Главная » Статьи » Школа, как она есть |
2013-2014 оқу жылы ШҚО "Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ "Жас маман" мектебінің жетекшісі Османова Мендигуль Темирхановна «Үздік жас маман» жас ұстаздар сайысы. Білім – адам баласының ортақ қазынасы. Музыка 1. Жүргізуші: Бүгін біздің мектепте дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп, Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой. «Үздік жас маман» сайысымызға қош келдіңіздер! 2. Жүргізуші: Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім – тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. 1.Жүргізуші: Балғындарға баянды, Сырын төккен-ұстазсың! Шәкіртіне аяулы, Нұрын сепкен-ұстазсың! 2.Жүргізуші: Бәрімізді бей-жай қылған тақырып, Сырласайық ой-теңізін сапырып. Батыл болсын,анық болсын пікірлер, Сөз маржаны шықсын тыңнан атылып. 1.Жүргізуші: Шақырып жарыстарға сан салалы, Жетекшілер тобы бәріне жар салады, Ту етіп достықпенен татулықты, Сайыстың мүшелерін қарсы алайық. Құрметпен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. (сайыскерлердін аты-жөні) 1.Тоқтыбаянқызы Шнар – даярлы топ тәрбиелеуші. Өмірлік ұстанымы: Ең биік ту – намыс туы. Жұлдызнамасы – Сарышаян. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. 2.Жанузаков Аян Ардакович – тарих пәні мұғалімі. Қадыр Мырза-Әлінің “қардай ақ бол, суық болма, судай мөлдір бол, сұйық болма, тастай берік бол, қатты болма” дегені өмірлік ұстанымы. Жұлдызнамасы – Мерген. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліңіз. 3.Бармакова Айгерим Серикбаевна - даярлы топ тәрбиелеуші. Өмірлік ұстанымы: Еңкейгенге еңкей - ол әкеңнің құны емес, Шалқайғанға шалқай - ол құдайдың ұлы емес. Жұлдызнамасы – Егіздер. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз, жауапкершіліктен қашпаңыз. 4. Шарипханова Мархаба Муратовна – информатика пәні мұғалімі. Өмірлік ұстанымы: Білімдінің күні жарық. Жұлдызнамасы – Сарышаян. Жылқы жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. 5.Тұрсынханова Бағжан Тұрсынбекқызы -бастауыш сынып мұғалімі. Өмірлік ұстанымы: Желге жүрсең ғана, жеңіс туы желбірейді Жұлдызнамасы – Мерген. Шыдамдылық танытсаңыз, қыркүйек және қазан айларында жұртшылық сіздің барлық талантыңыз бен іскерлігіңізге куә болады. 6. Смагулова Жанна Торехановна - даярлы топ тәрбиелеуші. Өмірлік ұстанымы: Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзің ізденуге жетелейді. Отбасылы, азаматының аяулы жары, бір ұлдың анасы. Жұлдызнамасы – Егіздер. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз. 7. Даулеткелдыева Асем Аймухаметовна – ағылшын тілі мұғалімі. Өмірлік ұстанымы: Еңбек – бәрін де жеңбек. Жұлдызнамасы –Тоқты. Бұл жыл сізден төзім мен ақылды қажет етеді. Белсенді уақытыңыз- қазан мен қараша айлары. 8. Жумадилов Азамат Амангельдыевич – алғашқы әскери дайындық мұғалімі. «Өзгенің сөзіне құлақ салып, өз дегеніңді жаса» деген ұранды өмірлік ұстаным етуде. Жұлдызнамасы – Балық. Көп саяхат жасауға, жаңа мідениеттерді тануңа арнаңыз. Дұрыс әрекет жасасаңыз сәттілік сіздің жағыңызда. 1.Жүргізуші: Осындай тапқыр достар кез келгенде, Жетсін –ау, жарыстарда жеңгенге не? Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар. Тілейміз ізгі тілек сендерге де, - деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық. 2.Жүргізуші: Әділ қазы мүшелері, армысыздар! Қош кепсіз, есен сау бармысыздар? Сіздерге үміт артқан мұғалімдер, Әділдікпен төрелік айтыңыздар. 1. Жүргізуші: Әділдікпен баға берер ұстазға, Әділдікпен қара қылды жаруға, Әділқазы алқаларын сайлайық. Үздіктерді таңдап бүгін алуға, - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұхсат етіңіздер. 1.Ожыков Ернур Жанатпекович - директордың тәрбие жөніндегі орынбасары. 2.Маженова Рауфа Маулсеитовна - мектептің ардагер ұстазы, орыс тілі пәні мұғалімі. 3.Каниева Галия Акпаровна – өнерлі ұстаз, технология пәні мұңғалімі 4. Кульбекова Асем Мукатаевна – бастауыш сынып мұғалімі. 5.Айтказина Жанат Мейрамгалиевна – қазақ тілі пінінің мұғалімі. 6. Бірінші кезең – Таныстыру. (5ұпай) 1. Жүргізуші: Бірінші кезең – таныстыру, ата салтымыздан қалыптасып қалған «Сәлем сөздің басы» дегендей сайыскерлерімізге өздерін – өздері таныстыруға кезек берейік. Екінші кезең - Ширату 2. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі. 1-ойыншы: 1. А.Байтұрсыновтың жазған оқу құралы (Әліппе) 2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім –білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.) 3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма (Үй тапсырмасы) 2-ойыншы: 1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден (Халық қаһарманы) 2. Жеті атаны атаңыз. (бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.) 3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн (1992 жыл,4 маусым) 3-ойыншы. 1. Қазақтың соңғы ханы (Кенесары) 2. Білім беру мекемесінің басты құжаты (Мектеп жарғысы) 3. Жеті жоқты атаңыз. (Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ ) 4-ойыншы. 1. Я.А.Коменскийдің еңбегі (Ұлы дидактика) 2. Бес арысты атаңыз (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы.) 3. Қазақтан шыққан суретші қыз (Г.Исмайлова) 5-ойыншы 1. Білім беру жүйесі немен анықталады? (сапа,дағды,нәтиже) 2. Жеті ғаламды атаңыз. (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер –ортаңғы ғаламы, жер- асты төменгі ғалам.) 3. Тарихтың атасы (Геродот) 6-ойыншы 1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир - Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат –Майра.) 2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды (тобылғы) 3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген? (Үркер) 7-ойыншы Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәріненде сол жетім.) 2.Үш бәйтеректі атаңыз (Сакен, Ілияс, Бейімбет) 3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз (Төле би) 8-ойыншы 1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қоха Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамағалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.) 2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон инсулин 3.Елбасымыздың мамандығы инженер-металлург Бастауыш жанкүйерлері өз әріптестерін көтермелеп көмек ретінде өнер көрсетеді. Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай) 1.Жүргізуші: Мақал-мәтел – сөз мәйегі, тілегі, Әр сындарда асыл сөздің тірегі Қарапайым қазақ тілі - өз тілім Өз тілімде бұлқынады жүрегім. Мақалды аяқтау . 1.Найзасыз ер болмайды 6.Өз білмегеңінді кісіден сұра (Таңбасыз ел болмайды) (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра) 2.Екпей егін шықпас 7.Ақыл жас ұланнан (Үйренбей білім жұқпас») (Жүйрік тай құнаннан) 3.Қына тасқа бітеді 8.Оқу білім бұлағы (Білім басқа бітеді) (Білім өмір шырағы) 4.Ақыл азбайды 9.Ұқыптының тоңы тозбас (Білім тозбайды) (Ұқыпсыздың ісі оңбас) 5.Оқусыз білім жоқ 10. Білекті бірді жығады (Білімсіз күнің жоқ) (Білімді мыңды жығады) Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер Өнер болса қолыңда Өнершінің ырысы Жарқырап жатар жолында. Төртінші кезең . Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) 1. Жүргізуші: - Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады. Бесінші кезең 1.Жүргізуші:– «Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ),5 ұпай) Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір- бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады. Жүргізуші: Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын мен еңбек үстінде баланың дарындылығы, белсенділігі байқалады. Сондықтан олар тәрбиенің ең әсерлі құралына жатады. Осындай алуан түрлі құралдарды тиімді пайдалану үшін асқан дарын мен шеберлік керек. Жүргізуші: Қане,ұстаздар,пікірлесіп қарайық, Қилы-қилы ойды ортаға салайық. Сан-салалы асыл ойлар тоғысып, Толғандырған жайды шешіп алайық! Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап, Шағылыссын найзағайдай шартылдап. Бойда қайрат,алда арман шақырған, Қолдап әсем жалын атқан жастық шақ! – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. 1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз? 2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз.Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды,не істейсіз? 3.Сізді бір жоғары кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды. Сіздің әрекетіңіз? 4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді. Апай: -Не болды? Неге қайтардың? Самат: -Ол жыртық. Сіздің пікіріңіз... 5.Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды.Сіз, әрине,мықтап сөктіңіз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды. Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді. “Ата,мынау менің апайым,бүгін маған ұрысты,”-деп есіктен кірер-кірместен айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз? 6.Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп,сабақ өткізбейді. Не істеу керек? 7. Ата-ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды,үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселе туындап жүр. Ескертулерге қыз: -Сендер мені жақсы көрмейсіңдер,үйден кетемін,-дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата-анаға берер кеңесіңіз? 8.Сіздің класыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп,шығарып жіберді. Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз... Ән: Куаныш пен Зарина Алтыншы кезең – Сергіту сәті. (5 ұпай) Ұстаздар отырған көрермен қауыммен ойын ойнау арқылы сергіту сәтін өткізеді. Ұстаздың белсенділігі, шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басты назарға алынады. Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз. 1-Жүргізуші, Жасулан: Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар, Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар. Көрерменің көбейсін күннен – күнге, Келе берсін қонақтар ғарыштан да. 2- Жүргізуші, Зарина: Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар, Басады кейде онсыз да қиын жалын бар. Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда, Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз. 1- Жүргізуші, Жасулан: Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз. 2- Жүргізуші, Зарина: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар! Жас мамандарға сөз: (Жас мамандардың ән ұраны.) | |
Просмотров: 15653 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|