Главная » Статьи » Школа, как она есть |
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме пәні: Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі: Е.С. Қайырбекова Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мұхтар Әуезовтың өмір жолымен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, тілін сүюге баули отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық, пәнішілік байланыс: тарих, қазақ әдебиеті Сабақтың көрнекілгі: М.Әуезов суреті, таратпа материалдар, слайд, «Топтастыру» стратегиясы, хронологиялық кесте Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі-2 мин I I Үй тапсырмасын тексеру, қайталау-10 мин I I I Жаңа сабақты түсіндіру-20 мин IV Жаңа сабақты бекіту -8 мин V Бағалау -3 мин VI Үйге тапсырма беру-2 мин Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі а) оқушыларды түгендеу ә) сабақ мақсаты туралы хабарлау. II Үй тапсырмасын қайталау Үйге Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы оқып келуге берілген.Сол тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1) Жамбыл Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1846 жылы Шу өзенінің бойында, Жамбыл тауының бауырында дүниеге келген) 2) Жамбыл Жабаев қандй адам болған? ( Ән мен күйге құмар, ақындық өнерге бейім, естіген жырын қағып алатын құйма құлақ ) 3) Жамбыл Жабаевтың айтыс ақыны ретінде танылуы (Жамбыл өз тұсында небір бұлбұл, нелер дүлдүл ақындармпен бетпе-бет келіп айтысып, тізе бүктірген.Айтыс елге ежелден сүйікті де, сүйкімді, найзағайдың жасынындай жарқ етіп, табан астында жайнап шыға келетін зерек сана, тапқыр көңіл, мәрттікті қалайтын жыр айдыны) 4) Жамбыл жырау қай жылы қайтыс болды? (1945 жылы 22 маусымда жүзге аяқ басқан шағында дүниеден озды) III Жаңа сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны Мұғалімнің кіріспе сөзі Бүгінгі сабақта XX ғасыр әдебиетінің заңғар биігі- Мұхтар Әуезовтың өмірбаянын өтеміз. Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезов Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семейдің Абайында,қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абай ауданының Қасқабұлақ-Бөрілі аулында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Атасы Әуез,әкесі Омархан елге қадірлі,сауатты,әдебиет пен өнерге құмар жандар болған.Оның үстіне, Әуез де, Омархан да Абай аулымен сыйлас,аралас-құралас,туыс болған жандар. 1904 жылы дүниеден Абай кетіп, «Қазақ поэзиясының күні тұтылған» тұста, жетіге жаңа толған жас Мұхтардың күллі ұлт мәдениетіне ұлы тұлға, алтын діңгек болар болашақ алып суреткер екенін, әлбетте, ешкім біле қойған жоқ-ты. Енді ойлап қарасақ, Абай мен Мұхтардың бұл әдеби жалғастығындағы Пушкин мен Лермонтовтың рухани туыстығындай бір тамаша тұтастық бар екен. Асылы, шын мәніндегі шынайы таланттың әдебиетке, яки өнерге келу тарихында жалпыға ортақ табиғи заңдылықпен қатар өзгеге ұқсамайтын оқыс, оқшау құпиялар да болар. Бұл ретте бала Мұхтардың алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес, атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Он бір жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға - немере ағасы Қасымбектің тәрбиенсіне көшеді. Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семейдегі,орыс гимназиясында бес жыл, оны бітірген соң осындағы мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды.Мұхтар Әуезов қаламгерлік еңбекпен қатар бірнеше жыл қоғам өміріне араласып, әуелі Семей облыстық кеңесінде, кейін Орынбордағы Қазақстан Орталық атқару комитетінде ресми қызметтер атқарады, да, одан әрі оқуын жалғастырады.1922 жылы Ташкент Мемлекеттік университетіне түсіп,1923 жылы Петербург университетіне ауысып, оның филология факультетін 1928 жылы бітіреді.1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасын оқып-аяқтап шығады.Әуезов талантының жан-жақтылығы жазушы, ғалым, ұстаз осынау көп ізденудің, мол білімнің нәтижесі екені талассыз. Мұхтар Әуезов әдеби-шығармашылық еңбекпен ерте айналысқан. Оған, әрине, тума қабілеті, өмірлік тәжірибе және өзі оқып-тоқып, үлгі тұтқан үш сала өнеге мектебі (қазақтың төл әдебиеті, орыс және еуразия классикасы) шешуші рөл атқарады. Гимназист Мұхтар, семинарист Мұхтар Әуезов каникул кездерінде қаладан далаға-өзінің туған ауылына келіп жүреді. Жай келіп жүрмейді, ауыл өмірін әр қырынан байқап, байыптап, зерттеп жүреді. Шынында да, бұрынғы қазақ даласының тіршілігі мен таныған дүниесі. Феодалдық – патриархалдық қоғамдағы қазақ елінің мінезі, құлқы, сыры мен сипаты, руарлық алыс – жұлыс, күштінің әлсізге көрсетер зәбір-жапасы, байлардың кедей қауымға үстемдігі мен өктемдігі, қалыңмал, барымта, қыз алып қашу, көп әйел алу, күндестік, құн, жер дауы, жесір дауы.Осылардың бәрі Әуезовтың ойлы, білімді, мәдениетті қаламгердің қиялын сан қиялға салып ойландырады, толғандырады. Тұңғыш жарық көрген еңбегі (1917) «Адамдық негізі - әйел» деп аталады.Көсемсөзде әйелдің тең құқығы,бостандығына назар салып,қызмет бір ғана әйел үшін емес,қоғам үшін екенін айтады.Қазіргі нақыл сөзге айналған: «Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең,тағылымыңды,бесігіңді түзе! Оны түзейін десең,әйелдің халін түзе!», - деген ойды айтқанда М.Әуезов не бары 20 жаста ғана болатын.Жиырмасыншы жылдары «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Оқыған азамат», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жуандық» т.б. шығармаларын жазды.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Қасеннің құбылыстары», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.М.Әуезовтың,қазақ әдебиетінің,ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші,1947 жылы екінші кітабы жарық көрді. 1943 – Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 1945-1956 – екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1946 - Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1946-1947 - «Абай жолының» екінші кітабы жарық көреді. 1949 - «Абай жолы» романы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық беріледі. 1950 - роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1953-1954 - Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 - Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтайды. 1955 – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланады. 1957- 60 жылдық мерейтойы Алматы мен Мәскеуде салтанатты түрде аталып өтіп, Ленин орденімен марапатталады. 1957-1961 – Тіл және әдебиет институтының халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1961 - 27 маусымда Мәскеуде операция үстінде көз жұмады. Дүниеге қазақ перзентi болып туып, адамзат перзентi болып аттанған М.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткiзетiн тағылым мектебi. Заманамен бiрге тебiренiп, мәңгiлiкпен үндесе бiлудiң айқын өнегесi. IV Жаңа сабақты бекіту 1. Топтастыру жазушы акын драматург ғалым Мұхтар Әуезов ұстаз Қазақ халқының кемеңгер ойшылы Хронологиялық таблицамен жұмыс: Жылы Негізгі оқиғалар Жазған шығармалары мен роман, әңгімелері 1897 жылы 1922 жылы 1923 жылы 1928 жылы 1930 жылы 1917 жылы 1920 жылы 1930-1940 жылдары 1942 жылы 1947жылы 1945-1956 жылдары 1961 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қасқабұлақ-Бөрілі аулында дүниеге келген Ташкенттегі университетке түседі Петербургке ауысады бітіреді Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасын оқып-аяқтап шығады. – екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. қайтыс болады. Тұңғыш жарық көрген еңбегі «Адамдық негізі - әйел» деп аталады «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Оқыған азамат», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жуандық» шығармаларын жазды «Іздер», «Білекке білек», «Қасеннің құбылыстары», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», «Шатқалаң» әңгімелерін жазды «Абай жолы» жарыққа шығады. «Абай жолының» екінші кітабы жарық көреді. Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма: М.Әуезовтыңтың «Абай жолы» романын оқып келуге Пайдаланылған әдебиеттер 1) Қазақ әдебиеті 11кл. 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) дидактикалық материалдар | |
Просмотров: 4385 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|