Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Тақырыбы: Қырдың жас түлегі. Сапарғали Бегалин. Мақсаты: Білімділік: оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау; Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге, көпшіл болуға тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Шоқан кім? Абылай ханның шын аты кім? Халық неден қатты қиналады? 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Әңгімеден тағы не түсіндің? ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Абылайдың денесі қай жерде жерленген? Абылай қандай өсиет айтты? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Өткен сабақтан Шоқан жайлы тағы не білдік? «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». Бұл сөздерді қашан айтты? Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Шоқан (шын аты Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды. Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды. Мұғалім тарапынан қосымша деректер беру. Шоқан шын аты Мұхаммед Ханафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді. Омбының кадет копусын бітірген (1853 ж.), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-62 жж.). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді тауып оқы. Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны. Жатақ – жатақхана. Дәптермен жұмыс. 2 -3 кластарда оқыған әңгіме мен үлгілік сызбаға сүйеніп, Шоқан Уәлиханов туралы жаз. Сызбаны толтыру. ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 3 - класта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? Анатолийдің қылығы дұрыс па? ҮІІ. Қорыту. Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау. ШҚО Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы, Сасан би атындағы ОМ | |
Просмотров: 2116 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|