Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Ұстаздың міндеті - аянбай қызмет ету
Ұстаз міндеті – аянбай еңбек ету
Музыка өнерінің маңызды бір саласы – хормен ән салу. Ол адамның ішкі сезімі, жан толқынысы, көңіл-күйінің сан түрлі қырларын жеткізе отырып, хор әншілерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда үлкен тәрбиелік қызмет атқарады. Сондықтан да хормен орындалатын музыкалық шығармаларды таңдау, орындау ерекшеліктерін зерделей отырып, оны сауатты түрде дауысқа қою үлкен шеберлікті, талғампаздықты қажет етеді. Кемінде 25 адамнан құралатын хор ұжымын ұйымдастыру, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, әншінің дұрыс тыныс ала білуі, қосылып ән айтудың мәнерлігі (интонация, ансамбль т.б.), әншіліктің техникалық дағдыларын меңгерту, әр шығарманың ерекшелігін түсіне білу, оны мәнерлі орындау сынды музыкалық білімді беру оңай жұмыс емес.
Сондықтан да осы салада қызмет етіп, хор ұжымдарын ұйымдастырып жүрген музыка, өнер мектептері ұстаздарының еңбегі ерен екенін айтып өткен орынды.
Үйретуден жалықпай еңбек ететін жандардың осы бағыттағы жұмысымен танысу, тәжірибе бөлісу, үздіктерді анықтау, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, еңбегін бағалау мақсатында облыстық байқау өткізу дәстүрге айналған. Биылғы жылдың 26-ақпанында осы үрдіспен Қарағанды қаласындағы №2 өнер мектебінің концерт залында 47-ші облыстық хор ұжымдары және фортепиано бөлімдерінің оқушылары арасында жас музыканттардың облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқауға Қарағанды, Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Теміртау қалаларының музыка, өнер мектептері қатысып, барлығы 15 ұжым бақ сынасты. Ұстаздар біліктілігі мен жас музыканттардың өнеріне баға беретін қазылар алқасы құрамында Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясының мұғалімі Т.Г.Матафонова, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің хор-дирижер бөлімінің меңгерушісі Л.П.Ушакова, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің Теміртау қаласындағы филиалының мұғалімі Т.Т.Сыздықов, алқа төрайымы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің мұғалімі, колледждің хор жетекшісі Б.Х.Сұлтанғазина болды.
Осы байқауға біздің №2 өнер мектебі атынан тәжірибелі ұстаз Карнаухова Елена Владимировна «Меруерт» хор ұжымын дайындап, концертмейстер Ганенко Юрий Викторовичтің сүйемелдеуімен Д.Перголезидің «Stadat mater», Канонның Монастырь Тезе репертуарынан «Магнификат», П.Чесноковтың «Распустилась черемуха», Е,Брусиловскийдің өңдеуіндегі Естайдың әні «Құсни-Қорлан», Л.Денц, К.Валькадостың «На качелях» шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Жан-жақты дайындалған, неше жылғы тәжірибесі бар мамандар дайындаған ұжымдар арасындағы байқау тартысты өтті. Дегенмен де, еңбегіне қарай жемісі демекші, тәжірибесі де, шеберлігі де басым шығып, біздің №2 өнер мектебінің «Меруерт» хор ұжымы жоғары деңгейдегі тамаша өнер көрсетіп, қазылар алқасының әділ шешімімен Бас жүлдеге ие болды. Осынау үлкен жеңіспен әріптестерімді құттықтай отырып, алдағы күндерге де толағай табыс тілеймін.
К.Ушинскийдің сөзімен қорытындылайтын болсақ: «Хормен ән салу кереметтей пәрменді педагогикалық құрал. Әнде, әсіресе, хормен әндетуде адамды жандандыратын, көңіл ашатын ғана емес, әншілерді жылы шырайлы татулыққа, ынтымақты іске жұмылдыратын, жұмыла еңбекке бастайтын қасиет бар». Олай болса, өскелең ұрпақ бойына әсемдікті, талғампаздықты, татулықты қалыптастыратын осындай хор ұжымдарын тәрбиелеу, аянбай еңбек ету – ұстаздардың басты міндеті. Ал олардың еңбегін бағалайтын осындай байқаулар да жиі ұйымдастырылып отырса нұр ұстіне нұр болмақ.
Мұхаметқали Ақзер,
№2 өнер мектебінің мұғалімі

Источник: http://индивидуальная статья
Категория: Школа, как она есть | Добавил: аққыз (2013-04-30) | Автор: ақзер мұхаметқали E
Просмотров: 1538 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2026-03-11, 2:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [179]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [80]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23296]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru