Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Тоқыма өнері
ШҚО Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы, Сасан би атындағы орта мектеп
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ : АХМЕТҚАЛИЕВА ГҮЛМИРА
Пәні: Технология Өтетін күні: 13.02.14 Сыныбы 8
Сабақтың тақырыбы: Тоқыма өнері

Мақсаты: 1. Білімділік оқушыларға тоқыма өнерімен таныстыру, ілмек бізбен гүлді тоқу технологиясын үйрету
2.Дамытушылық жұмыс барысында оқушының шеберлігін, есте сақтау қабілеттерін арттыру, қол икемділіктерін дамыту
3. Тәрбиелік әсем безендіре білуге, көркемдікті сезіну қабілеттерін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктермен құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, тоқыма бұйымдары, әр-түрлі біздің түрлері.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен сабақты қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4.Кіріспе инструктажы
5. Сарамандық жұмыс
6. Бекіту инструктажы
7. Жұмыс орнын жинақтау
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
3. Арнаулы киімін тексеру
4. Құрал жабдықтармен материалдарды тарату
5. Өткен сабақтарда жүргізілген жұмыстарға талдау жасау
6.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту
7. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
Тексерудің әдісі: 1. Құрақ- құрау өнері қай ғасырда пайда болды ?
2. Әлем халықтарында құрақ құрау өнері қалай аталады ?
3. Құрақ түрлері неше топқа бөлінеді ?
4. Қандай мақсатта құралады ?
5. Құрақ құрау технологиясы қалай орындалады ?
6. Қандай құрақ түрлерін білесіңдер ?

Жаңа сабақ
Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырылып, туысқан халықтар шығармашылығымен толықтырылып, байытылып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділіке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс халдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі тоқыма .Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстінде түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін менгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу өнері басқа да істер сияақты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын иірілген жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады.
Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал сумка салфетка сияқты заттарды ширақ иірген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Шартты белгілер.
о- үлпілдек шалу. + жай шалу.
- -қысқа шалу. + - 1 бос жіп қосылған шалу.

Жай шалу – ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Бос жіп қосылған шалу. Бағананың (шалудың) биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалуды тартып шығарады жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалумен бос жіптен (2шалудан) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да соңғы 2 шалудан өткізіп алады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек.
Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз 2 Жіп
Біз түрлері

Бес біз Екі басы сым Ілмек біз
ортасы түтікше
пластмасса біз

Сарамандық жұмыс. Тоқыма бұйымдарын безендіретін гүл тоқу.
Бірінші қатар.
1. 10 жіпті бір бос жіп қосылған шалумен дөңгелететіп қосамыз.
2. Әр бос жіп қосылған шалудан кейін үлпілдек бір жіпті тоқимыз
3. Екінші қатар-әр 2 бос жіп қосылған шалудың үстіне екі шеткі жіптерін жай шалумен ортасын бір бос жіп қосылған шалу әдісімен 5 жіпті тоқимыз жиыны 7 жіп болу керек.
Бірінші қатар Екінші қатар

6. Бекіту инетіруктажы.
1.Тоқыма тоқу әдісімен қандай бұйымдар тоқиды және тоқу кезінде адам нені менгереді ?
2. Тоқыма тоқу үшін қандай жіптер қолдануға болады ?
3. Біздің қандай түрлері бар ?
4. Сарамандық жұмыста қандай шалуларды үйрендік ?
5.Гүлді тоқу кезінде 1-ші қатарды және 2-ші қатарларда неше жіптен тоқыдық.
Үйге тапсырма: Шартты белгілермен тоқып үйренуге.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Aiz (2014-03-31)
Просмотров: 4250 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 8:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru