Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Шет тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану тиімділігі туралы баяндама
Шет тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану тиімділігі.
Оқу процесін жеделдетумен байланысты шет тілдерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұл дегеніміз жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда, әртүрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталату, мәтінді жаттату және басқада жұмыс түрлері окушыны жалықтырып жібереді. Сондықтанда шет тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтеді, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқушы алғашқы кезде тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін. Ал күрделенген сайын оқушы әртүрлі қиыншылыққа кездеседі. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. [Игры на англ. языке. М.1965] Ойын түрін мақсатты пайдаланған жағдайда ғана оқушының тілге деген қызығушылығы артады. Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлерін танымдық мақсатта көздей отырып, ойындар оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада болады. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым болып келеді. Мұғалім бір сөзді тақтаға әдейі қате жазады: SEOR оқушылар сөзді дұрыс жазады ROSE. Ал 5-7 сынып оқушылары ағылшын тілін меңгеруде заттың түсіне қызығушылық танытады. Осыған байланысты ойын түрлерін ұйымдастыруға болады. 9-11 сыныптар арасында ойын түрлері творчестволық мәнде, мақсатта жүргізіледі. Бір сабақ бойы оқушының ынтасының төмендеуіне мынадай себептер болуы мүмкін. Сабақты бір сарынды жүргізу, жазба жұмыстарының көп пайдаланылуы, сабақты созып жіберу баланың ынтасын, қызығушылығын төмендетеді. Осыдан келіп біз ойын элементтері арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артатындығын байқаймыз. Ойын барысында оқушының жеке қабілетімен іскерлігі көрінеді және оқушының ұжымдық іздену дағдысын қалыптастырады. Мұғалім әр түрлі тақырыптың ерекшелігіне қарай ойынды дұрыс таңдауы қажет және оқушының жас ерекшелігіде ескерілуі керек. Оқушы ойын үстінде өзінің белсенділігі, қатысуына қарай әр түрлі баға алуы мүмкін немесе ойынның әр кезеңіне байланысты оқушының еңбегі бағаланады.

1. Оқушылар алфавитті дұрыс меңгеру үшін, барлық әріптер жазылған кесте жасалады. Оқушылар бұл ойын барысында осы кесте арқылы адамдардың аттарын ағылшын тілінде айтып үйреніп, және әліпби тәртібі ретімен қойып үйренеді. [Happy English 1992] Осы ойын нәтижесінде 5 сыныпта Әліпбимен танысқан оқушылар, әліпби тәртібімен оқушы атын жаза білуді үйренді. Оқушының ойлау қабілетін дамытты.
A game: "Do you know an alphabet? "

2. Оқушылар суретке қарай отырып, екі немесе үш түстің өзара қосындысынан қандай түс шығатындығын кестеге жазуы керек. Бұл ойынның мақсаты: осы ойын арқылы олар түстерді өзара қосқан кезде қандай түс беретіндігін және түстердің аттарын ағылшын тілінде білетін болады. [Happy English 1992] 5 сыныпта «what colour is the bag» деген сұраққа оқушылар екі үш түстің қосындысы қандай түс беретінін айтып, кестедегі сөздерді тез сәйкестендірді. Бұл ойын оқушылардың сөздік қорының молаюына көп септігін тигізді.
A game: "Find the colours"

A B
1) black and white a) green
2) yellow and red b) orange
3) blue and yellow and red c) brown
4) blue and yellow d) grey
5) blue and red e) purple

1. d ; 2. b ; 3.c ; 4. a ; 5. e
3. Тақтаға аңдардың суреттері салынған плакат ілінеді. Бұл ойында тақтаға шыққан оқушы қате жазылған аңның атын дұрыс жазуы керек. Келесі оқушы осы тәртіп бойынша жалғастырады. Ойынның мақсаты: оқушылар аңдардың аттарын дұрыс жазып ғана қоймай, жаттапта үйренеді. [Ин.языки в шк. 1985] Бұл ойында 6 сыныпты екі топқа бөлу арқылы сабақты жарыс түрінде үйретуге тырыстым. Әр топ өз мүшесінің жанкүйері бола білді. Екі топтан Бисенбаева К, Кеңес А, Алдасүгірова Л сынды оқушылар суырылып алға шықты. Ойынның нәтижесінде оқушылар дұрыс жазуға және ой-өрісін дамытуға машықтанды.
A game: "Zoopark"

wco

ertig

seumo

god

4. Оқушыларға жеке-жеке суреттер салынған карточкалар таратылады. Карточкада тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін. Осы карточкадағы үлгіге қарай отырып, оқушы ағылшын тілінде сөйлем жасап және сұрақ қойып үйренеді. [Ин.языки в шк. 1991] This is a …. құрылымын 5 сыныпта карточкідегі үлгіге қарап отырып өткіздім. Оқушылар бос орындарға үлгіге қарап, өз мысалдарын интерактивті тақтаға жазды. Тұрдалиев А, Амандықов Р, Алдаризаев Д сынды оқушылар үлгідегі суреттерден бөлек сөздер жазуға тырысты. Бұл ойында оқушылардың сөйлеу қабілеті дамыды және сұрақтар қоюға үйренді.
A game: "to learn grammatical structure".


This is a rabbit.

This is a telephone.

This is a bus.

This is a house.

5. Қажетті екі сөз тақтаға жазылып қойылады: table, window. Бұл ойынның мақсаты: әр команданың жетекшісі әр әріптің астына сөздер жазады немесе команда мүшелері көмектесуіне болады. [Сборник англ. яз. 2000] Қайталау сабағында 7 сынып оқушыларын екі командыға бөліп, бұл ойынды жарыс түрінде өткіздім. Сөздерді І командаға қарағанда , ІІ команда тезірек және қатесіз жазып шықты . Бұл ойын оқушыны шапшаңдыққа және сөздік қорын молайтуға көп көмек тигізді.

Мысалы:
A game: "to write correctly"
I команда: II команда:
T A B L E W I N D O W
TV apple book leaf eye weather in not dog oats whisper
6. Бұл ойында оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ қазақ тілінде немесе ағылшын тілінде мақал айтса, келесі топ мағынасы тең келетін мақалды қазақша айтылса ағылшынша, ағылшынша айтылса қазақша мағынасын беруі керек. Ойынның мақсаты: оқушының өзіне таныс ана тілі арқылы ағылшын тілінде сөздік қорын байыту және мақал-мәтелдердің әр тілде қолдану ерекшеліктерін арттыру. [Қаз. мектеп 2004] [Мақал-мәтелдер жинағы] Қорытынды сабақ кезінде, бұл ойын 8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қазақша мақал айтуда Жолымбетова, Жакенов, Жолдас сынды оқушылар өз парталастарының арасында озық болды. Осы ойын арқылы оқушылардың ой-өрісі дамыды және шығармашылық ізденіске жетеледі.
A game: "to remember proverbs".
1. East or west home is best a) Жылтырағанның бәрі алтын емес
2. All that glitters is not gold b) Өз үйім, кең сарайым боз үйім
3. Better late than never с) Жаман хабар тез тарайды
4. Bad news fails fast d) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
5. When in Rome do as the Romans do е) Ештен кеш жақсы

7. Бұл ойын арқылы оқушылар "а" әрпінің төрт буында қолданылуын үйренеді.
. [Happy English 1992] 5 сыныпта [а] әрпінің төрт буында қалай оқылатынын, осы ойын арқылы жүзеге асырдым. Суреттегі сөздердің орында мысал ретінде басқа да сөздер алынды. Мысалы: table , bag , bar, share. Бұл ойын оқушыларды сөйлеуге және оқуға үйретті.
A game: "Key"

8. Ойынның мақсаты: оқушыларға тұрақты тіркестердің 2 тілде қолданылуын және мағынасын үйрету. [Ин.языки в шк. 1991] 9 сыныпта тұрақты тіркеске байланысты сабақ өткізген кезде, сыныпты екі топқа бөлдім. І топ ағылшынша айтса, ІІ топ тұрақты тіркестің орысша немесе қазақша баламасын айтып отырды. Қорытындысында оқушылар үш тілді игеріп, өз ойын жеткізуге үйренді.
A game: "Phraseological Combinations"
Ағылшын тілінде Орыс тілінде
1. The apple of someone`s eye
Зеница ока
2. To be meat and drink to somebody
Хлебом не корми
3. A cat-and-dog life
Живут как кошка с собакой
4. Down in the mouth
Как в воду опущенный
5. To enter one`s head
Приходить на ум
6. For a rainy day
На черный день

9. Бұл ойынның мақсаты мынадай: оқушылар берілген кестедегі үлгіні ала отырып, өздері туралы жалпы мәліметті ағылшын тілінде айтып үйренетін болады. [Happy English 1992] Бұл кестені 5 сынып оқушылары арасында қолдандым. Бұл кесте оқушыларды ағылшынша сөйлеуге және ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізді.
A game: "What is your name? "

Ойын әдістерін пайдаланып өткізген әр сабағымнан кейін түйгенім: оқушы сабақ үстінде белгілі бір мөлшерде қажетті білім мен іскерлікті үйренеді. Ойын әдістерін қолдану кезінде оқушылар біліммен қоса тәрбие мен мәдениет өнегесіненде сусындайтыны сөзсіз. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабағы. Сапалы оқыту мен өздігінен ізденуге үйрету оқушыларды егеменді еліміздің парасатты азаматы етіп шығаратыны даусыз. Осы мәселелерді ескере отырып, шығармашылық ойлауы табысты дамыған белсенді интелектуалдық ізденісі бар, ой еңбегі дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру басты міндетіміз. Ұстаз қызметінің басты мақсаты – өз пәніне үйретуші ғана емес, ол адамды яғни жеке тұлғаны қалыптастырушы екенін ұмытпағанымыз абзал. Қорыта келгенде, Елбасы жолдауына сәйкес біздің болашағымыз балалар сондықтан, заманның талабына сай «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асырудың үлкен маңызы бар. Себебі: оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыруымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Иностранные языки в школе, 1991 год №2
2. Happy English, 1992 year
3. Иностранные языки в школе, 1989 год №1
4. Сборник английского языка, 2000 год
5.Қазақстан мектебі, 2004 жыл №3
6. Қазақстан мектебі, 2006 жыл №12
7. Мақал-мәтелдер жинағы
8. [Игры на англиском языке. М.,1965]
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Sawa (2014-05-17) | Автор: Ермекбаева Сарагул E
Просмотров: 2222 | Рейтинг: 2.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2025-01-21, 3:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru