Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

«Наурыз- жыл басы»
Ахметжанова Қаракөз Турсыновна
Қоянбай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Қоянбай ауылы Бесқарағай ауданы ШҚО

«Наурыз- жыл басы» /ашық тәрбие сағаты 6-сынып/
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе
Жансая: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Жаршы:
Дарын: Жігіттер мен сұлулар!
Той болады, Көктем келді,
Жаңа жылды ерте келді!
Ойын күлкі думанымен
Көптен күткен Наурыз келді?
/Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады/
Мұғалім: Балалар көктем келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан құстар ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай аталады?
/Оқушылар бірге «»Наурыз»/
Әділет:
Бұл әлемде мереке көп
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы! /хормен/
ӘН: / хормен/ «Елге сәлем»
Мұғалім: Балалар Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабамыз үшін жыл басы көктемнен бесталады.
Жаршы:
Дарын: Құлағыңды сал, халайық!
Естімедің демеңдер!
Қоянбай мектебінде Наурыз тойын бастаймыз.
Ойын – сауық қабақ бар,
Тіл үйірген тамақ бар,
Күш сынсар жігіттер
Ән салатын қыздар бар.

Қызғалдақ:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

Данагүл: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Мұғалім: Балалар 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Мәди:
Күндіз бар да түнде жоқ
Түнде бар да күндіз жоқ
Бұл екеуі болмаса
Тіршілігің мүлде жоқ.-ол не?
/Хормен Ай мен Күн/
КҮН: Перизат:
Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,
Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.
АЙ: Дамира:
Неткен ыстық күн көзі,
Неткен ғажап күн көзі.
Ағаш біткен көгерсін,
Жасыл шалғын көктесін.
Адамдарға нұр сеуіп,
Шарлайық біз көктесін,
Наурыз күні келген бақ
Қалың елдің ырысы,
Босағаңнан тепкілесе кетпесін.
Әділет:
Қос жанары аспанның,
Қос арқауы дастанның.
Домбыраның қос ішегі,
Мына тұрған Ай мен Күн.
Мұғалім:
Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан.
Қызғалдақ:
Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Данагүл:
Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан олғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.
БИ: «Жігіттер» - биі
Мұғалім:/Тал егу/
Несібе болсын көл – көсір,
Кәне, шашу шашайық.
Қалың орман өссін деп,
Жерге ағаш қадайық.
Қызғалдақ:
Кәрі қыстың зәрі сынып,
Басылғанда дауыл сәл –
Отырғызған нәлі шыбық
Сенің атың – Наурызтал.
Әнел:
Аймаласа сәуегей жел,
Жақсылыққа бәрі мысал.
Тамыр тартып, әуелей бер,
Мәуелей бер, Наурыз тал.
Дарын:
Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық.
БИ: «Үкілі Камшат»
Мұғалім:
Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркіреп, көк дүркірегенде ел ішінде «саумалық » айту дәстүрі бар.
Қызғалдақ:
Саумалық, Саумалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Саумалық, Саумалық,
Самарқанның көк тасы
Жіберді ме; көрдің бе?
Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:
Ата-ана Жанжигитова Ж.Ж.
Саумалық, Саумалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Саумалық, Саумалық,
Сүті көп, көмірі аз.
Жаңа жыл, жарылқа,
Ескі жыл, есірке -
Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.
Мұғалім: Балалар ертеде ертегі кейіпкерлері наурызда қонаққа келген екен сол сияқты бізге де ертегіден қоанқтар келе жатыр. Олар кімдер деп ойлайсындар? /Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр/
Ұлттық ойын:
Мәди:
Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары
Осы Наурыз мерекесінің құтты қонағы Қожанасыр, Алдар, Тазша қонақта.
Дарын Тазша:
Балалар, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән – жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз. Сіздерге де, «Бүркіт» деп аталатын бір қызық ойын ала келдік. Ал, кәне, болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек.
Перизат:
Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Халықтық дәстүр ойынға
Болмақшы емес орын тар.
Мұғалім: Балалар наурыз мейрамында бізге қандай қадірлі адам келуші еді?
/Бәрі Қыдыр ата/
Ендеше балалар ортамызды ашып Қыдыр атаға орын берейік. Қыдыр ата бізге ақ батасын тілесін
Наурыз бата
Әділет:
Уағалейкум ас салам!
Кеңпейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Алтын табақ аққа толсын!
Бағы жанып кәрі – жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин!
Мұғалім:
Әумин Қыдыр ата берген батаңыз қабыл болсын! Сонымен балалар, ата-аналар бүгінгі «Наурыз-жыл басы »атты кешіміз аяқталды. Келесі Наурыз мерекесінде кездескенше! Барлықтарыңызға рахмет.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Арайлым (2014-11-08) | Автор: Ахметжанова Қаракөз Турсыновна E
Просмотров: 1088 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2026-02-19, 11:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [179]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [80]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23296]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru