Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Қобыз аспабының ерекшелігі, кобыз күйлері.
Нуржанова Назипа Әміртайқызы теория мұғалімі
Балалар саз мектебі №2 Семей қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабының ерекшелігі, кобыз күйлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту және үйрету.Оқушының өз халқына, музыкасына деген сүйіспеншілігін соның ішінде қобыз аспабына қатысты білім беріп тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Қобыз аспабы жайлы мағлұмат беру.Қобыз аспабына деген құрмет сезімін тудыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қобыз күйін, музыкасын тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өнерді құрметтеуге, қазақ халқының ұлттық аспабын танып, білуге, ежелгі аңыздар негінде оқушыларды адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, интегралдық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, сөзжұмбақ, диаграмма.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасы: Қобызда бір күй орындалады(халық күйі Қоңыр). Балаларға сұрақ:Бұл күй кімнің күйі, қандай аспапта орындалды,осы аспап туралы не білесіңдер?(сұрақ жауап)
ЖАҢА ТАҚЫРЫП: «Қобыз аспабының ерекшелігі, қобыз күйлері»
Қазақ музыка мәдениетінде аспаптық музыканың,оның ішінде қобыз аспабының алатын орны ерекше және де тарихи тамыры өте тереңде жатыр. Қобыз тарихын біздің заманымызға дейінгі үш мың жылдың аясына апарады. Қобыз қазақ халқы алабөтен қасиет тұтатын аспап.Атақты өнертанушы ғалым, академик В.С. Виноградов та, өз зерттеулеріне сүйене отырып, ыспалы( смычковый) аспаптардың отаны Орта Азия екенін, қазақтың қобызы осы күнгі виолончельдердің,скрипкалардың, альттардың арғы атасы екенін ғылыми тұрғыдан әбден дәлелдеген."Қобыз аса бір қызықты аспап", -деп жазды академик А.Жұбанов, ол тек біздің тұсымызда дамуға, халық игілігі жолында қызмет істеуге жолдама алды. Оның тұла бойында толып жатқан музыкалық қасиет бар. Ол қасиетті көп замандар бақсы балгерлер жауып, бүркеп,бойын жаздырмай келді. Ақселеу Сейдімбек қобыз аспабының тарихын тереңге жіберсе ,белгілі ғалым Болат Сарыбаев өз зеттеулерінің негізіне сүйене отырып ысқышты аспаптардың бір қатары (оның ішінде қобызда бар) .Орта ғасырлардың басында ,шаман дінінен едәуір кейін пайда болды деп жорамалайды.Бақсы монғол тілінде ұстаз деген сөз, ұйғырлар өздерінің сауатты адамдарын,ал түркімендер ақын жыршыларын бақши дейді.Күні бүгінге дейін қобыз және Қорқыт сөздері синоним ретінде қабылданылады. (Қобыз аспабының құрылысы туралы бейнеролик ұсынылады)
Ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі аты аңызға айналған Қорқыт баба күйлері. Халқымыз ежелден Қорқыт бабаны қобызға алғаш тіл бітіріп, оның қыл ішегінен жаhандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы деп біледі. Қорқыттың нақыл сөздері бүгінгі Берлин кітапханасында сақталып келеді... Тақпақ сөздерінің жалпы саны төрт жүзге таяу,деп жазды академик Әлкей Марғұлан. Қорқыт айтты деген мақал мәтелдер қазақ халқында әлі күнге дейін кездеседі. Аңыз бойынша, Қорқыт 7-9 ғасырларда Сырдарияның жағасында өмір сүрген көрінеді.Ел аузындағы аңыздардың бірі Қорқыттың жаратылыс заңынан тыс,елден ерекше боп дүниеге келуі , және оған Қорқыт есімінің берілуі жайында сыр шертеді. Қорқыт дүниеге келер кезде, жер дүниені қара түнек басып, ел жұрттың үрейін ұшырады...Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Алғашында бұл бір жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт оның адам нәсілі екенін көргеннен кейін ғана көңілдері жайланады. Содан, бұл ерекше болып өмірге келіп, бәрімізді қорқытты деп, есімін Қорқыт қояды.
Қорқыт туған кезінде,
Қара аспанды су алған,
Қара жерді құм алған,
Ол туғанда ел қорқып,
Туғанннан соң қуанған
деген оның өмірге келуі жайында жыр да бар. Келесі аңызда Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы туралы баяндалады. (оқушылар әңгімелейді.)
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым,
Ор текенің мүйізін
Тиек қылған қобызым,
Бесті айғырдың құйрығын,
Ішек қылған қобызым,
Құлағыңды бұрайын,
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,-
Таусылғанда амалым,
Нақыл берген қобызым.
Шағылғанда табыным,
Ақыл берген қобызым
деп, қобызды қолына алған кезде аспап боздап қоя беріпті. Қорқыт күйлеріне тән тағы бір ерекшелік, оларда әуендік байланыс, бір- бірімен сабақтастық бар. Бір күйдегі нақыш саз екіншісінде ашық және жасырын түрде қайталанады. Мысалы: (Ұшардың ұлуы) мына бір шағын сарын (4-5 такт): (фортепианода ойнап көрсету) Осы қысқа сарындар әрбір күйде кейбір ырғақтары, фактуралық сілемдері өзгеріп, түрленгенімен, бұлардағы саздық байланыс үзілмейді. Қорқыт күйлері, формасы өте күрделі емес, қарапайым,қысқа сарынды шығармалар. Қорқыт дәстүрінің мұрагерлері атақты қобызшылар Жппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев репертуарынан алынған бұл шығармалардан орындаушылардың күй желісін байытып,өрнек нақыш қосып өңдегені байқалады. Дегенмен, Қорқыт стилі жоғалып кетпеген, қайта өңі ашылып, айқындала түскен. .Жоғарыда аттары аталған атақты ғалымдарымыз А.Жұбанов., Б.Сарыбаев., А.Сейдімбектердің бұл істе сіңірген еңбектері жеке бір төбе екендігін айтып өту абзал. Қазақтың қара қобызын қастерлеу жолында Ұлы ақын бабамыз Абайдың да өзіндік үлесі болған. Яғни, 1885 жылы Семейдің өлкетану мұражайына ақынның өзі әкеп тапсырған бірнеше музыкалық аспаптардың ішінде көне қылқобыз да бар. Сол аспап бүгінгі күні Семейдегі Абай мұражайы экспозициясының төрінен орын алған.
Шәкәрім Қорқыт сарындарымен етене жақын таныс болған, қобызшылардың орындауында тыңдап, құлағына сіңірген . Бұл сарындардың келешек ұрпақтарға қалуы керектігін ақын, озақ ойлы адам болғандықтан барынша сезінген. Аса жоғары музыкалық қабілетінің арқасында Шәкәрім Қорқыт сарынын дауыстап айтып, есіне сақтаған. Сарынға өзі өлең жазып , ән ғып айтқан. Келер ұрпаққа Қорқыт сарынын жеткізудің осындай дұрыс жолын тапқан. Бұл жерде ұлы ақынның көрегенді данышпандылық, қобыз өнеріне деген шыныйы қамқоршылық бейнесін көреміз. Қорқыт сарынына арнап шығарған Шәкәрімнің мына өлең жолдары дәлел бола алады.
"Ей, кешегі кеткен ер Қорқыт,
Кейінгі жанға болды ұмыт
Сарынын әнмен салайын
Екі әуез демей құлақ тұт
Аңғармай кетпе жарымын"
"... Сарынға өлең- ой салдым мен
Түп түгел сөз боп шығады
Көрінді түзу сол маған,"
"Ей, бұл әнге өлең салғаным
Бұрыннан ойда арманым
Сарнайтын мұны бақсы жоқ
Жек көрдім ұмыт қалғанын
Ескіден қалған бір жұрнақ,"
Өзінің осындай асыл сөзі арқылы бүгінгі ұрпаққа Ұлы Қорқыт Бабамыздың көне сарынын шашпай - төкпей жеткізген Шәкәрім атамызға басымызды иеміз. 1303 жылы жазылған, қазіргі кезде Венеция қаласындағы (Әулие Марк) монастырында сақтаулы (Кодекс Куманикус), яғни (Кумандир, (Қыпшақтар)кітабы) атты кітапта басқа музыкалық аспаптармен қатар Қобуз(қобыз) аспабының да аты аталады.Кітапта (Қыпшақтар) музыкасының нотасы келтірілген. Қазіргі нота жазуымызға түсірілген осы әуенді тыңдап, талдай келе оның қобыз сарынына жақын екенін аңғаруға болады. (Куман (қыпшақ) әуенінің нотасы) (қазіргі нота жазуына түсірген Оразғали Сейтқазы. (нота бойынша салыстыр)
Әуеннің қылқобыз аспабына лайықталып өңделген нұсқасы Оразғали Сейтқазының ( Киелі қобыз құдіреті) кітабының нота бөлігінде берілген. 14 – 15 ғасырларда байырғы қазақ (шағатай) тілінде Ахмади деген кісі жазған (музыкалық аспаптар айтысы) деген еңбекте автор музыкалық аспаптарды айтыстыру тәсілі арқылы әр аспаптың ерекшелігін, сырын ашуға тырысқан. Айтыста тамбур, үд, шың, қобыз, жетіген, рубад, ғижақ, күңгір сияқты музыкалық аспаптар қатысады. Соның ішінде қобыз өзі туралы былай дейді:
Айтысына араласқан олардың,
Қобыз айтты: Шын Тәңір мен болармын!
Махаббаттың гүлзарында бұлбұлмын,
Хабибтің де жүрегінде мұң құйдым.
Әлемде жоқ әуенімнің теңдесі,
Бас ұрады пайғамбары,пендесі.
Сұқтанады сұлулықтың ғаламы
Сүлейлері тыңдап тілден қалады.
Шерлі үніме елтиді күң құлдарым,
Қожа Сафаршахтың еркін ұрладым.
Базардағы бұздым нарқын тамбурдың,
Тәлтек қылдым, таза естен тандырдым
Қобыз аспабында ойнаушылар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа аспапты (қобызды) синкреттік дәстүрде орындаушылар жатады. (Синкретизм грек тілінде синкретисмос қазақша қосу, біріктіру деген мағнаны білдіреді). Олар: бақсы, балгерлер, жырау, жыршылар, ақындар, әншілер.
Екінші топқа қобыз аспабын мейлінше меңгеріп, онда күй тартып өнер көрсетіп, аспапты таза музыкалық құрал ретінде ғана пайдаланған орындаушылар жатады. Оларды күйші қобызшылар деп атайды.
Үшінші топқа қобыз аспабының жаңғыртпаланған (реконструкциядан өткен қобыз прима, бас қобыз) түрлерінде ойнайтын осы заманғы белгілі қобызшылар.
Мысалы: Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған, Жанақ ақын т.б.
Кезінде А.Затаевич бастаған зерттеуші ғалымдарымыздың барлығы дерлік бақсы сарындарын асыл қазына деп бағалап, көбісінің бізге жетпегенін өкінішпен атап кеткен болатын. Сондықтан да бізге жеткен сарындарды көненің көзіндей асыл мұра ретінде сақтап, жаңартып ойнап, халқымыздың санасына қайта сіңіру біздің, музыка мамандарының қасиетті міндеті.
Бейнеролик.
Қобыз өнері халқымыздың салт дәстүрінен біртіндеп күштеп ығыстырылып, ХІ-ХХ ғасырларда өзінің бай дәстүрінің көбінен айырылып, тіпті мүлдем
құрып кетудің қауіпті жағдайында ХХ ғасырға жетті.
Ахмет Жұбанов қазақтың қара қобызын кәсіби оркестірлердің жоғары талаптарына сай жаңғыртпалап, оркестрге қобыздың жаңа түрлерін енгізді. Сөйтіп өмірге прима қобыз, альт қобыз, бас қобыз және контрабас қобыз атты аспаптар келді.
1968 жылы Құрманазы атындағы консерватория ректоры, композитор, Қазақстан Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің бастамасымен тұңғыш рет қыл қобыз сыныбы ашылып, оған ұстаздық етуге Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген әртісі, белгілі қобызшы Жаппас Қаламбаев шақырылып, оны Дәулет Мықтыбаев жалғастырды.
Музыкалық колледждерден алғаш қылқобыз класы 1976 жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінде (учильищесінде) ашылды. Оразғали Сейітқазы бұл мамандық бойынша біраз жыл ұстаздық қызмет атқарды. Е.Г.Брусиловский прима қобызға арнап аспап тарихындағы бірінші сонатаны жазса, Л. Шарговодский мен С.Шабельский бірінші концерттің авторлары. Ал А. Жұбанов жазған пьеса («Көктем», «Жез киік», «Ария», «Романс», «Вальс») барлық қобызшылардың репертуарынан берік орын алған.
Қорыта айтқанда, бір кезде құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған қасиетті қобызымыздың бүгінгі күні, құдайға шүкір, үлкен даму кезеңінде. Қазіргі қазақ музыкасын қобыз аспаптарынсыз елестету мүмкін емес. Әр деңгейде байқаулар, фестивальдар да жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Қобыз аспабы халықаралық («Шабыт») фестивальінен де берік орын алды. Осының бәрі көңілге қуаныш, көңілге медеу.



Қолданған әдебиеттер:
1. Оразғали Сейтқазы, «Киелі қобыз құдіреті» - Семей
2 Мұсабек Жарқынбеков, «Қорқыт Елім-ай»
3 Ғалым Доскен, «Мәңгілік сарын» жобасы
4 Музыка; Алматы – Атамұра, 2001жыл. 5 сынып.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Жыргау (2014-01-11) | Автор: Нуржанова Назипа Әміртайқызы E
Просмотров: 4988 | Рейтинг: 5.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 8:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru