Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Тәрбие сағаты : «Семей қаласында саяхат» Мақсаты: Жолда жұру ережелері туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдырын қалыптастыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру. Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: жол макеті, жол белгілері, бағдаршам, т.б. Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, театрлау. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңбер болып тұрып, қимылмен. - Армысыз, қайырлы күн! - Армысыз, қайырымды Аспан-ата! - Армысыз, мейірімді жер-Ана! - Армысыз, шұғылалы алтын-күн! - Қуанайық, шаттанайық бәріміз! - Күліп шықты күн бүгін! - Бәріміз күндей жарқырайық! - Бәріміз тату болайық! - Бәріміз дос болайық! Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күнімізде, сендерге сәттілік тілеймін. - Балалар бүгін біз сендермен Семей қаласындағы орталық саябаққа барамыз. Олай болса, біз бір көлікпен барамыз. Менің бір жұмбағымды шешсеңдер, біздің қай көлікпен баратынымыз белгілі болады. Кезер қала, даланы, Жолдан таймас табаны... Барам деген жеріңе Ол жеткізіп салады... Бұл қай көлік? (Автобус) - Балалар алдында бір шартты орындауымыз керек. Ол үшін балалар, көлікте автобуста жүру ережелерін есімізге түсірейік. Балалар: Автобусқа, трамвайға артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек. (кезекпен айтады) - Жасы үлкен адамдарға орын беру керек. - Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады. - Ашық есік, терезеден бас шығарып, қол созуға болмайды, олай істеу өте қауіпті. Тәрбиеші: - Өте дұрыс. Онда автобусқа мінейік, сапарға аттанайық. Балалардың біреуі шофер болады, дауыстап келе жатады. -Балалар міне келдік. Сол кезде жерде хат жатады. Тәрбиеші хатты алып оқиды. Хатта былай дейді: -Мен мыстан Бүлдіршін тобы Семей қаласына саяхат етуге келеді деп естіп; жолды бұзып, жол жүру белгілерін адастырып тастадым.Сендер енді орталық саябаққа бара алмайсыңдар. Тәрбиеші: - Балалар сендер жол жүру ережесін білесіңдерғой. Олай болса барлығымыз жол белгілеріне көмектесеміз бе? Балалар: - Иә көмектесеміз. Тәрбиеші: - Балалар мынау тұрған қандай белгілері, олар қай жерде тұру керек? Балалар: - Бағдаршам. Балалар бағдаршамдарды қояды. Тәрбиеші: - Олардың көздері қандай белгілер береді? Балалар: Қызыл тоқта, сары дайындал, жасыл жүру. Тәрбиеші: Дурыс айтасыңдар балалар. - Ал мынау жолды қалай атаймыз? Балалар: жаяулар өткелі (зебра) Тәрбиеші: - Оның белгісін табайықшы. Балалар жаяулар өткелі белгісін тауып, орнына қояды Тәрбиеші: - Ал енді өтуге болады, бір ақ жанжақтарына қараңдар. Балалар жолдан өтеді. Тәрбиеші балалардан бұрылыс белгісін көрсетіп сұрайды. Балалардың жауаптары. Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар; жол жүру ережесінің белгілерін дұрыс қойдыңдар, дұрыс атадыңдар. - Ал мынау қандай белгі? Тәрбиеші төмен түсу белгісін көрсетеді. Балалардың жауаптары: - Ол жер асты жаяулар өткелі. Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, олай болса балалар осы жер астынан өтейік.(Өтіп жоғарғы баспалдақтан көтеріледі.) - Міне бізде орталық саябаққа жеттік. Бір-ақ саябағымыз көңілсізғой. Ешкімде жоқ. Олай болса балалар кәне көңіл көтеріп, «Қара-жорға» биін билейік. Балаларды биге шақырайық.(Балалар «Қара-жорға» биін билейді.) Тәрбиеші: - Ал енді балалар көңілдерімізді бір көтеріп, таза ауада бір демалып отырайық. Балалар отырады. Тәрбиеші: - Балалар , бүгін біз қандай жақсы істер істедік? Балалар: Мыстанды жеңіп, адасып кеткен жол белгілердін орындарын тауып беруге көмектестік, оларды қиындықтан құтқардық. Тәрбиеші: - Олай болса есімізге түсірейікші, біз қандай белгілерден өттік? Балалардың жауабы. Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар. Логикалық ойын. Тәрбиеші: - Балалар, енді алдарындағы қағазға, мектепке бару үшін ең қауіпсіз, әрі қысқа жолды сызып беріңдер. Балалар қауыпсіз жолды сызып тәрбиешіге көрсетеді.Тәрбиеші балаларды мадақтайды | |
Просмотров: 1269 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|