Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Мұғалімнің ішкі уәжі, оның белсенділігіне әсері.
[size=10] «Ішкі уәж - белгілі бір жұмысты соған қызыққандықтан, оның субьектілік құндылықтарын сезгендіктен жасау. Адам өзінің ішкі уәжінің үнімен жасаған әрекетінен тыныштық, қанағат және жан рақатын табады, уақыт қалай өткені байқалмайды, артық нәрсе жоғалып, тек жұмыс қалады – ағынмен жүзгендей сезім пайда болады».(Михай Чиксенмихай)
Уәж бұл - тұғаның бағытын айқындайтын, белсенділікті тудыратын түрткілер. Адамның әрекеті әрқашанда уәжге негізделген. Ішкі уәж сыртқы талап пен қолдаусыз-ақ әрекетке еркін қатынас деп есептеледі. Уәж еліктеуге негізделмейді, оның қуаты ағзамыздың табиғатынан шығады деп болжанады. «Ішкі уәж белсенді, зерттеушілік, ізденіс үстіндегі міндеттерге негізделеді, олар өз кезегінде жүйелі құрылымның дамуында шешуші ролге ие».
Зерттеуші В.И. Чирков (1996) өзінің көптеген зерттеулерін негізге ала отырып, ішкі және сыртқы уәждің ерекшеліктерін салыстырған. Нәтижесінде, ішкі уәжде сыртқы уәжге қарағанда, жұмысты орындауға деген мүдде тұрақты және ұзағырақ болады екен, адамдар өздеріне қиын мақсаттар таңдайды, дәстүрлі емес тәсілдерді қажет ететін шығармашылық жұмыстарды жақсы орындайды. Ішкі уәжі жоғары адамдардың әрекеттері жоғары кретивтілікпен сипатталып, қанағат және қуаныш сезімдерімен сүйемелденеді.
«Ішкі уәж - белгілі бір жұмысты соған қазыққандықтан, оның субьектілік құндылықтарын сезгендіктен жасау. Адам өзінің ішкі уәжінің үнімен жасаған әрекетінен тыныштық, қанағат және жан рақатын табады, уақыт қалай өткені байқалмайды, артық нәрсе жоғалып, тек жұмыс қалады – ағынмен жүзгендей сезім пайда болады».(Михай Чиксенмихай)
М.Чиксенмихай ең көп тараған «ағысты сезінулерді» ерекшелеп атап көрсеткен :
• Іс- әрекетке толық қосылу (сана және физикалық тұрғыда);
• Зейіннің, ойдың, сезімнің іс – әрекетке бағытталып, санадан бөтен ойлардың ығысуы;
• Белгілі бір уақытта не істеу керектігін анық түсіну, іс – әрекеттің мақсатын білуі, әрекетке жетелейтін талаптарға мойынсыну;
• Жұмыстың қаншалықты сәтті орындалып жатқанын толық түсіну, анық және нақты кері байланыс;
• Мүмкін болған сәтсіздіктер және кемшіліктер жайлы уайымның болмауы;
• Уақыттың субьектілік тұрғыда тоқтап қалуы;
• Іске толықтай «сіңіп» кету.
Ішкі уәж қалай пайда болады?
Ішкі уәж туралы ойларды дамыта отырып, Э.Дици алғашында Р.Уайт пен Р.де Чармсон көрсеткен сезімнің екі түрін пайдаланған – өз – өзіне деген сенімділік және өзін – өзі тану. Сенімділік сезімі – өз мүмкіндіктеріне деген сенімділік, «мен білемін, мен істей аламын» деген сезім. Өзін өз кәсібінің маманы ретінде сезіну.
