Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Сабақтың тақырыбы: Данышпан (сыныптан тыс) 5-7 сыныптар Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер,логикалық есептер. Түрі: Ойын Әдісі: Сайыс Қолданылған нақыл сөздер: Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр. Н. Ә. Назарбаев «Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев “Математиканың өз тілі бар – ол формула“ Софья Ковалевская

“Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс

“Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек “. С.М.Ломоносов

Ойыншыларды таныстыру. Біредің жүрегінің түгі бар, Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар. Бәрінен де басты – барлығының, Қатты істейтін миы бар. Енді сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді. Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.

Ойынның шарты: Ойынға 6 оқушы қатысады. Ойын 4 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Кім тапқыр» ІІ кезең «Есіңе сақта!» ІІІ-кезең. «Эстафета» ІV-кезең. «Таяқшалар сөйлейді»

«Кім тапқыр» сайысы. Есеп дұрыс болса 10 ұпай беріледі.
+5=37 +7=39 32 +9=41 +10=42 +3=35
+5=18 +7=20 13 +9=22 +10=23 +3=16

+5=31 +7=33 26 +9=35 +10=36 +3=29
+5=22 +7=24 17 +9=26 +10=27 +3=20 +5=46 +7=48 41 +9=50 +10=51 +3=44
+5=40 +7=42 35 +9=44 +10=45 +3=38
ІІ кезең «Есіңе сақта!» 20 ұпайдан. Жасырылған ұғымды оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
1. Гимн 2. Піл 3. Ит 4. Кітап 5. Қалам 6. Жылап жүрген бала 7. Қасқыр 8. Түлкі 9. Сумка 10. Орындық 11. Футболшы 12. Гүл
2 оқушы шығады. ІІІ-кезең. “Эстафета” – Логикалық есептер шешу.
10.Табақта үш алма ,қолымда екі алма. Қосқанда барлығын , болады неше алма. (5) 20.Көлден ұшты төрт қаз, Қайтып қонды екі қаз , Ұшып кетті нешеуі. (2) 30. Бір қоянның екі құлағы бар, екі қоянның неше құлағы бар. (4) 40. Талдан ұшты көп торғай, емес бірақ көп торғай Біреуі бастауышы, төртеуі қостауышы Ойың жүйрік болса егер, торғай нешеу есепте. (5)

Мақал мәтел. Ойыншылар мақал мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып қою керек.
10) ...(6) ала болса, ауыздағы кетеді ... (4) түгел болса, төбедегі келеді. 20) Ер көрмеймін деген жерін ... (3) көреді, Ат баспаймын деген жерін ... (3) басады. 30) ... (100) біреу шешен, ... (1000) біреу көсем.. 40) ...(2) құзғын таласса, ...(1) қарғаға жем болар.

«Адасқан әріптер»
10. Қастзанқа – қазақстан 20. Діктәеулсзі - тәуелсіздік 30. Слтоқанже – желтоқсан 40. Кцстонитуяи - конституция
2 оқушы шығады

ІV-кезең 50 ұпайдан Таяқшалар сөйлейді 10 таяқшадан 3 шаршы (квадрат) құра
12 таяқша суреттегідей тұр. Келесі тапсырманы орында: 2 таяқшаны жылжыту арқылы, 7 шаршы шығатындай таяқшаларды қой;

Көрермендермен ойын: «Жалғастыр». «Мақал сөздің мәйегі» дегендей, бұл кезеңде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек. Біздің алма ағашымыздағы алманың бірін таңдап, сонда берілген мақал-мәтелдердің ізін жалғастырып толық айт. 10. Жүз теңгең болғанша ,... (жүз досың болсын.) 20.Отыз тістен шыққан сөз,... (отыз елге тарайды.) 30. Жеті жұрттың тілін біл ,... (жеті түрлі білім біл.) 40.Бір кісінікі мақұл,...(екі кісінікі ақыл.) 50.Алтыға дейін бала ерке,... (алпыстан кейін шал ерке) 6.Біреуге мал қайғы, ...(біреуге жан қайғы) 7.Жүзден жүйрік,...(мыңнан тұлпар) 8.Бірінші байлық -,...(денсаулық) Екінші байлық -,...(ақ жаулық) Үшінші байлық-,...(он саулық) 9.Жүздің түсін білгенше,...(бірдің атын біл) 10.Біреу тойып секіреді,...(біреу тоңып секіреді) Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады. | |
Просмотров: 1223 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |

Категории раздела |

Социальные закладк |

Поиск |

Друзья сайта |

Статистика |