Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Акмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабайқызы Мақала "Тіл тағдыры ел тағдыры «Тіл тағдыры – ел тағдыры» Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы біраз уақыт өтті. Дегенмен өз тілімізде сөйлей алмайтын қазақтар жетерлік. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,» – дегендей, өз қазақ тілімізде таза сөйлеп, құрметтей білсек, өзіміздің жоғары мәдениеттілігімізді көрсете алсақ, сонымен қатар салт-дәстүрімізді ұмытпай сақтай білсек, басқа ұлт та қазақ тіліне құрметпен қарап, біздің тілімізді үйренетін еді. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Елбасы қаншама мүмкіндік жасағанымен сол мүмкіндікті қолдана алмай отырғанымыз өкінішті ақ. Ең алдымен өз қазақтарымыз қазақша таза, мәдениетті сөйлеуге үйренуіміз керек. Егер де Қазақстандағы әрбір қазақ өз тілімізде көбірек кітап оқып, дұрыс сөйлеуге үйренсек, басқалары да бізге қарап үйренеді деп ойлаймын. Бұл әрбір адамның өзіне байланысты. Әрбір қазақтың борышы өз Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеу, сыйлау керекпіз. Ең әуелі ата-аналар үйде өз балаларымен таза қазақ тілінде сөйлесу керек, одан кейін қызметтегі адамдар бір-бірімен қазақша сөйлессе, қоғамдық жерлерде тым болмаса қазақтар бір-бірімізбен қазақша сөйлессек баяғыда қазақ тілінде таза сөйлейтін едік. Екі қазақ қосылып, орысша тілі келмесе де, орыс тілінде сөйлесіп тұратынын жиі байқаймыз. Мұнысы сонда мақтанғаны ма? Қазақ тілін менсінбегені ме? түсініксіз жағдай. Мүмкін әдетке айналып кеткен шығар. «Тіл тағдыры –ел тағдыры» деп тегін айтпаған, қазақ тілін дамыту бізге байланысты. Бұл үлкен мәселе. Осы мәселені шешу Қазақстанның әрбір азаматына байланысты. Мысалы, сіз осы мәселеге қатысты не жасадыңыз? Қандай үлес қостыңыз? Не істер едіңіз? Әрқайсымыз қайда жүрсек те осыған байланысты қолымыздан не келетінін ойластырғанымыз жөн. Тым болмағанда өзіңіз қазақ тілін жетік білесіз бе? Жоқ па? Жаңалық тыңдайсыз ба? Газет, кітап оқисыз ба? Бір сәт ойланғанымыз жөн болар. Қазақ тілі өте бай тіл, мемлекеттік тіл, ана тіліміз, сол себепті, үйде, далада, қызметте, барлық жерде алдымен қазақша сөйлесуіміз керек. Барлық құжаттар, бағдарламалар, фильмдер тек қана қазақ тілінде жүргізілсе, қазақ тілін әлдеқайда тез үйренетін еді. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Өз тілімізді білмеу – қараңғылық. Ендеше өзіміздің ана тілімізді ұмытпайық! Ана тілімізді құрметтей білейік ағайын! Абишева Г.Б., Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі | |
Просмотров: 1926 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|