Өзін – өзі тану сезімі – өзін барлық іс – әрекеттердің себепшісі ретінде сезіну. Р.де Чармсонның ойынша барлық сыртқы талаптарадамның осы сезімін әлсіретеді, ал дам осы талаптарға қарсы тұруға тырысады. Егер ол адамның қолынан келсе, оның бойында қанағат, дербестік және өз – өзін әрекеттің себепшісі ретінде сезіну сезімдері пайда болады. Ал егер адам бұл талаптарды жеңіп шыға алмаса, оларға мойынсынса, өз өмірін бақылаудан жіберіп алады, келешегіне сескеніп қарап, өз – өзіне деген сенімділік жойылады және өмірін өз бетінше құрудан қорқыныш сезімдері пайда болады.
Э.Дици келесі болжамды алып, кейін соны дәлелдеп шықты. Адамның негізгі қажеттіліктері – өз – өзіне деген сенімділік және өзін – өзі тану. Негізігі қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ішкі уәжі пайда болады. Көп ұзамай зерттеушілер оған тағы бір маңызды қажеттілікті қосу керек деп тапқан. Ол маңызды қарым – қатынасқа деген қажеттілік.
Мұғалім деңгейінің көтерілуін қандай уәждік механизмнің көмегімен жүзеге асыруға болады?
Ішкі уәж теориясы персоналды басқарудың шебер құралы болып табылады. Ішкі уәжді дамытудың 2 бағыты бар:
1) қызметкерлердің ішкі уәжін дамыту;
2) әкімшіліктің бойында қызметкерлердің ішкі уәжін арттыру дағдыларын қалыптастыру.
Қызметкерлердің ішкі уәжін дамытуға арналған келесі жаттығуларды орындатуға болады:әңгіме;талқылау;сенім атмосферасын қалыптастыру;
проблемалық тапсырмаларды шешу;рольдік ойындар;өз – өздеріне мінездеме беру;психогимнастикалық жаттығулар;каузометрия;
Б.Ю.Сербинскийдің пікірінше: «Мотивация - адамдарды әрекет етуге ынталандыру». Дегенмен, уәждің барлық анықтамалары қалай болғанда да, бір жерінде ұқсас: Уәж деп тірі жандардың тәлімін анықтайтын белсенді қозғалтқыш күштер саналады. Бір жағынан –сырттан күштелген ынталандыру, басқа жағынан - өзін-өзі ынталандыру. Адам тәлімі әркезде мотивацияланатындығын айтып кету қажет. Мұғалімдердің ішкі уәжін қалыптастыру олардың маңызды мүдделерін, бір нәрсеге деген қажеттіліктерін қозғайды.
Мен тренер ретінде курсқа келген мұғалімдердің ішкі уәжін көтеру мақсатында төмендегідей ереже құрдым.
• Адамдарды мақтауға тұрарлық іс үшін мақтау
• Сындарлы түрде сынау
• Өз тобымдағы мұғалімдердің дамуына көмектесу
• Мұғалімдерді маңызды мәселелерді шешуге тарту
• Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеу
• Адал және татулық қарым-қатынасты ұстану
Мұғалімдердің өз күші мен уақытын аямастан қызығушылықпен жұмыс істейтіндей жағдай туғызып, ішкі уәждерін қалыптастырдым.
Алғашқы аптаның үшінші күнінде«Мен кіммін?» флеш тренингі арқылы мұғалімдердің өздеріне берген бағасымен таныстым. Нәтижесінде Өзіндік «Мен» тұжырымдамасын жүргізу барысында Маслоудың «қажеттілік» иерархиясын, Выготскийдің «жақын арадағы даму аймағын» негізге алу арқылы оқытудағы «Мен» көзқарастарын анықтадым..
Мен кіммін?
Мен неге қатыстымын?
Менің сәйкестігім қандай?
«Өзіңе сен» кредосын пайдалана отырып, оларға «менің қолымнан келеді, мен білемін, менің білуге мүмкіншілігім бар, мен барлығына дайынмын» деген сенімділік сөздерін айтқызып, мұғалімдердің ішкі даусын дамыту, яғни ішкі уәжі арқылы өзінің қандай екенін, неден қиналатын екенін және өзіне-өзін сендіру жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыста курс басында үнсіз, топқа араласпайтын Р атты мұғалім өзінің сенімділігін жай қарпайым дауыспен айтты,ал Л атты мұғалім барлық сенімділіктің күші өзінде екенін дәлелдеп дауысының жарқын шыққанын байқадым.
Келесі жұмысымды мотивация туралы «Менің атым-Қожа» фильмінен көріністер көрсеттім.
А) Қыздар айнаға қараған сайын өздеріне әдемі боп көрінеді, ал менің түрім болса - мынау. Ең болмаса, атымды да дұрыстап қоя алмапты...
Сұрақтар:
Қожаның ішкі уәжіне не кері әсер етеді? Неліктен?
Қосымша мәлімет: Қайқауыстың «Кабуснама» кітабының «Перзент тәрбиелеу» тарауында «..ата-ана өз баласының болашағы үшін екі нәрсе жасауы керек делінген. Біріншісі, жақсы ниетте Адам болуын тілеп, есім қою. Екіншісі, жас баласын жоғары мәдениетті адамнан үлгі-өнеге алуға беру».
Бұдан шығатын қорытынды: адамның есімі де оның ішкі уәжіне әсер етуі мүмкін.
Ә) Жабық кеңесті ашық деп жариялаймын. Бүгінгі қаралатын мәселе -Қожаның тәртібі...көрінісі
Сұрақтар:
 Қожаның өзгеруіне түрткі болған сыртқы ма, әлде ішкі уәж бе?
 Оның мінез -құлқы қандай? Қандай оқушы?
 Кері әсерін тигізген кімдер еді?
Б) Супермотивация бейнекөрінісі. Шетел киносынан үзінді.
Әр топ берілген сюжетке қатысты 2-3 сөйлем айтады. Қазақ киносы мен шет ел туындысындағы бала тәрбиесі, уәжге ықпал ету көрінісіндегі айырмашылықтарды табады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде «Жақсы мұғалім» бейнесін салу сәтті болды. Оны әр түрлі формада, түрлі бейнеде көрсетті. Бұл тапсырма арқылы кейбір мұғалімдердің шеберлігі мен шығармашылықтары байқалды. «Табысты мұғалім дегеніміз кім?» атты постер дайындауда мұғалімдер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Мұғалімді еркін әрі тиянақты ісімен танылу керек деп сомдады. Қорғау кезінде алдымен тәрбие берілу керек, сондай ақ, психологиялық жағдай мен баланы қоршаған әлеуметтік орта да оның мінсіз өсуіне ықпал ететіндігін айтты.

«Мінсіздіктің қасиеттерін сұрыптау» тапсырмасында да әр топ ұйымшылдықпен қасиеттер тізбесін орналастырып, анализ жасады.
«Мен кіммін?» деген сұраққа шығармашылық арқылы өздерін тани түсуге уақыт беріліп, өзін өзі бағалауы жоғарылай түсті.
«Оқыту және уәж» презентациясы мұғалімнің сыртқы және ішкі уәжін анықтап, оған әсер ету жолын көрсету, адамның қажеттіліктерін ескеру бағытында ұтымды болды. Осы жұмыстарда мұғалімдер өздерінің жан- жақты таныстыруға талпынды. Бір-бірінің айтқан сөздерін қайталамауға тырысты. Осы кезде І топтағы М атты мұғалімнің «Менің ерекше қасиетім – адамшылдығым, ал менің ерекшелігім- ашықтығым» деді. Бұл мұғалімнің оқу басталғалы ортада араласпағаны, тұйықтығымен сөйлемей, өз-өзімен отырғанын болатын. Осылайша бұл мұғалім топқа өзінің ерекше қасиеті бар екенін айтты. Кейін сұрай келе мұғалімнің отбасындағы қиындықтарға байланысты үнсіз жүргенін білдік. Кейін жұмыстар жүргізе келе мұғалімнің ашылғанын байқадым.
Бейнероликтер мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, қызу пікірлесуге, өзара талқылауға ықпал етті. Осы көріністер ішкі, сыртқы уәж, оны дамыту, шетелдік көзқарасты анықтап, бүгінгі негізгі ойдың түйінін келтіруге таптырмас құрал болды.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбына тоқталғанда мұғалімдердің өздерінде осындай қасиеттер бар екенінін білу және өздері туралы не айта алды деген мақсатпен «Жарнама» өткіздім. Тыңдаушылар өздері туралы жарнама жасады. Жарнамадан байқағаным мұғалімдердің белсенділігінің жоғары болуы. Гүлім атты тыңдаушы өзінің есімінің бас әріптерімен жарнамалады. Г-гүлдей нәзік, Ү- үлгілі ұстаз, Л- лайықты жар, І- ізетті келін, М- мейірімді ана деп жазды, ал кейбір тыңдаушылар жай сөздерімен шектелді.
«Өз жартыңды тап» әдісін пайдалана отырып тыңдаушылар өзіне жақын тартатын адамын таңдап, неге сол кісіні таңдағаны туралы, бір-бірі туралы ойларын айтты. Осы жұмыс арқылы мен тыңдаушылардың сыртқы ойды қалай қабылдай алатындығын, өзгенің ойын яғни сыртқы уәжді қалай қабылдай алатындығын байқадым
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету тақырыбында әдістерді қолдану мақсатында өткенде мұғалімдерден «Ассоциация» құруын өтіндім. Топта мұғалімдер қарама-қарсы отырған мұғалімге сай ассоциация құрды. Ассоцияны құрғаннан соң оны талқылайды. Өзіне сай емес сөздерді белгілеп, тағы қосымша сөздермен толықтырды.Бұл тапсырма топ мүшелерін өзара таныстыру мақсатында жүргізілді. Осындай жұмыс арқылы ішкі уәжін дамытып, белсенділігі арқылы шығармашылыққа бейімдедім.
«Ассоциация» құру сәтті шықты. Бір -бірімен, қай ауданнан келгендігі, оның ерекшелігі жайында айтылып, оларды түрлі бейнеледі. Сыни ойлау, өзіндік қабілет байқалды.
Алдыңғы тақырыпты басқа топта, бірақ басқа әдіспен қолдануды жөн көрдім. «Мекенім» әдісінде тыңдаушылар өз аттарын келген ауданы, мектебіне қатысты белгі арқылы картаға жапсырып, себебін таныстырды. (Мысалы: «Айгүл - тары» Ойыл ауданына жапсыру, «Майра-көгілдір отын» Мұғалжар ауданына т.с.с. Өздерінің мекендерін айту, мадақту кезінде өзінінің өскен жері мен мектебі туралы мадақтау, уәжінің биіктігін және өз мекеніне деген сүйіспеншілікпен айтқанын байқадым.
«Шеңберге орналастыр» әдісінде курс тыңдаушыларына үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішінде қиылған түрлі-түсті қағаздар мен дөңгелектің ширек бөлігі таратылып беріледі 4 топтың жұмысын біріктіріп, дөңгелек тақтаға жапсырылады. Интерпретация жасалады.

мақсат қойғыш және оған жете алатын адамдар;
жауапкершілігі мол, еңбекқор адамдар;
қарым-қатынасқа ашық адамдар.
Фигуралардағы сөйлемдерді оқып шығып, ортақ мақсат шығарылады.
Бұл тұста кез келген түс, кескін таңдауда және салуда мән бар екенін ескеру қажеттілігі ұғындырылды. Бұл келешекте топтық жұмыс кезінде оларға көмек болады. Топтық жұмыстардың бірі болғанымен қызығушылықпен, ұйымшылдықпен орындалды. Бірлескен жұмыс кезінде оқушыға әсер ететін оң факторлар мен теріс ықпалдар ажыратылып, толықтырыла түсті. Жұмыс барысында белсенділіктері оянды, талқылады.
Яғни байқағанымыздай ішкі уәж бен белсенділіктің қатысы бар. Ал кейбір мұғалімдер ішкі уәжін дамыта отырса да белсенділігін көп көрсете қоймайды. Олардың ішкі уәжі керсінше «сен істей аласың, бірақ оны көрсетудің қажеті жоқ» деген түсінік беретіндей. Әрбір мұғалім белсенді бола білу керек, ал белсенділігін шындайтын ішкі уәжі немесе ішкі даусы болу ке рек.

Екінші айда мұғалімдер мектепке «менің қолымнан келеді» деген өзіндік сенімділікпен кетуі тиіс. Ол үшін әр адам ішкі уәжі мен белсенділігін бірдей дамыту керек. Белсенділігін дамытуға тренерлердің де әсері көп екені мәлім. Түрлі жаттығу, роликтер, тренингтер, әдістерді қолдану арқылы мұғалімдердің өзіне деген сенімділігі, ішкі уәжі айтарлықтай дамығанын, бір мұғалімнің жазған есебінен байқадым.
Мұғалімдердің ішкі уәжінің белсенділігіне әсерін білу үшін зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадым.
1. мұғалімдердің ішкі уәжін дамытуға болатындығы
2. Ішкі уәждің адамға әсерлері (психосоматикалық себептер, терең эмоциялар, депревивті жағдайларда); өзін-өзі реттеуі.
- еркін сөйлеуге;
- өзін-өзі бағалауға;
- өз ісіне жауап бере алатындығына;
- ойын ашық жеткізуге.
3. мұғалімдермен оқу барысында үнемі ішкі уәжді дамытуға арналған жаттығулар мен тренингтер, анкеталар мен ойын әдістерін қолдануға болатындығы
4. Ішкі уәжі дамыған мұғалімдер тобының басқа топпен салыстырғанда айырмашылығы айқын көрінетіндігі
5. Зерттеу нәтижелерінде мұғалімдердің ішкі уәжі мен қоса белсенділіктің артқаны айқын байқалатындығы
6. ішкі уәж бен белсенділіктің арасындағы байланыс анықталды.
Осы анықталған зерттеулерді қолдану немесе қолдануға болатындығын көрсету үшін тренинг элементтері қолданылған жұмыстар жүргізілді Өткізілген іс-шаралардың нәтижесін қатысушылармен талдау барысында мұғалімдер өздерінің ішкі уәжіне деген сенімділіг жоғары болып, белсенділігінің артқанын байқады. Сондықтан жүргізілген зерттеу нәтижелі болды деп айтуға болады.
Сондай-ақ зерттеу жұмыс барысында кедергілерде кездесті.
Яғни осындай зерттеулерді жүргізе отырып кез-келген мұғалімнің ішкі уәжі арқылы белсенділікті арттыруға болатындығын және сонымен қоса ішкі уәжбен белсенділігі дамыған мұғалімдердің ары қарай шығармашылыққа, жаңашылдыққа дамытуға болатындығын байқадым.
Болашақта осы зерттеу нәтижесін жетілдіргенде мұғалім бойынан төмендегідей өзгерістер байқауға болады:
• Ішкі уәжінің дамуы
• Белсенділігінің артуы
• Өз-өзіне деген сенімділігі
• Өзін-өзі реттеуі
• Шығармашылығының дамуы
• Жаңашылдыққа бейім болу
Ал зерттеу нәтижесіне жету үшін тағыда жаңа әдіс-тәсілдерді кірістіргім келеді. Ол әдіс тәсілдер ішкі уәжді дамыта отырып шығармашылыққа жетелеу мақсатында болмақ. Жаңа әдіс – тәсілдерімде мұғалімдердің сыни ойлана отырып, шығармашылығын дамыту жоспарымда бар. Осы жоспарымды іске асырсам жаңа формация мұғалімін дамытамын деп ойлаймын.
«ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н. Назарбаев.
Елбасымыз айтқандай жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, дамыту үшін жауапты адамдар – мұғалімдер.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: галиюша (2014-10-02) | Автор: Сеткереева Галия Аманбердиевна E
Просмотров: 5692 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2025-01-21, 10:38 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru