Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Қарапайым PAINT графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.
Ахметжанова Қаракөз Турсыновна
Қоянбай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Қоянбай ауылы Бесқарағай ауданы ШҚО

Информатика 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:
Қарапайым PAINT графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға графикалық редатормен жұмыс істеуге, соның ішінде PAINT графикалық редакторымен тереңірек таныстыру және оның құралдарымен жұмыс жасап, оны сақтауды және қайта ашуды меңгерту.
Дамытушылық:
Оқушылардың графикалық бейнелеу жұмысын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың формасы: Жеке-дара және топтық
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар,

Сабақтың өтілу барысы:
 Ұйымдастыру
 Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын тексеру. Тест жұмысы арқылы
 Жаңа сабақ бойынша мазмұндау. Дәптермен жұмыс
 Практикалық жұмыстар
 Сабақты бекіту
 Бағалау
 Үйге тапсырма

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.Балаларды екі топқа бөліп, өткен сабақты қайталау яғни үй тапсырмасын тест жұмысын алу арқылы тексеремін. Топ басшылары сайланып, тақтада ілінген критерийлер бойынша оқушыларды бағалайды.
Тест жұмысы:
1. Пернетақта ,жарық қаламы, графикалық планшет-бұл:
А.манипулятор
В. Ақпаратты шығару құрылғысы
С. Ақпаратты енгізу құрылғысы
D. Ақпаратты ұзақ сақтауға негізделген құрылғы
2. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысын ата
А. Модем
В. Сканер
С. Дигитайзер
D. Монитор
3. Дұрыс тұжырымды таңда?
А. пернетақта – енгізу және шығару құрылғысы;
В. Басу құрылғысы – кодтау құрылғысы;
С. NoteBook типті компьютер – жанқалтадағы калькулятор;
D. монитор – шығару құрылғысы
4. Компьютердің ең қажетті құрылғылар жиынтығын ата
А. басу құрылғысы, жүйелік блок және пернетақта
В. жүйелік блок, монитор және пернетақта
С. жүйелік блок, дискі құрылғысы және тышқан
D. процессор, тышқан және монитор
5. Ақпараттарды шығаруға негізделген құрылғыны көрсет:
А. монитор
В. трекбол
С. плоттер
D. сканер
6. Ақпараттарды енгізуге негізделген құрылғыны көрсет
А. монитор
В. джойстик
С. клавиатура
D. сканер
7. “Тышқан” манипуляторы — бұл қандай құрылғы:
A. модуляция және демодуляция;
B. ақпараттарды оқуға негізделген;
C. ақпараттарды ұзақ сақтауға негізделген;
D. ақпараттарды енгізуге негізделген
8. Үлкен әріптерді енгізуге негізделген пернені ата:
A. NumLock
B. CapsLock
C. Enter
D. Shift
9. Меңзердің сол жағында орналасқан символды өшіруге негізделген пернені ата:
A. Backspace
B. Delete
C. Shift
D. Ctrl
10. Сандық пернетақтаны іске қосу үшін қандай перне қолданылады:
A. NumLock
B. CapsLock
C. Enter
D. Insert
Жаңа сабақ бойынша мазмұнын оқушыларға ұсынамын. Мазмұны:
І топтың мәтіні
PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT
Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.
PAINT терезесімен таныстыру.
Сурет салу кезеңдері
• Құралды таңдап алу
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
• Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
• Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек
ІІ топтың мәтіні
PAINT графикалық редакторының құралдары
-Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.
-Линия (сызық) –түзу сызық сызу үшін керек
-Тік төртбұрыш –боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.
-Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
-Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.
-Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек.
-Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек.
-Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.
-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған
-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылады.
Редактордың командалары
Суретті қалай сақтайды?
Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.
PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін
«Файл-сохранить как» командасын орындау керек.
Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады
Сохранить как командасының терезесі
Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек. Және де салған суретімізді қайта ашу үшін Файл командасынан открыть және файлдың атын басып ашуға болады.
Оқушылар кезектесе өз мәтіндерін келесі топқа түсіндіреді. Түсінгендерін постерге түсіріп, тақтада қорғайды топ басшылары.
Практикалық жұмыстар:
1. Жұптық жұмыс. Оқушылар берілген қағазға кез келген сурет салады. Суретте тақырыпта айтылған PAINT графикалық редакторының құралдары қамтылуы тиіс.Оқушылар жұптаса отырып бір-бірін бағалайды.
2. Топтық жұмыс. Интерактивті тақтада берілген слайдтағы ұяшықтарға жасырылған сұраққа топпен ақылдаса отырып жауап береді. Жауаптарын топ басшылары бағалайды.
Сабақты бекіту. Кері байланыс арқылы сабақты бекітеміз. Оқушылар өз ойларын түйіндеп қағазға жазып тақтаға іледі. Айтылған ұсыныстары бойынша келесі сабақта жұмыс жасалады.
Бағалау. Тақтадағы критерийлер бойынша қойылған бағалардан жалпы ұпай шығарылып оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: PAINT графикалық редакторы
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Арайлым (2014-11-08) | Автор: Ахметжанова Қаракөз Турсыновна E
Просмотров: 2054 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2026-03-13, 8:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [179]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [80]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23296]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru