Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ/үйірме оқушыларымен өткізілген сабақ/
ШҚО Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылы
Сасан би атындағы орта мектеп КММ

Назарбекова Айзат Серікқажықызы
информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Internet желісі.
Сабақтың мақсаты:
1. Жаңа тақырыпты меңгереді, интернет туралы түсініктерін кеңейтеді.
2. Сабақта пайдаланатын әр түрлі ойындар арқылы оқушының ойы дамиды, өзгенің пікірін бағалайды.
3. Сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын түріндегі жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ кезең.
Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақтағы кілт сөз арқылы жаңа тақырыпты баяндау.
1. Ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігі
2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттарды шығаруға арналған құрылғы
3. ... – қоршаған ортамен ондағы болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер
4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттардың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы.
5. Компьютерлік ... дегеніміз - әдетте шағын өлшемді «көбею» және басқа программаларды «зақымдау» қабілеті бар арнайы компьютерлік программа.
6. Қатты дискінің басқаша аталуы.
7. Бір уақыттың өзінде видео, анимация, дауыс, графика және мәтінді қолдануғы мүмкіндік беруші компьютер технологиясы.
8. Есептеуіш техникасы арқылы ақпараттарды жарату, сақтау, қайта өңдеу және ұзату тәсілдерін үйретуші техник пән.
IІІ кезең. «Білген сайын келеді, біле бергім» кезеңі. /«Бағыттап оқыту» стратегиясы./
• «Интернет» сөзіне ассоциация құру. Бұдан соң мәтін таратылады. Мәтінді оқу арқылы ассоциациялық картаны толықтырады.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі(қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін АҚШ қорғаныс министрлігі арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPANET желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPANET бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Internet – сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational /халықаралық/ NET/желі/ work/жұмыс/), яғни халықаралық желімн жұмыс жасау. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мұмкіндіктер ұсынады. Internet мүмкіндіктері төмендегідей:
 Web беттерінен және ftp серверлерінен керекті мәліметтерді іздеу;
 Электрон почта, жаңалықтар тақтасы, чат-серверлер, ICQ, mailagent және аудио-видеоконференциялар сияқты байланыс құралдарынан пайдалану;
 Жұмыс іздеу, қызмет ұсыну және т.б.

• Интернетке қосылу үшін не керек?
 Компьютер
 Модем
 Телефон жүйесі
 Бағдарламалық қамтылу
 Провайдер

Модем - компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-Up модемдер (56 кбит/сек дейін), DSL модемдер (128 кбит/сек дейін) және кабельдік жолдарға арналған модемдер (30 мың кбит/сек дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға интернет қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы фирмалар да, ірі телефон компаниялар да қызмет істей алады. /Біз ҚазақТелеком компаниясынан аламыз/.
Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау.
Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows операцион системасының құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Сондай-ақ, қазіргі кезде Opera, MozillaFireFox, GoogleGrome, Амиго, т.б. браузерлер халыққа қызмет етеді. Веб-беттер мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық және видео түріндегі мәліметтерді көруге мүмкіндік береді.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web - тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.
Мысалы http://www.daryn.kz/ /республикалық дарынды оқушыларға арналған сайт/ - бұл URLболады.
Мұндағы, URL (Universal Resource Locator) -ресурстардың әмбебап адресi; HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) – гипермәтіндi мәлiметтердi алмасу протоколы; www (World Wide Web) – бүкіләлемдік тор, әдетте веб деп аталады, интернет жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады; Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы; daryn - сайт атауы; kz (домен) –географик орналасуы.
Сонымен қатар жоғары дәрежедегі доментердің кейбір атауларын төмендегі кестеден көруге болады.
Ұйымдық тиістілігі бой. Мекеме түрі Географик Аймақтық белгісі бойынша
com Коммерциялық ca Канада
edu Білім беру мекемесі de Германия
gov Үкіметтік jp Япония
int Халықаралық ru Россия
mil Әскери kz Қазақстан
net Компьютерлік желі uz Узбекистан
org Коммерциялық емес us США
Төмендегі кестеде кейбір пайдалы интернет сайттары көрсетілген.

daryn.kz Қазақстан Республикасы “Дарынды балалар” бірлестігінің ресми сайты
edu.gov.kz Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
akorda.kz Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің ресми сайты
google.kz Google ақпараттық – іздеу порталының сайты
khabar.kz Қазақстан Республикасы «Хабар» телеарнасының ресми сайты
kcell.kz Қазақстан Республикасының “Kcell” қалта телефон байланысының ресми сайты
mail.ru Ресей Федерациясының тегін электрон пошта қызметі
rambler.ru Ресей Федерациясының Rambler ақпараттық-іздеу порталының сайты
bankreferatov.ru Студенттер және оқушыларғы арналған дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының Ресей Федерациясына тиісті қор көзі
kazref.kz Студенттер және оқушыларғы арналған қазақша дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының қор көзі

ІV кезең. «Білім шыңы» ойыны. Бұл ойында біз берілген сұрақтарға жауап бере отырып аю мен қолтырауынға «білім шыңы»на шығуына көмектесеміз. Ойындағы сұрақтарды таңдаумен бірге, оқушылар өздеріне берілетін үлестірмелі қағаз нөмірін таңдайды. Сол нөмірдегі үлестірмелі қағазды алып, тапсырманы орындайды. Сұрақтар деңгей бойынша берілген. Алдымен сабаққа нашар қатысып отырған оқушылар шығады. Соңынан белсенді оқушылар өз деңгейлеріндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Глобал компьютер желісін атаңыз.
2. Internet сөзінің мағынасын айтыңыз.
3. Веб-беттерін көру бағдарламасы.
4. Интернетке қосылу үшін не қажет?
5. Модем қандай құрылғы?
6. Модемнің қандай түрлері бар?
7. Провайдер дегеніміз не?
8. Dial-Up модем мен DSL модем айырмашылығын айтыңыз.
9. www –ға түсініктеме беріңіз.
10. HTTP –ға түсініктеме беріңіз.
11. URL –ға түсініктеме беріңіз.
12. Домендерге түсініктеме беріңіз.
V кезең. «Эссе». «Ғаламторға тәуелділік», «Ғаламтор және жастар»
VI кезең. Рефлексия. Сабақ ұнады – нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Сабақ ұнаған жоқ – не себептен?
Үй тапсырмасы: шығармашылық тапсырма -- Интернеттен пайдалану арқылы глобал компьютер желісі жайлы мәліметтер тауып оқып келу.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Aiz (2014-04-15) | Автор: Назарбекова Айзат Серікқажықызы E
Просмотров: 1641 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 8:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru