің мағыналық түрлерін айту.

Жалқыдан жалпыға қарай түсіндіру әдісі. Балалар, тақтаға қарайық.
1. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді.

2. Кешке астан кейін төр үйге кіріп, үстел шамды жақтым да, сырттан ештеңе көрінбестей етіп, терезе перделерін түсірдім.

3. Таңертең мамам жайлауға қайтпақшы болды. /Б.Соқпақбаев/

Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа материалды өздігінен меңгерулеріне мүмкіндік беру.
Осы сөйлемдерден етістікпен тіркесіп тұрған үстеулерді тауып, сұрақ қойыңдар.
Сөйлемдердегі үстеулерді құрамы мен тұлғасына қарай талдаңдар. Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Сонымен, балалар, мезгіл үстеу дегеніміз не екен? Өздеріне ереже шығартып, өзара топатрмен тексерту, оқулықтағы ережемен салыстыру.
Оқушылар осы мысалдар арқылы өздері ереже шығарып, оны кітаптағы ережемен салыстырады. Өздері мысал келтіреді.
Мұғалім оқушылардың мезгіл үстеуі бойынша алған түсініктерін тұжырымдайды. (Интерактивті тақтадағы сызбалар арқылы)


Есіңе сақта!

• Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді.
• Сұрақтары: қашан? қашаннан?
• Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.
• Құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі болып бөлінеді.

Оқулықпен жұмыс. Оқулық бойынша 275-жаттығуды орындайық.
А. Болжау стратегиясы. Оқушылар оқи отырып, болжам жасайды және мезгіл үстеулерін атайды.
Мәтін бойынша сұрақтар қою.
1) Керім қандай бала?
2) Бұл мәтіннен сендер не алдыңдар?
Ә. Жазбаша жұмыс. Мәтіннен сөйлемдерді оқып, мезгіл үстеулерді тауып жазу.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар (қолды жоғары көтеріп, жанға тербелу)
Алдымнан жел еседі (қолмен бетіне қарай желдету)
Кіп-кішкентай ағаштар (жерге бүгіліп, қолын төмен созу )
Үп-үлкен боп өседі (тіке тұрып, қолды жоғары көтеру )

Кубизм стратегиясы.
1. Баяндаңыз. Мезгіл үстеуінің анықтамасы. Мысал келтір.
2. Қолданыңыз. «Ерейменім-мақтанышым» тақырыбында мезгіл үстеуін қатыстырып әңгіме жазу.
3. Белгілеңіз. Тест сұрақтарына жауап беру.
4. Ойланыңыз.
5. Құрастырыңыз. Күні бойы, жазғытұрым сөздерін пайдаланып өлең құрастыру.
6. Суреттеңіз. Көктем мезгілін суреттеп айтып бер.

Семантикалық карта толтыру.

Мезгіл үстеу
Жаңа
Бірлі-жарым
Сонша
Кеше
Ерте кезде
Келе-сала
Бүгін
Анағұрлым
Күні бойы
Ерте
Едәуір
Жедел
Күндіз
азырақ

Қорытынды.
Саб.бағалау:
Топ жетекшілерінің бағалауын тыңдау.

Үй тапсырмасы: 276,277-жаттығу.

I деңгей тапсырмасы. 1.Қайсысы дұрыс? Көшіріп жазып, дұрысының астын сыз.
Бүгін – бүгүн, таң ертең – таңертең, күні бойы – күнібойы, алажаздай – ала жаздай, ендігәрі – енді гәрі, ылғи – лғи, жазды гүні – жаздыгүні.

IІ деңгей тапсырмасы. 1.Төмендегі мақалдарда қалдырылып кеткен үстеулерді орнына қойыңдар.
1) Еріншекке (қашанғыдай? қашанғы?) оңай?
2) (қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық?
(қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық.

2. Ымырт, түнде, қызыл іңірде,іңір, жарым түнде. Әр оқушы ішінен екі сөзді таңдап, мезгіл үстеуге сөйлем құрау.

IІI деңгей тапсырмасы. Жұмбақтың жауабын тауып, мезгіл үстеуді дәптерге көшіріп жазу.
Талдау жасау.
Күндіз-түні жүреді Сырғымайды бір елі

Қыста сұйықты аузына алмайды, Жазда қанша ішсе суға шөлі қанбайды

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады

Аңғал-саңғал қайықпен, Қыста ғана жүземін.

Қыста тамаққа тоймайды, Жазда ұйқыға тоймайды.

Ерте тұрдым, Алып ұрдым.

Күндіз қалғып мызғиды, Түнде зарлап ызғиды.

Ертең ерте тігемін
Кешке қарай сөгемін.


уас
Категория: Школа, как она есть | Добавил: новик (2013-04-26)
Просмотров: 17416 | Рейтинг: 3.5/13
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru